Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Елбасының айтуынша, бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, әлемдік жаңашылдыққа жетелейтін дара жол. Қазіргі таңда қоғам көзқарасы қалыптасқан терең тұлға тәрбиелеуі керек. Ол үшін білімге жол салып, жан-жақты жетілгеніміз жөн. Біз рухани жаңғыру жолында ата-бабаларымыздан мирас болып келген , бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
«…Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады…Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу».
Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл рухани жаңғыру идеясының ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударуымыз керек, бірнеше міндеттерді айқындап көрсетті.
- Жарнама -
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, бірегейлік, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып жүр. «Қазақстандық патриотизм» арқылы біз Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ең негізгі бастау -жас ұрпақ бойына Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар буын тәрбиесіндегі негізгі ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.
Елжандылық кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені Елбасының жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс жасады.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама болды. Бұл игі бастаманы ел ішінде айтып, лайықты жүзеге асыру- бәріміздің міндетіміз.
Рухани жаңғыру бағдарламасы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең бастысы ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу болып табылады. Ұлттық құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білуіміз керек. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
Неғұрлым тұтастыққа жету үшін елді айшықтап тұрған ұлттың танымдық, тәрбиелік маңызға бай әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қажет. Кез келген халықты өзінің төлтума рухани құндылықтары мен ізгі қасиеттері ғана біріктіре алады. Елбасы мақалада осы ұстанымды айқын көрсетіп берді:
Бұл – тектен тек айтыла салынған жүрек қалауы емес, бүгінгі өркениетті, озық технологиялы, жаһандық ықпалдасудан, керек десеңіз, түрлі қауіп-қатерден қорғану жолы. Осы орайда ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының: «Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан», – деген сөзі ойға оралады. Сақтанудың басы – өзіңе қатысты рухани құндылығыңды түгендеп, кейінгіге мұра етіп қалдыру.
Әр халық ел болып ғұмыр кешуі үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарын сіңіріп, рухани болмысымен өмір сүруге баулиды. Елбасының осы мақалада көтерген тағы бір маңызды, өзекті мәселесі – туған жерге деген махаббат.
«Рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр.
Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі.
Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ал ұлтына игілік әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа биім, өресі биік адамның ғана қолынан келмек. Сырттан келетін, елді әлсірететін, ең соңында елді тәуелсіздіктен айыратын нәрселерге тарихтағы қазақ жастарының рухани деңгейімен қарсы тұруы, ауызбіршіліктің, білімі арқылы саясаты мен тәжірибесі күшті жаумен иығын теңестіре білуінде. Бұл жаста болса қазақтың ұл, қыздарының заманынан қалмай болашақты зерделеп, ұлттық мүдде деңгейінде ойланған деңдеңгейін көрсетеді.
Қоғамда білімділік ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы керек. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен бала өмірге дайын болып өседі. Өмірге дайын болған адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді.
Рухани жаңғыру өз ұлттың, елдің болмысына тән дүние және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік болып есептеледі. Еліміз, жеріміз халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекетті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тарихы мен мәдениетіндегі тәжірибелер негізінде ұрпақтың уақытымен үйлесе алатын елдің тұтас ұлттық зердесі немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған. Мысалы: түркі қазақ жұртының Мәңгілік Ел болу идеясы ұлттың зердесінен туған дүние. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсетілгендей, неғұрлым адам өзінің бар мүмкіндігін тарихтың елегінен өткізген сайын уақыт талабын игеруге қабілетті келеді.
Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпаққана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. Абай айтқандай ұлттық сана болмаса қара басының қамынан аса алмаған, бас басына би болған өңкей қиқым ұлттық рухы жоқ адамнан шығады. Осы себептен ұрпақтың заман талабына сай ізденуіне, рухан кемелденуіне, бірігуіне ықпал ететін ұлттық код.
Рухани жаңғырудың негізі ұлттың қасеттері мен рухан құндылықтарға тәуелді болса, оның әлеуметтік өрісі қашанда білімге, еңбекке және табандылыққа келіп тіреледі. Қазақ баласына білімнің рухын түсіндерген. Жеке адамның білімге деген құрметі оның толыққандың білім алуына, рухани деңгейінің қалыптасуына қыпал етеді. Абай мен алаш зиялыларының заманында ел тұрмысының қиыншылығына қарамастан көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялыларының шығуына ықпал еткен қазақтың өнер, білім және ғылым туралы кемел түсінігі. Ұлттық тәрбедедегі уақыттан қалмайтын және білімі тозбайтын құндылықтар олардың талапты, арлы, жігерлі, еңбекқор, қиындыққа төзімді, ақылды және рухани терең болуына ықпал еткен. Осы тұрғыдан алаш зиялыларының болмысына, тархи қызметтеріне қарайтын болсақ рухан жаңғыру ұрпақтың тарих, отан, келер уақыт алдындағы кісілік қасиеттерімен тұлғалық ұстанымының әлеуметтік ортада қатар сақталуы. Ұлттық кодынан қол үзбеген жеке адам заманынан қалмайды, өз заманында алға ұмтылады, өз заманның жетістіктеріне қол жеткізеді және оны ұлт игілігіне айналдыра алады. Алаш зиялысы Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей, «Әділдік жоқ жұртта, береке бірлік болмайды. Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қысты күні үңгірде жатып өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны өз аяғы» Рухани жаңғыру жаңашылдыққа қол жеткізу, заманның жетістігін бағындыру. Жаңашылдық әлеуметтік ортадағы мәдениеттілікпен өлшенуі тиіс, парақорлық, жемқорлық күш алған тұста жеке адамның, әлеуметтік ортаның рухани жаңғыруы, жаңашылдығы тежеліп отырады.
Туған жерін ұмытпайтын адам туған елін қадірлейді. Елді қадірлеу туған жердің рухын бойға сіңіріп өсуден басталған. Сондықтан да, елде туып, елде тұрып елге жаны ашымаған адам зиялылар қатарында болған емес. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашрылығынан бастау алмақ.
Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухан жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.
Қорытындылай отырып, рухани жаңғыру белгілі бір шектеумен аяқтап қана қоймай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі, қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ. Рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүружүріп отыруы керек. Осы рухани жаңғыруды бесжылдықтармен, онжылдықтармен өлшеу қиындау, бұл – рухани дүние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейірімді, адал, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді.
Текебай Ұлболсын Адинақызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
«Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» мамандығы
1-курс магистранты