2022 жыл елімізде «Балалар жылы» деп жарияланды. «…Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін».
«…Ең алдымен, билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді.
Тіршіліктегі ең жауапты әрі қиын борыш – дүние есігін ашқан нәрестеге дұрыс тәрбие беру. Мағжан Жұмабаевша айтсақ, «Жас бала – жас шыбық. Жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі». Демек баланың санасына иман мен білімді, мейірім мен қанағатты, өзге де адамзат бойындағы асыл қасиеттерді бұғанасы қатпаған сәтінен бастап сіңіру керек.
Қазақта «Адам болатын бала алысқа қарайды» деген тәмсіл бар. Бала мықты болып өсуі үшін дұрыс тәрбие мен білім қажет. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Кез келген халық ұрпақ тәрбиесін – ұлттың тағдыры, болашағы. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – қазақ халқы. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол тәжірибе, танымның, ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері. Ал біздер мен сіздер осы құндылықтардың заңды жалғастырушысы мен қорғаушыларымыз. Ұлтымыздың мақтанышына айналған ұлттық құндылықтарымыз ұлттығымыздың негізі [1].
Егемен еліміздің ұрпақтарын білімді, тәрбиелі етіп тәрбиелеу-баба ұрпақ пен аға ұрпақтың парызы.Алайда баланың бас ұстазы ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша іс алға баспайды.
Бала тәрбиесіндегі отбасының атқарар міндеті зор. Адам баласының дүниеге келгенде енетін үйі, өсіп ержететін, тәлім-тәрбие алатын қасиетті алтын бесігі-отбасы.
Отбасының адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері өте көп. Әсіресе көрегенді, ынтымақты отбасында. Бұл орайда: Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген халқымыздың қасиетті сөзінен отбасы тәрбиесінің күшін сезуге болады.
Бала үшін отбасында әке-шешенің, ата-әженің басқа да бауырлардың кісілік үлгілерінің маңызы өте зор. Олай болса, бала кісілікті, адамгершілікті, әдептілікті, сыпайылықты тіпті өрескел мінез бен бұзақылықты да алғаш өз отбасында меңгереді.
Бала тәрбиесінде мектептің атқаратын рөлі де зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын домбыраның қос ішегіндей. Баланың сырын да, мұңын да, шаттығын да ата-анасынан артық еш адам біле бермейді. Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздар бірлігі қажет- ақ. Ата-ана мұғалімге көмекші, сенімді тірек болса, керісінше мұғалім де сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда барлық күрделі сан алуан мәселелер түйіні шешіледі [2].
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу — тəрбиенің басты міндеттердің бірі. Бұл саладағы күш-жігер, алдымен, бүлдіршіндерді отаншылдыққа тəрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласы. Балаға «Отан», «туған жер» дегеніміз — тарихи қалыптасқан əлеуметтік, саяси жəне мəдени орта. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуға, адамгершілікке тəрбиелейді.
Халқымыздың ежелден берік ұстаған əдеп-салтының бірі — адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар, екі жақты сыйластық. Сол себепті жас үлкенді сыйлап атын атамай, оларды:
«Ата, əже, апа, аға, көке, тəте, əпке, жеңге» — десе жасы кішілерді үлкендер өз тарапынан: «Інішек, қарындас, шырағым, бауырым т.б», — деп құрметтеп атайды. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегелі əдепті біз қазақтың мақал-мəтелдермен нақыл сөздерінен, бүгінгі таңдағы шығармалардан көптеп кездестіреміз. Мысалы: «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет», «Əдепті бала өсірсең, елдің абыройы» осы сияқты сөздер əрқашанда əдептілікті сақтағаның, сыпайы, кішіпейіл адамды үлгі, жас ұрпақтын тəлімді, тəрбиелі болып өсуіне назар аударып, көңіл бөліп отырған. Сондай-ақ сырттан жасы үлкен адам кіргенде, тұрып сəлем беру, орнынан тұруға көмектесу, шығарып салу — жас балаға тəн деп санаймыз. Қонаққа сай құрмет көрсету — үлкен арыс, бұлжымас міндет [3].
Жасөспірім тəлім-тəрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тəрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тəлім-тəрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізгі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Əсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар жəне еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбексүйгіштікке тəрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мəдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мəдениетіне, салт-дəстүріне құметпен қарайтын нағыз мəдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының əлуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дəстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дəстүрін бұзбау жəне оны қастерлеу əрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тəлім-тəрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дəріптейді.
Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы əдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сəлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлғатты сөздердің мəні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өз парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тəрбиелеу үшін олардың, ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайрымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу — адамгершілік тəрбиесінің жемісі.
