Мақала есту қабілеті зақымдалған балалардың түзете–дамыту жұмыстарының ең тиімді әдістерін қарастырады. Есту қабілеті зақымдалған балаларға жүргізілетін түзете—дамыту жұмысының негізгі мақсаты–баланың естуін, естіп—қабылдауын және сөйлеу тілін қалыптастыру. Сол себептен, сурдопедагог түзете — дамыту жұмысында өзіндік ерекешеліктері бар әр түрлі жұмыс түрлерін пайдалана отырып, ата-ана, бала, маман бірлесе сурдопедагогикалық көмек барынша тиімді, нәтижелі болатыны көрсетілген. Мақалада көрсетілген ерте жастағы баламен жүргізетін түзету — дамыту жұмысының бағыттары мен нысандары болашақ сурдопедагог мамандарының жұмысына қажетті құрал болары анық.
Түйін сөздер: есту аппараты, есту қабілеті зақымдалған бала, жеке түзете—дамыту сабағы, топтық сабақ, кеңес беру.
Ерте жастағы есту қабілеті зақымдалған балаларға сурдопедагогикалық көмек келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
1) қарым — қатынас дағдыларын дамыту;
2) есту аппаратына бейімделу, есту аппараты көмегімен есту және естіп—қабылдауын дамыту;
3) сөйлеу алды және сөйлеу вокализациясын дамыту;
4) сөйлеу (импрессивті сөздік, грамматика) және ауызша сөйлеуді түсінуді дамыту;
5) танымдық процесттерді дамыту (қабылдау, зейін, түйсік, есте сақтау, ойлау, қиял, сөйлеу)
6) ірі және ұсақ моториканы дамыту;
7) өзіне — өзі қызмет көрсету дағдыларын және әлеуметтік дағдыларды дамыту;
8) ата — аналарға психологиялық — педагогикалық қолдау көрсету және оларды ақпараттандыру, кеңес беру.
Жұмыстың бұл бағыттары, біріншіден, барлық балалардың ерте жастағы дамуының негізгі бағыттарымен, екіншіден, ерте жастағы балалардың көптеген дағдыларының дамуы өзара байланысты екендігімен, сондай — ақ есту қабілеті зақымдалған балалардың даму ерекшеліктерімен анықталады.
Бұл ретте сурдопедагогтың іс — әрекеті баланың қалыпты дамуы үшін, оның ішінде сөйлеуі үшін жағымды жағдай жасауға, есту қабілетінің зақымдалуынан (екіншілік кемістік) және қосымша бұзылулардан туындаған психикалық функциялар мен моториканың бұзылуын түзетуге бағытталған.
Түзету — дамыту жұмысының бағдарлама мазмұны баланың әртүрлі дағдыларының даму деңгейіне және олардың жас нормаларымен сәйкес келуіне қарай құрылады (жалпы және ұсақ моторика, есту қабілеті, сөйлеу алдындағы қарым — қатынас дағдылары, танымдық процестер — қабылдау, зейін, есте сақтау, танымдық қызығушылық, объектілермен іс — әрекеттің сипаты, ойын іс — әрекетінің ерекшеліктері, әлеуметтік дағдылар мен өзіне—өзі қызмет көрсету дағдылары, сөйлеуді түсіну, вокализация/ауызша сөйлеу). Педагог сонымен қатар ана мен баланың өзара әрекеттесуінің тиімділігін бағалайды.
Егер маман түзете — дамыту жұмысында өзіндік ерекешеліктері бар әр түрлі жұмыс түрлерін пайдаланса, ерте жастағы есту қабілеті зақымдалған балаға сурдопедагогикалық көмек барынша тиімді болады.
1) отбасы мүшелеріне кеңес беру;
2) ата — аналарының қатысуымен баламен жеке сабақтар;
3) бірнеше балалармен және олардың ата—аналармен бірлескен топтық сабақтар;
4) балалар мен ата—аналардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізу;
5) ата — аналарға арналған семинарлар.
Отбасы мүшелеріне кеңес беру. Кеңес беру кезінде сурдопедагог ата—аналарды балаларын тәрбиелеу, олармен қарым—қатынас жасау, дамыту, оқыту мәселелері бойынша ақпараттандарады. Сонымен қатар, баланың есту мүшесін протездеу проблемаларын талқылайды, есту аппаратарын күту тәсілдерін көрсетеді, сұрақтарға жауап береді.
Ата-ана және бала қатысумен өткізілетін жеке түзету сабақтар.
Жеке түзету сабақтарында сурдопедагог баланың есту, сөйлеу, қарым—қатынас және басқа да дағдыларын мақсатты түрде дамыта отырып, есту аппаратындағы дыбыстарға баланың реакциясын бағалайды, маман ата—аналармен балада есту аппаратын тағу кезінде туындайтын қиыншылықтарды бірге талқылайды. Бірлескен ойындар кезінде баланың есту және басқа да дағдыларын дамыту тәсілдерін, баламен қалай дұрыс қарым — қатынас жасау керектігін үйретеді. Ата — аналарға баланың есту аппаратындағы есту қабілетін көрсетеді.
Бірнеше балалармен және олардың ата-аналарымен бірлескен топтық сабақтар.
