Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда БІЛІМ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
Сабақ жоспары
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Сабақ жоспары
Ілияс оқулары республикалық конкурсы
Байқау ережесі
Желтоқсан айындағы байқаулар нәтижесі
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > БІЛІМ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Мақала

БІЛІМ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

abyroi.art
abyroi.art
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Республикасының дамыған 50 мемлекеттер қатарына кіру мәселесі қанат жаюына байланысты әр түрлі өзгерістер оқу орындарындағы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды да өзгертуге әкеліп отыр. «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет …… Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс.» деп Президент Қасымжомарт Тоқаев өзінің 2021 қыркүйек айындағы халыққа Жолдауына айтты.

Сондай-ақ жас ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажеттілігіне, олар қазіргі заманға бейім болуы үшін бұл аса маңызды екеніне де назар аударды. «Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз» деген Президент сөзінен ақ ұстаздардың әрқашан іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын маман болу керек екендігін түсінеміз.

            Оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап өздігінен орындайтын жұмыстары бойынша зерттеу барысында біз аталған проблемаға қатысты философиялық, педагогикалық, психологиялық зерттеулерде, ғылыми әдебиеттер мен басылымдарда біраз тәжірибе жинақталған.

Атап айтсақ, грек философтары Сократ, Демокрит еңбектерінде шәкірттің өздік іс-әрекеттерінің сана дамуында ерекше орын алатындығы, оқыту барысында оның өздік іс-әрекеттерін басқарып отыру маңыздылығы атап өтілген. Ал, қазақ халқының мәдениеті мен ағартушылық тарихында ерекше орын алатын Ы. Алтынсарин оқып-үйретушілердің өз бетінше білім алуда ұстаздың ролін жоғары бағаласа, А. Құнанбаев тұлғаның өзіндік сана-сезімді дамытуда өз бетімен жан-жақты білім алуға шақырады.

Жалпы, білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: علم‎) – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т. б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылым және т. б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда болғаннан көп бұрын дүниеге келген [2].

Әбу Насыр Әл-Фараби адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады [3].

Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей, үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Әл-Фараби мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейтіндігін ескертеді. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өздері көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.

Білімнің өзі адамды жануардан ерекшелендіреді. Баласағұни сондықтан да білімсіз адамдар малға ұқсайды дегенді айтады. Ол білімділікті қаншалықты жоғары бағаласа да, оның жазбаларынан «жазылған нәрсеге үміт артпа, өзің күш-жігер таныт» дегенді кездестіреміз. Баласағұни үшін философия білім алу немесе өздігінен білім алу процесімен пара-пар, ал неғұрлым кең мағынасында ол білім берумен үйлеспейтін, бірақ оның мәні болып табылатын нәрсе. Бұл жерде «өте мәнді сәтті» атап көрсету маңызды, Әл-Фараби салған дәстүрден кейін іле-шала Баласағұни философиясында білім алу әлеуметтік-мәдени процесс ретінде ғана емес, сондай-ақ дүние құрушылықтың әмбебап ұстанымы ретінде де бой көрсетеді. Сондықтан да білім беру мен оқытудың реттілігін, іргетастық онтологиялық қатынастарға сәйкес, оқушылардың оларды оқып-үйренуінің субъективтік реттілігіне сәйкес келтіреді. Оның сенімі бойынша, «ғылым мен зерде – барлық істердің негізі», «білімсіз зерде де, сөз де құнарсыз» [4] .

А. Құнанбаев тұлғаның өзіндік сана-сезімді дамытуда өз бетімен жан-жақты білім алуға шақырады. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,», – деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет [5].

Ал, Ы. Алтынсарин оқып-үйретушілердің өз бетінше білім алуда ұстаздың ролін жоғары бағалап, қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады. Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді.

Жалпы халықтың өз бетімен білім алу мәселесі 19 ғасырдың 60-шы жылдары үлкен серпіліс алды. Қоғамға өз бетімен білім алу қажеттілігін сол заманның интеллигенциясы алға тартқан [6]. Өз бетімен білім алу мәселесін 19 ғасырдығы ересектерді оқытумен айналысқан ресейлік О. В. Кайданова, публицист М. Л. Песковский, Н. А. Рубакин сол заманның педгогтары мен жазушылары – А. А. Чумиков, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Н. А. Вышнеградский, И. И. Паульсон, Н. Х. Вессель, Ф. Ф. Розенер, Н. А. Корф. көтерген.

М. Л. Песковский сауат ашумен қатар білімалушылар «ең пайдалы, игі ғылымдардың бірі – өзін өзі оқыту, немесе өзін-өзі жетілдірудің әдіс-тәсілдерін табуды меңгеруі тиістігін айтады. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың ортасына таман өздік оқу іс-әрекетінің психологиялық, педагогикалық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер – Д. В. Эльконин, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинская, С. Л. Рубенштейн, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, П. М. Якобсон және т. б. оқу теориясында жаңа мәселе көтерді.