Балалардың адамгершілік тәрбиесінде ұлттық педагогика әрқашан халықтық тәрбиенің үлгісі болып табылады. Адамгершілікті тәрбиелеудің жалғыз жолы-бұған көз жеткізу, сенімге ие болу. Біз бұл қасиеттерді балаға бала кезінен үйретуіміз керек, адамгершілік қасиеттердің берік негізін қалауымыз керек. Бұл мәселе Жүсіпбек Аймауытовтың еңбектерінде жан-жақты талданған.
Адамгершілік — адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез- құлқына тəрбие мен тəлім арқылы, тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атауының көрінісі болып табылады.
Адам бойына кішіпейілдік, сыйластық, рақымшылық, жанашырлық, тілектестік сияқты қасиеттерді жəне өзгелерді қадірлей, сыйлай, құметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пəнінің үлесіне тимек [4].
Бала бойына ұлттық құндылықтарды дамытудағы негізгі құралдарға мыналарды жатқызуға болады:
- сыныптағы тәрбие сағаттары;
- баспасөз және қабырға газеттері;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау;
- тәрбие шаралары (пікірталас,тәрбие сағаты,кеш, дәріс, таным-өнеге сағаттары, т.б.)
- саяхат жасау;
- кітап оқу;
- мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
- шығармашылық жобалар қорғау;
- үйірмелерге қатысу.
Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, ұлттық құндылықтар аясында салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, тілді және т.б. кеңейту-өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан біздің алдымызда үлкен мақсат тұр-Ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі заманның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үйлесімділік заңы салтанат құруы керек. Яғни ол өсу, өсу кезеңінде оған ақ сүт берген ата-аналармен де, көздерін ашқан мұғалімдермен де үйлесімділік таба білуі керек. Сонда ғана адам біртіндеп ұлттық рухани қасиеттерді қалыптастырады. Жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыру көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет, ұлттық құндылықтар, ұлттық әдет-ғұрыптар, ұлт алдындағы міндеттер, парыз, ар-намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүрлер, жеке тұлғаның ұлттық құндылығының жоғары көрсеткіші. Тәрбиенің негізі болып табылатын адами құндылықтардың бірі-басқа адамға білім беру қажеттілігі, басқа адамды сүю қажеттілігі [5].
Баланы тәрбиелеудегі ең үлкен нәрсе-оны жұмысқа тарту. Ең жақсы азамат-тек жұмыс істейтін жас адам. Әркімнің, сәмбі бесіктен. Ата-аналар баланың еңбекқор, ақылды, білімді болып өсуіне жауап береді. Жақсы тәрбие алған бала ешқашан жерде қалмайды. Айналасында үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге құрмет көрсететін жақсы адамдар бар. Жалпы, жақсы адамға айналған баланың өмірі жақсылыққа толы. Баланы тәрбиелеуде баланы шамадан тыс еркелетуге және демалуға болмайды. Әркімнің өз орны бар екенін түсіндіріп, үлкендерді құрметтеп, еңбекке баулу керек. Жақсы тәрбиеленген бала әрқашан өзін жақсы жағынан көрсетеді және үлкен жетістіктерге жетеді. Халық: «Сіз тұңғышыңызды үйретесіз, қалғандары да оқиды», — дейді. Яғни, бұл тәрбиенің артында. Тәрбиелі бала-тәрбиелі ұрпақ. Тәрбиелі ұрпақ-біздің болашағымыз. Біздің болашағымыз жарқын болуы үшін балалар тәрбиесіне көп көңіл бөлу керек.
Жас адамды саналы, мәдениетті, есті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. «Ес түзелмей ел түзелмейді». Олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, -дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата-ана.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату- кезек күттірмейтін мәселе.
Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз [6].
Бала тәрбиесін түзейтін он баспалдақ
«Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала –сорлы бала» дейді халық даналығы. Әрине, барлығымыз перзентіміздің әдепті болғанын, үлгілі жүргенін қалаймыз. Сол үшін де үнемі тәртібін қадағалап, тәрбиелеп отыруға әрекет етеміз. Бірақ біздің бұл бағыттағы әрекеттеріміздің көбісі «кінәліні» жазалаудан ары аспай жатады. Жөнсіз қылығын байқай қалсақ, бас салып ұрысып немесе сотқарлығына сай «сыйлық» беріп жатамыз. Бірақ, баланы «таяқпен» тәрбиелеу- оның болмысының қалыптасуына кері әсері бары тағы анық. Осы орайда, біз көп ескере бермейтін жеңіл тәрбие әдістері бар. Бұл әдістер де жағдайына қарай түрлі болып келеді.
Бұл әдістерді іске асырып, әсері байқалуы үшін біраз уақытымызды алары анық. Сондықтан да сабырлық аса қажет. Бастапқыда ата-аналардың әдісі сәтсіз болғандай күйді бастан өткізерін ескертеміз. Дегенмен, уақыт өте келе әдіс өз нәтижесін береді. Олар:
1.Бала жасына қарай әдептілік пен тәрбие жайлы қисса-әңгімелерді көп айту. Бала естіген кейіпкеріне тікелей еліктей бастайды.