Топтық сабақтар ең алдымен балалардың қозғалыс және қарым-қатынас дағдыларын, қабылдауын, еліктеу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Топтық сабақтарда музыкалық—ырғақты ойындарды жиі қолдануға болады. Ойын барысында балалар ересектермен бірге әуен ырғағы бойынша қозғалады. Бұл балалардың есту қабілетін дамытуға, ырғақты қабылдай білуге, қозғалыс жадына, дауыстық белсенділікті ынталандыруға қолайлы жағдай жасайды. Топтық сабақтар барысында ата — аналар өздерін еркін сезінуге, бір — бірімен қарым-қатынас жасай алуға, балалармен уақытты көңілді өткізуге дағдыланады. Топтық сабақтарға тек есту қабілеті зақымдалған балалар ғана емес, сонымен бірге қалыпты еститін балалар да қосыла алады. Бір жастан асқан балалармен сабақтарды белгілі бір лексикалық тақырыптарға сәйкес ұйымдастыруға болады. Мысалы: «отбасы», «дене мүшелері», «ойыншық», «киім», «аяқ киім», «тамақ», «жануарлар», «жемістер»,»көкөністер», «көліктер» және т. б.
Ата-аналардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізу. Белгілі – бір мерекелік іс-шараларға қатысу барысында, ата-аналар балаларымен бірлесе отырып, дайындалады, баласына көмек береді. Мерекелік іс-шаралар барлық қатысушыларды жақындастырады. Мерекелік іс-шара кезіндегі бейресми жағдай есту қабілеті зақымдалғкан балалардың өмірлік тәжірибесін кеңейтеді, жағымды эмоциялар туғызады, жаңа жетістікке жетелейді.
Ата-аналарға арналған семинарлар. Семинарлар кезінде сурдопедагог ата — аналарға есту аппаратын пайдалануға байланысты әртүрлі теориялық және практикалық мәселелер туралы ақпараттандырады, есту қабілеті зақымдалған баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелерін талқылайды, ата — аналар арасында қарым—қатынас орнатуға және тәжірибе алмасуға көмектеседі, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетеді. Сурдопедагогтың ата — аналарға алдын — ала үлестірме материалдарын дайындауы өте маңызды, олар үйде баланың қарым—қатынасы мен тәрбиесіне көмектеседі.
Ерте жастағы есту қабілеті зақымдалған балалардың ата-аналарына арналған семинарлардың ықтимал тақырыптары:
— «Баланың есту қабілетінің зақымдалуы. Оған қалай көмек көрсетуге болады» (үлестірме материал – ата — аналарға оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі, кітаптар және интернет — сайттардың атаулары; ата — аналар медициналық және психологиялық көмек ала алатын мекемелердің тізімі).
— «Есту қабілеті зақымдалған баламен қалай сөйлесуге болады? Баланың коммуникативтік дағдыларын дамыту» (үлестірме материал — баланы оқыту мен дамытудың 20 қағидасы).
— «Есту аппараттары мен кохлеарлық импланттар туралы ең бастысы» (үлестірме материал — есту қабілетінің төмендеу дәрежесін сипаттайтын және есту аппараты жоқ және есту аппараты бар баланың есту қабілеті мен дамуының сипаттамасы бар кесте, есту аппаратын күту және пайдалану бойынша ұсыныстар).
— «Баланың қалыпты естуі кезіндегі психикалық және физикалық дамуы» (үлестірме материал — 6—12 ай, 1—2 жас, 2—3 жас аралығындағы баланың дағдылары).
— «Күні бойына баланың есту, сөйлеу, түсіну дағдыларын дамытамыз» (үлестірме қағаз — күнделікті жұмыс кезінде баланың есту аппараттарында сөйлеуін дамыту бойынша ұсыныстар), үйде және көшеде ересектер баланы есту аппараттарында естуге үйрететін дыбыстардың тізімі.
— «Ойнаймыз және естуді, түсінуді, сөйлеуді үйренеміз» (үлестірме қағаз — баламен ойын түрінде сабақ өткізу бойынша ұсыныстар).
— «Есту қабілеті зақымдалған балалар және әлеуметтік мәселелер» (үлестірме қағаз — әлеуметтік жеңілдіктер тізімі және ата—аналардың әлеуметтік қамсыздандырылуы мен құқықтарын реттейтін негізгі заңдар).
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Андреева Л. В. Сурдопедагогика: Учебник для студентов высших учеб- ных заведений. М.: Академия, 2005.
- Бойцева З., Маллабиу А. Как растить малыша с нарушенным слухом. От родителей — родителям. СПб.: Реноме, 2016.
- Гарбарук Е. С., Королева И. В. Дневник слухопротезирования ребенка раннего возраста. СПб.: СПб НИИ ЛОР, 2015.
- Джонсон-Мартин Н. М., Дженс К. Н., Аттермиер С. М., Хаккер Б. Д. Программа «Каролина» для младенцев и детей младшего возраста с осо- быми потребностями / Под ред. Н. Ю. Барановой. СПб.: С.-Петербургский Институт раннего вмешательства, 2004.
- Жилинскене Е. М., Гуленко А. В., Сагалова Ю. В. Как мы были мама- ми глухих детей: Книга для родителей. — СПб.: КАРО, 2006.