Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
Сабақ жоспары
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Сабақ жоспары
Ілияс оқулары республикалық конкурсы
Байқау ережесі
Желтоқсан айындағы байқаулар нәтижесі
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру
Мақала

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің білім сапасын арттыру

abyroi.art
abyroi.art
Бөлісу
Бөлісу

Оқытушы қызметінің негізгі мәні- өндірістік оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үрдістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Өйткені,мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Мұндай адамды қалыптастыру қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры мұғалімнің еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты. Колледж  оқытушылары өз қызметін шығармашылық бағытта ұйымдастыра білуі үшін, ең алдымен, өз қызметінің мәнін түсіне алуы — басты шарт.

Ақпараттық–технологияларды пайдалану оқытушы мен білім алушылардың маңызды кәсіптік және анықтамалық ақпараттармен қамтамасыз етеді.  Ақпараттық — технологияларды пайдаланып интерактивтік сабақтарда оқытушы ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде болып, білім алушылардың  белсенділігі арта түседі. Мұндай сабақтарда оқытушы жұмысқа тікелей қатысқанымен, өз мүмкіндігін шектеп, студенттің белсенді болуына жағдай туғызуы қажет.

Осы орайда өз тәжірибеміздің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдымызға мынадай мақсат қойдық: заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсат негізінде алдымызға қойған міндеттеріміз:

-студенттердің қабілеті мен талантын ашу;

-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу;

-өз қабілетін дамыту.

Қазіргі кезде білім алушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, болашақ кәсіп иелері тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моралдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы калыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан білім беру жүйесін реформалау саясатын, ең біріншіден, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сәйкес жүргізу, екіншіден, оку үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тәрбие бірлігін сабақтастыра отырып, білімнің үйлесімділігімен катар әрбір білім алушылардың ерекшеліктерін ескеріп, кабілетіне, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау керек.

Жеке тұлғаның дамуы әрекетшілдік және оқыту процесі кезінде ғана жүзеге асырылады. Баланың жеке басының дамуы әлеуметтік әрекетшілдіктің яғни ойнау, танымдық, еңбектік, қарым-қатынастық сияқты барлық негізгі түрлері кезінде табысты жүзеге асырылатыны баршамызға мәлім.

Осыған қоса психологтар былай дейді, қандай болмасын әрекетшілдікпен дәлелді және әсерлі түтынушылық бағалары, және субьекті үшін осы әрекетшілдіктің пайдалылығы мен мүмкіндіктері бірге жүреді.

Кез келген білім алушыны кәсіпке баулу барысында білім алушыларды адамгершілікке, іскерлікке, шеберлікке білімділікке тәрбиелеу, олардың дүниетанымын, дағдысын арттыру қазіргі күннің басты талаптары.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің  деңгейіне  республика мектептерін көтерудің тиімді жолы- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында  білім беру жүйесін  ақпарттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат  негізінде  анықталып,  осы жүйедегі  басты міндеттердің біріне айналып  отыр. «Қазақстан-2030»стратегиялық бағдарламасы  білім берудің ұлттық моделінің  қалыптасуымен және Қазақстанның  білім беру жүйесін әлемдік  білім беру кеңістігіне  кіріктіруімен сипатталады

Ақпараттық-технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық-технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

2. Жаңа ақпараттық — технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

Ақпараттық-технологияны электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс  істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін студенттердің шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады:

  • Анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу.
  • Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану.
  • Ағымдағы сабақ бойынша ішкі және сыртқы тексеруді жүзеге асыру.
  • Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру.
  • Сабаққа деген қызығушылығын ояну негізінде білім сапасын арттыру

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Өндірістік оқыту сабағында «My Testter» және  «Isring», «Kahoot» сияқты  әртүрлі әдістермен тест тапсырмаларын жүргізуге болады. Өндірістік оқыту сабағында осы әдістерді пайдалана отырып білім алушылардің білім сапасын бекітуде қолданылады. Оқу – тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және студенттердің жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек. «My Testter» әдісі бойынша білім алушылар сабақ кезінде сабақты қаншалықты меңгергендерін тексеруге мүмкіндік алады. «My Testter» әдісін пайдалана отырып тест жауаптарының бірнеше жауап түрлерін пайдалынуға болады. «My Testter» бағдарламасы бойынша жасалған әрбір тест сұрақтарына білім алушылар жауап беру арқылы алған білімдерінің қаншалықты толық меңгергенін бақылауға болады.

Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен студенттің арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Студенттің терең білім беру үшін оқытушы мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.

1. Оқытушы пәнді жетік меңгеріп, оны студенттерге ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.

2. Студенттердің жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр студенттің жүрегіне жол таба білуі абзал.

3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.

4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.

5. Студенттерге ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, тірек конспектілері бойынша берген жөн

6. Студенттердің сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Әрбір тақырыпты түсіндіргенде білім алушылардың  мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы студенттерді жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыруға, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Өйткені, өндірістік сабақ – білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол білім алушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Елбасымыз айтқандай «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте  қажет» деп атап көрсеткендей, инновациялық оқыту технологиясын қолдану —  жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп есептейміз.

Басқа мақалалар

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Тереңдетілген дайындық кезеңінде 14-15 жас аралығындағы футболшылардың техникалық дайындығының ерекшеліктері

Әлібек Асқар прозасындағы табиғат философиясы

Нравственное воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
abyroi.art 16.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
abyroi.art
Автор abyroi.art
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал БІЛІМ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН БІЛІМ АЛУҒА ДЕГЕН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР
Келесі материал Оқытудың жаңа әдіс-тәсілін қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?