2.Басқалардың көзінше баланы жазғырмау, оның болмысына тіл тигізбеу;
3.Балаға бір істі қате істеген сәтте бағыт-бағдар беру. Мұндай әдісті әкелі-балалы болып бірге тамақтану, серуендеу кезінде қолдануға болады.
4.Ата-ана тарапынан баласына көңіл бөлудің өзіндік мөлшері болғаны дұрыс. Мейірімділік, сүйіспеншілік, әңгімелесу сияқты қарым-қатынастардың қажетті дәрежеден артық болуы да бала тәрбиесіне оң нәтиже бере қоймайды. Сондай-ақ, ата-ана мейірімі мен сүйіспеншілігінің жеткіліксіз болуы да бала болмысының бұзылуына алып келеді. Ондайда бала өзінің жөнсіз қылықтарымен, бұзақылығымен өзіне назар аудартуға әрекет етеді.
5. Баланың кейбір еркеліктерін байқамаған сыңай таныту. Мәселен, жөнсіз бір еркелігін орындату үшін балалардың көбісі көз жасын көмекке шақырады. Мұндайда байқамаған болып,басқа іспен айналыса кеткен дұрыс. Бала аздап дауысын көтере жылап, ақыры өзінің дұрыс емес екенін біліп, жылауын доғарады.
6. Баланың дұрыс емес әрекеті төңірегінде әке-балалы боп сөйлесу. Бала өз дәйектерін айтқанда, үндемей оның да өз ойына әке ретінде құлақ салу. Әңгімелесу барысында оның сөзіне құрметпен қарау. Алайда, кейде бала әңгімеге көнбей бейбалам салуы мүмкін. Мұндай жағдайда, әңгімені ары қарай өрбітпей тоқтатқан дұрыс.
7. Мәселені түбірінен жою. Балаға кері әсері бар жаман әдеттерден баланы алшақ ұстаған жөн. Мәселен, көрші балаларының жаман әдеттерінің әсері байқалса, олармен баланы ойнатпаған абзал. Бұл баланы жазалау емес, тек мәселені тамырынан кесіп тастау.
8. Балаға әдепті сөздерді үйрету. Ең оңай жолы бала ретсіз бір нәрсе сұрап тұрса, анасы: «Мүмкін бе, алсам рұқсат па, рахмет деп айта қой» деп үйрете жүру әдептілікке тәрбиелейді.
9. Жұлдызша тақтасы. Баланы жақсы әдеттерге бойын үйретуге талпындыратын әдіс. Әр күн немесе апта соңында тақтаға баланың жетістігін көрсету үшін жұлдызша тағып, апта соңында сол үшін бір сыйлық беріп тұру. Сыйлық, қымбат зат болуы шарт емес. Ең бастысы, бала өз «еңбегінің» нәтижесін көреді.
10. Соңғы нүкте. Баланың кезекті әдепсіздігін айту – мәселенің соңы емес. Мұны естіген бала өзін айыпты санап тұрады. Сондықтан, әңгіме соңында балаға өзінің жөнсіз әрекеті үшін кешірім сұрауға үйретіңіз. Ең соңында ешнәрсеге қарамай сіз оны жақсы көретініңізді білдіріп, құшағыңызға алыңыз [7].
Қорыта келгенде, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат-мұраларды жастардың санасына сіңіре білуіміз қажет. Тәрбиенің көзі ата-бабамыздан қалған мұралар мен дана сөздер десек, біз соларды насихаттайтын жүргізушіміз. Бүкіл қоғам болып қолға алып, мәдениетті, тәрбиелі болып жүруді әрқайсысымыз өзімізден бастасақ, жас ұрпақтың тәрбиесі де өз жемісін берері анық.
Баланы оқыту, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасау аздық етеді. Баланың жарқын болашағы үшін оның қызығушылығын одан әрі жетілдіру, ішкі жан дүниесіне үңілу, әңгімелесу де маңызды. Сондықтан бұл жылды балалармен сырласу жылы деуімізге де болады. Тәуелсіз еліміздің ұлдары мен қыздарының жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі бар, жерін, ата-анасын, ұстазын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық. Әр баланы болашақта елдің еңсесін тіктейтін, халқына қалаулы азамат етіп тәрбиелеп шығару өзіміздің қолымызда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Тілеужан М. Рухани өнегелі тəрбие // Бала тəрбиесі. — Алматы, 2006. — № 2.
- Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.
- Аймауытов Ж. Тəрбиеге жетекші // Бала тəрбиесі. — 2008. — № 47.
- Ахметова М.Т. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы // Өзіндік таным. — Алматы, — № 2.
- Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №7, 2007.
- Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №5, 2002.
- Бабаев C.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы // Бастауыш мектепте оқыту. — 2007.