Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда «ОЙЛАН, ТАП!» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ШОУ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Ілияс оқулары республикалық конкурсы (наурыз-сәуір)
Байқау ережесі
ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
Мақала
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Без рубрики
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Мақала
Мен өмірді таңдаймын!
Ашық сабақ Сыныптан тыс іс – шара
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Ашық сабақ > «ОЙЛАН, ТАП!» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ШОУ
Ашық сабақСыныптан тыс іс – шара

«ОЙЛАН, ТАП!» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ШОУ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шешендігін шындау арқылы өз интеллектуалдық  қабілетін арттыру.

Міндеттері:

  • Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шындау;
  • Сөйлеу, ойлау, шешендіктерін арттыру;
  • Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: интеллектуалдық шоу – «Ойлан, тап!» сайысы.

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар! Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де білім саласындағы Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік өмірдегі барлық табыстар тәуелсіздіктің нәтижесі. 30 жыл толып отырған шақта мектебіміздің білімді оқушылары арасында апталық  «Ойлан, тап!» атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі,

                      Туған жердің шежіресі өседі,

                      Менің елім – Қазақстаным, Отаным,

                      Болашағы бізбен, бірге өседі дей келе, талантты, дарынды жастары ойыншылармен таныстырып өтейін. Ортаға «Болашақ»- «Талапкер»  тобын шақырамыз.

Жүргізуші: I кезең «Бәйге» ережесі:

Барлық екі топқа 10 сұрақтан қойылады. 1 сұрақ 10 ұпаймен бағаланады.

Бірінші «Болашақ» тобына:

  1. 25 қазан қандай ?(Республика күні)
  2. Қабанбайдың шын аты (Ерасыл)
  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері  (Т.Әубәкіров)
  4. ҚР қандай мемлекеттермен шектеседі (Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан)
  5. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген кезі (870-950 жж.)
  6. ҚР әнұранының авторлары  (Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов)
  7. Абылай хан қай жылдары билік құрды (1771-1781 жж.)
  8. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды (1992 ж.)
  9. Тәуелсіз Қазақстанды Ең алғаш таныған мемлекет (Түркия)
  10. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен бас жүлде алған әнші (Р. Рымбаева)

Екінші «Талапкер» тобына:

  1. Тұңғыш ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды (1993 ж.)
  2. ҚР «Халық Қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары атағын алған кім (Т.Әубәкіров)
  3. Шоқанның тәрбиесіне әсер еткен адам (әжесі Айғаным)
  4. Абылай неше жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатысты (15 жас)
  5. Тарих атасы (Геродот)
  6. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай жылдары болды (1837-1847 жж.)
  7. «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды (1997ж.)
  8. Абылайдың лақап аты (Сабалақ)
  9. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек (Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфулин)
  10. «Шежіре» дегенімізді қалай түсінесіңдер

Жүргізуші: II кезең «Көкпар» ережесі:

Мақал-мәтелдің……көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, ол сөздің қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударып айту керек. Қазақша, орысша – 20 ұпай, ағылшын тіліне 30 ұпай беріледі.

  1. Туған жердей……болмас, туған елдей ел болмас (жер,земля,earth)
  2. Еріншек……істейді  (екі, два, two)
  3. ……пейілді болса, шәкірті зейінді келеді (ұстаз,учитель,teacher)
  4. Білім теңіз, мектеп…….(кеме,корабль,ship)
  5. Отансыз……ормансыз бұлбұл (адам,человек,human)
  6. Ұяда не……..ұшқанда соны ілерсің (көру,видеть,see)

Жүргізуші: III кезең «Егер де мен…..»

Бірнеше тақырыптар ұсынылады. Соның біреуін алып, оқушылар өз ойын айтады. Уақыты 5 мин, онда оқушы шешендік өнерін, ой қорын, тілдік байлығын байқату қажет. 50 ұпай беріледі.

«Білгенге білім – байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер білім, өнеге мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасында» деп Омар ақын айтқандай, сайысшыларымыздың шешендігін байқайық.

  • «Егер де мен………мектеп директоры болсам»
  • «Егер де мен………білім министрі болсам»
  • «Егер де мен……….қала әкімі болсам»
  • «Егер де мен……….спортшы болсам»
  • «Егер де мен ……….мұғалім болсам»

Жүргізуші: IV кезең «Білім ағашы»

Көңілін халқынның таптын бүгін

Елес қой мынау бізге жат күн бүгін

Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық

Байқайық оқушылардың тапқырлығын.

Бұл айналымда оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап бергендеріңіз есептелінеді. 10 ұпай беріледі.

  1. Қазақтың үш биі (Қазыбек, Әйтеке, Төле)
  2. «Жеті жарғы» заңдар жинағын кім шығарды (Тәуке хан)
  3. ҚР рәміздерін ата (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  4. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді (Алланың жердегі өкілі)
  5. Абылайханның өмір сүрген жылдары (1711-1781 жж.)
  6. Ел астанасы Астанаға қашан көшірілді (1997 ж.)
  7. Төл теңгеміз айналымға қашан енді (1993 ж. 15 қараша)
  8. «Алтын киімді» адам қай жерде жерленген (Есік)
  9. Сақтармен соғысқан парсы патшасы (Кир)
  10.  Сақтар неше топқа бөлінеді (3)
  11.  Абайдың шын есімі (Ибраһим)
  12.  Абылайдың шын есімі (Әбілмансұр)
  13.  «Тарих» сөзін алғаш кімдер қолданды (арабтар)
  14.  Абайдың анасы (Ұлжан)
  15.  Ең алғаш қағазды ойлап тапқан кімдер (Қытайлар)

Жүргізуші: V кезең «Бекет»

Хандар мен ақындардың билік еткен жылдары мен өмір сүргені. Әр қайсысына 20 ұпай беріледі. Берілген тапсырманы сәйкестендіру керек.

1841-1847                                                                         Абылай хан

Б.з.б. 484-425 жж.                                                            Кенесары хан

1771-1781                                                                         Ш.Уалиханов

1680-1778                                                                         Тәуке хан

1845-1904                                                                         А.Құнанбаев

1680-1718                                                                         Бөгенбай батыр

1835-1865                                                                         Геродот

Жүргізуші: Қорытынды

Кімдер жүйрік , өнерпаз білейікші

Оқушылар үйінің дарабозы деп жүрейікші

Әділқазыларға тек әділдікті

Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші

Құттықтайық ал енді

Жеңімпаз болған ұланды

Өнерге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы

Қуаныштан жанары,-дей отырып бүгінгі «Ойлан, тап!» атты интеллектуалдық сайысымызды аяқтаймыз.

Қолданылған әдебиет:

1. Мақал-мәтелдер. ErKeTai.KZ

2. Қазақ тілі мен әдебиеті. ШЫҢ кітабы Қ. Ибрагимов Алматы 2010

3. «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» журналы. Алматы №5 2018 4. Қазақстан тарихы өқу-әдістемелік құрал. Іргебаева Ғ.Д. Алматы 2018

Буксикова Салтанат Каиржановна

«№ 44 орта мектеп» КММ
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [21.97 KB]

Басқа мақалалар

Мен өмірді таңдаймын!

«ЖАС ҰЛАН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНЫ

МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІ

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТ «ЖЕМІС,ЖИДЕКТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕР»

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 14.10.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Қыркүйек айындағы байқаулар нәтижесі
Келесі материал Қазан айына арналған байқаулар
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Ілияс оқулары республикалық конкурсы (наурыз-сәуір)
ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?