1.Коммуникативтік дағдыларды дамыту, 2.Әлеуметтік –эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Қазақ тілі, Сауат ашу негіздері ,Қоршаған ортамен таныстыру.
Міндеттері:Қазақ тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді түсініп және күнделікті өмірде қолдана білуне үйрету.1-2 сөйлеммен затты сипаттай білу дағдыдарын дамыту.Тақпақты жаттау.Балаларға өздері білетін халқымыздың салт-дәстүрлері туралы айтқызу. Сурет арқылы «Бесікке бөлеу», «Тұсаукесер», «Ашамайға отырғызу»рәсәмдері туралы әңгімелету арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Туған халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: 1.Мақалдардың мағынасын ашады,қазақ халқының салт –дәстүрлері туралы тапсырмаларды орындайды. 2. Салт дәстүрлердің маңызын; ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрді құрметтеуді түсінеді. 3. Салт дәстүрлеріміз туралы алған білімін өзінің жас ерекшелігіне сай күнделікті өмірде қолданады.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материолдар. Ұлттық бұйымдар (сандық,бесік,алаша, торсық, тостақт.б) табаққа салынған шашу, қуыршақ.
Сөздік жұмыс: ұрпақ,ата-баба.
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог балалармен бірге тұрып шеңбер құрады.
«Үй сыртында қолағаш» ойыны.
Педагог ойын барысында қауіпсіздік шараларына назар аударады.Балалар дөңгелене қол ұстасып тұрады.Ойын бастаушы орамалды алып, балалардың сыртын айналып жүгіріп,былай диді:
-Үй сыртында қолағаш Желбау тартам,есік аш.
Қол ұстасып тұрған балалар қолдарын ажыратпайды.Бұл –есікті ашпағаның белгісі.
Ойын бастаушы:
-Үй сыртында қолағаш
Озам десең .ала қаш, -деп, өзі таңдаған баланың арқасынан орамалмен соғып қалып, орамалды тастай сала жүгіре жөнеледі. Орамал алған бала қарама-қарсы жақпен жүгіреді.Екі баланың бұрын жеткені бос орынға келіп тұра қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Негізгі кезең:
Педагог мақалдар оқиды.
Атадан бала туар, ата жолын қуар.
Бабалар өмірі –ұрпаққа өнеге.
-Мақалдардың мағынасын қалай түсінуге болады?
Балалар педагогтің көмегімен мақалдардың мағынасын ашады:
- Ата-бабаларымыздың жақсы істерінен үлгі алып, солар сияқты еңбек ету керек.
- Келешек ұрпақ ата-бабалардың үлгі-өнегесін алып өседі, олардың ақылымен ержетеді.
Сөздік жұмыс: ұрпақ, ата-баба.
Ұрпақ – тұқым, нəсіл, келешек ұрпақ. Ата-баба – бұрынғы өткен əкелер.
- Қазақ халқында ата-бабаларымыз бала тəрбиесіне көп мəн берген. Кішкентай балалар өнегелі, тəрбиелі болып өсуі үшін, ұлттық салт-дəстүрді қалыптастырып, мұра ретінде келешек ұрпаққа қалдырып отырған. Бүгінгі оқу қызметіміз салт-дəстүрлер туралы болмақ. Салт-дəстүр дегеніміз – белгілі бір рəсім, əртүрлі жағдайларға арналған ұлттық мағынадағы елеулі кезеңдер.
Демонстрациялық материалдармен жұмыс.
Суреттерге назар аудару.
- Мына суретте жаңадан туған нəрестені бесікке бөлеп жатыр. Бұл – қазақ халқының ежелден келе жатқан «бесікке бөлеу» дəстүрі. Суреттен тағы нені байқауға болады?
- Баланы анасы бесікке бөлеп жатыр, аналар «бесік жырын» айтып тұр.
Анасы кішкентай баланы бесікке бөлеп, ұйықтату үшін, «бесік жырын» айтады.
Сендердің аналарың ұйықтатар алдында қандай бесік жырын айтады?
«Бесікке бөлеу» ойыны
Педагог алдын ала дайындаған қуыршақ пен бесікті алып шығады. Бір қызды қасына шақырады. Педагог бесікке қуыршақты жатқызып, бөлейді, тербетеді. Бесік жырын айтады:
- Əй-əй бөпем, əй бөпем, Əн айтайын бал бөпем.
Əн тыңдағың келсе егер, Жəне айтайын, жан көкем.
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бəйгеден
Озып келер тай ма екен?
Балалар өздері білетін «Бесік жырын» айтады.
- «Бесікке бөлеу» кішкентай бала үшін өте маңызды. Баланың сымбатты, денесі түзу болып өсуі үшін, ата-бабаларымыз баланы бесікке бөлеген.
- Келесі суретте не бейнеленген?
«Тұсаукесер» дəстүрі бейнеленген. Ұлттық киімдегі кішкентай бала, апа оның тұсауын кесіп жатыр. Жасы үлкен əжей «шашу» шашып жатыр.
Бесікте жатқан бала өсті, қаз-қаз басып жүре бастады. «Енді көп құламай тез жүріп кетсін», – деп, баланың тұсауын кеседі. «Адал, шыншыл бала болсын», – деп, тұсауын «ала жіппен» кеседі. Қазақ халқында «Біреудің ала жібін аттама» деген мəтел бар. Ол «Ешқашан өтірік айтпай, ұрлық жасамай, үлгілі, өнегелі азамат болып өссін» дегенді білдіреді.
Сергіту сəті
Балалар хормен Е. Өтетілеуұлының «Тəй-тəй» өлеңін айтады. Өлең жолдарына сəйкес қимылдар жасайды.
«Ашамай». Жаңағы кішкентай бала өсіп, 5–6 жасқа келді. Үлкендер оған жеке тай атап, ашамай (тайға арналған кішкентай ер-тоқым) істетіп, қамшы өріп, «Сен азамат болдың» деген сенім ұялатып, үйретілген жуас тайға əсем ашамай ерттеп, баланы тайға мінгізіп, жүргізеді. Осы қуанышта атасы:
«Ал ақ тілек, ақ тілек Атқа тоқым сал білек.
Атта жақсы шаба біл, Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл.
Атқа міндің, ақ жол болсын!» – деп бата береді.
Дидактикалық ойын. «Сиқырлы суреттер»
Ойынның мақсаты; балалардың ойлау қабілеті ,ес,зейін, қабылдау процесстерін дамыту.
Ойын мазмұны; Балалар алдындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды.
Суретпен жұмыс
1.Суретте халқымыздың қандай дəстүрі бейнеленген? Бұл дəстүр қай кезде орындалады? Əңгімеле.
2.Суреттерге қара. «Тұсаукесер» дəстүріне кажетті заттарды қорша.
3.Ер баланы алғаш рет атқа мінгізу дəстүрі қалай аталады? Ол туралы үлкендерден сұрастыр, əңгімеле.
- Атты ерттеуге қажетті заттарды белгіле.
Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасау. Балаларды мадақтау ,жігерлендіру.
– Ұйымдастырылған іс-әрекетіміз несімен қызықты болды? Сендер өздерінің игерген білімінің дəрежесін, өздерінің үлгерімін смайл арқылы белгілеуді ұсыну.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ
«МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІ»
Досжанова Айгуль Рыскулбековна
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылы
Сыдық Абланов атындағы орта мектебі.