Кіріспе сөз. Әрбір адам — өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір — бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы — мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл — өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен. Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі. Оны әмбебап әдіс деп те атайды. Ал осы тренингтерде жеке тұлғаның ерекшелігінің даму деңгейін анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылды және осының негізінде тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бар. Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға, серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына мүмкіндік туғызды. Тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара байланыс нығая түседі. Тренингтің тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас, яғни әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасы болып табылады. Жасөспірімдер арасында жағымды ахуал қалыптастыру, өмірге деген құлшынысын арттыру, аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу.
Тақырыбы: «Мен өмірді таңдаймын!»
- Жарнама -
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру. Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту. Оқушы бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылта отырп, жан дүниесіндегі қоқыстан арылту.
- «Ойланып көрейік» жаттығуы.
Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. Уақыты: 5 минут Нұсқау: Төменде берілген сұрақтарға өз ойларыңды плакатқа жазып, дәлелдеңдер. (қатысушылар іштей үш топқа бөлінеді). 1)Адам не үшін өмір сүреді? 2)Өмірден өз орнын табу деген не? 3)Өмірде үлкен табысқа жету үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- «Орын ауыстырайық» сергіту жаттығуы.
Бұл ойында оқушылар шеңбер болып отырып, бір оқушы ортада тұрып «Кім ата-анасын жақсы көреді», «Кімге мектеп ұнайды» т.б. сондай сипаттамалар айтады. Сол кезде оқушы өзіне сай сипаттама болса орнынан тұрып, басқа бос орынға отырады. Ортадағы оқушы да бос орынға отырып алады. Келесі оқушы да сол сияқты сипаттамалар айтады. Солай ойын жалғасады.
- «Бұлттар» жаттығуы.
Бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреулеріңе бұлттар алуды ұсынамын. Әр оқушы бір-бір бұлттан алып, сондағы аяқталмаған сөйлемді өз сөздерімен аяқтайды.
Үлестірмедегі сөйлемдер:
Маған бұл өмірдегі қымбат нәрсе…
Менің өмірдегі ең жақын адамым…
Менің өмірдегі ең қуанышты күнім…
Менің ең ренжіген күнім…
Менің өмірдегі ең қорқатын нәрсем…
Менің өмірдегі ең сенетін адамым…
Менің өмірдегі алға қойған мақсатым…
Мұғалім: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.
- «Алтын балық» жаттығуы.
Балаларға келесі сұраққа жауап беру ұсынылады: «Сіздің өміріңіз қызықты бола түсуі үшін алтын балықтан не сұрар едіңіз?»
- Рефлексия. «Күн сәуелесіне шуақтап…»
Мақсаты: кері байланыс алу. Қажетті құралдар: стикерлар және қаламдар, ватман. Қатысушылар шеңбер болып отырады. Нұсқау:Сіздердің алдарыңызда күн бейнеленген плакат тұр. Көріп тұрғанымыздай, күнде шуақтары жоқ. Қазір сіздер осы плакатқа кішкентай парақшаларға тренингтен алған әсерлерініңізді, бір бірлеріне тілектерініңзді жазып, жапстырамыз. Қатысушылардың тренигтен алған әсерлері талқыланады.
Қорытындылау.
Адамның ең қымбаттысы –өмірі. Ол адамға бір –ақ рет беріледі. Сондықтан оны «қайран босқа өткен жылдарым –ай» деп өкінбейтіндей, барлық күш – қуатыңды дүниедегі ең тамаш іске, адам баласын азат ету жолындағы күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек. күреске жұмсалады деп айтарлықтай етіп өткізу керек
МЕН ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН!
Алипбаева Гулнар
Маңғыстау облысы, білім басқармасының
«Бейнеу ауданының білім бөлімінің
Жұмағали Қалдығараев жалпы білім беретін мектеп» КММ