Педагогикалық сөздікке назар аударсақ, өздігінен білім алу – күндізгі оқу орнында жүйелі курстан өтпей-ақ өздігінен жұмыс істеу үрдісінде алынған білім. Өздігінен білім алудың ең кең тараған формалары әдебиет оқу және зерделеу болып табылады [7].

Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту.

«Өздігінен білімін жетілдіру – жеке адамның өзі басқаратын мақсатты танымдық іс-әрекеті, ғылымның, техниканың, мәдениеттің, саяси өмірдің және т. б. қандай да бір саласынан жүйелі түрде білім алу. Өз білімін жетілдіру – өзін-өзі тәрбилеу құралдарының бірі. Өздігінен білімін жетілдірудің негізгі нысандары сан алуан. Адамның өздігінен білімін жетілдірудегі мақсаты – біліктілігін (мамандығын) немесе білім деңгейін көтеру. Өз білімін жетілдіру дағдыларын мектеп маңызды рөл атқарады. Оқушылардың өз білімін жетілдіру дағдыларын қалыптастыруға сыныптан және мектептен тыс әр түрлі үйірмелердегі, клубтардағы, дәрісханалардағы сабақтар, тәжірибелік жұмыстар және т. б. себепші болады. Мектепте үйретілген өз білімін жетілдіру дағдылары арнаулы орта және жоғары оқу орындарының оқу процесінде тереңдетіліп, жетілідріледі. Семнардағы, ғылыми үйірмелердегі, студенттердің ғылыми қоғамдарындағы сабақтардың және т. б. маңызы зор» [8]

Өздігінен орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру мәселелеріне отандық және шет елдік психология және педагогика ғылымдарының өкілдерінің көптеген еңбектері де арналған (Л. С. Выготский, В.А.Сухомлинский, Е. Б. Ястребова, А. К. Маркова, Л. Г. Вяткин, А. Н. Леонтьев, Ю. К. Бабанский, Ж. И. Намазбаева, М. Н. Скаткин, Т. И. Шамова, А. И. Кочетов, И. С. Якиманская, Г. И. Кулагина, А. М. Матюшкин, Н. В. Кузьмина, Р. А. Әлімқұлова, Б. Е. Қожамқұлова, Р. Ш. Садықова, К. Поппер және т. б.).

Жалпы, қазіргі заманда енгізіліп жатқан жаңартылған бағдарламаға сәйкес барлық білім беру мекемелеріндегі оқушылар  өз бетімен білім алу деңгейін көтеруі және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру мәселесі көзделген. Өз бетімен білім алу тұлғаның білім алуға, танып-білуге деген қызығушылығын және рухани қажеттілігін қанағаттандыру мақсатын көздейтін үздіксіз білім беру процесі болып табылады. Оқушы бойында өз бетімен білім алуға деген қызығушылығын тудыру қоршаған ортада бағдарлау үшін ақпараттың қажеттілігі, ақпарат және білімді алғаннан кейін іс-әрекетті табысты ұйымдастыра білу және өзінің дамуын қамтамасыз ететін қызметті ұйымдастыра білу, мақсат қоя, оны іске асырудың тәсілдерін таба білу және өз іс-әрекетін басқара білу сияқты дайындықтардан тұрады.

Жаңартылған бағдарламаның оқу жүйесіндегі өздік жұмыстың ашылмаған қырлары әлі де баршылық, сондықтан бұл мәселе түбегейлі зерттеуді жалғастыруды қажет ететін күрделі де маңызды мәселе ретінде ары қарай күн тәртібінде қала бермек.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. –Алматы: 2007. – 344 бет.
  3. http://kk.wikipedia.org/wiki
  4.  ttp://ikitap.kz/books/farabimura/files/assets/basic-html/page30.html
  5. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – А: «Аруна Ltd.» 2010.
  6. Айзенберг А. Я. , доктор педагогических наук, профессор. Издательская деятельность русской прогрессивной интеллигенции во второй половине ХIХ века в помощь распространению знаний и самообразования.
  7. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Арын Е. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  8. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика жіне психология. Аламты «Мектеп» 2002 жыл. 167 бет.

Басқа мақалалар

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Тереңдетілген дайындық кезеңінде 14-15 жас аралығындағы футболшылардың техникалық дайындығының ерекшеліктері

Әлібек Асқар прозасындағы табиғат философиясы

Нравственное воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
abyroi.art 16.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
abyroi.art
Автор abyroi.art
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Дарынды оқушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыру әдістемесі
Келесі материал Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?