Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда 1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
Сабақ жоспары
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Сабақ жоспары
Ілияс оқулары республикалық конкурсы
Байқау ережесі
Желтоқсан айындағы байқаулар нәтижесі
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > 1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

abyroi.art
abyroi.art
Бөлісу
Бөлісу

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында бірқатар мәселелерді атап өтіп, тың бастамалар көтерді. Соның ішінде ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде ұлт сапасын жақсарту ісіне ерекше тоқталып өтті. “ … Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады”  деп тұжырымдады. Иә, расымен де бала тәрбиесін де, балаға білім беруде ұстаздың еңбегі зор.

         Осы ретте, адамға білім беру процесі ең алғаш бастауыш сыныптарда берілетіні белгілі. Жалпы бастауыш сынып баланың білім мен тәрбиені бойына барынша жинап, тұлғалық дамуына ерекше жағдай жасайтын кезең. Сонымен қатар, баланың психологиялық өзгеріске ұшырауы да осы уақытта белең алады.

         Мәселен, мектеп табалдырығын енді аттаған жас жеткіншекте әсерлену тұрақсыздығы, көңіл-күйінің ауытқушылығы, қуанышты күйден жабырқау күйге тез ауысу секілді психологиялық мәселелер орын алады. Бұл жағдайда қайтпек керек? Бүгінгі мақаламда осы жайлы сөз етемін.

         Бұл жеткіншектердің көбі бұл кезеңде мақсатшыл келеді. Десекте, барлығы емес. Мысалы, бірі табанды, мақсатшыл болса, енді бірі ырықсыз болады. Бірі басқалармен аралас-құралас болуды қажетсінудің орнына оңаша болғысы келеді. Бір сөзбен айтқанда, оқушылар бойында  адамдарға үйірлік пен ұялшақтық қасиет  сабақтасып жатады. Осы уақытта  біз, әр жеткіншекпен жақын байланыс орнатып, қай ортада болмасын өзін еркін ұстауға, еркін ойлауға үйретуіміз қажет. Бұлай жасамаған жағдайда бала бас тарту реакциясын танытады. Яғни, айналасындағы адамдармен байланыс жасауға талпыныс жасамайды. Және де қарым-қатынас ауқымының аздығына, көбіне торығу сезіміне, жаңа атаулының бәрінен қорқу сезіміне, тамақтан, дағдылы ойыннан бас тартуға, сұраққа жауап беруге, оңашалануға ұмтылады.

         Жалпы, мектеп табалдырығын енді аттаған жұмыс жасау бастапқыда  қиынға соқтырады. Себебі, бұл жастағы балалар ерке, қырсық келеді. Бұл уақытта жеткіншек тарапынан қарсыластық реакциясын байқайсыз. Психологиялық тұрғыда, қарсыластық реакциясы екі түрге: белсенді және енжарлық болып бөлінеді. Соның ішінде біз бұл жастағы оқушыларының бойынан белсенді қарсыластыққа көптеп ұшырасып жатамыз. Ол дегеніміз, әдейі дөрекілік жасау, тіл алмау, қандай да бір тапсырманы орындаудан үзілді-кесілді бас тарту. Кейде мұндай реакция жылау, балағаттау, бүлдірушілік, тіпті ызалы әрекеттермен қабаттасып жатады. Бұл жағдай психикалық зақымдау жағдайларында пайда болып, бала өзін жәбірлеуші және күйзелістеріне айыпты деп санайтын белгілі бір адамдарға қарсы бағыттайды. Сонымен қатар, жәбірлеушіден кек алу үшін балалар қабырғаларға былапыт сөздер жазады, оның затын ұрлайды, басқа да жағымсыз әрекеттер жасайды. Осы тұрғысында В.В Ковалев белсенді қарсыластық реакциясының нағыз патологиялық құштарлықтан ерекшеленетін негізгі белгілері деп мыналарды санайды. Біріншіден, теріс мінез-құлықтың белгілі бір бағыттылығы мен саналылығы. Екіншіден, жағдаят бала үшін қолайлы болып өзгергенде, мінез-құлықтың кері бағытта тез қалпына келуі, яғни реакцияның кері дамуы.

         Бұл аталмыш мысалдардың барлығымен күнделікті өмірде бетпе-бет келіп жатамыз. Бұл жағдайдың алдын-алу үшін не істеуіміз қажет? Әрине, оқушымен тығыз жұмыс жасауымыз қажет. Мәселен, тақтаға оқушыны шығарып, есепті дұрыс шеше алмаса жекіріп ұрыспай,  байыппен, түсіндіруіміз шарт. Я болмаса балалар арасында келеңсіздіктер орын алса екі тарапты да бөліп жармай, ұғынықты түрде істеп жатқан ісінің дұрыс еместігін жеткізгендігіміз жөн.

         Келесі көрініс еліктеу реакциясы. Бұл белгілі бір адамға немесе бейнеге барлық жағынан еліктеушілікпен сипатталады. Еліктейтін адам көбіне кітаптағы немесе кинодағы кейіпкерлер  бейнесі болады. Еліктеу әрине жақсы. Десекте, оның да өз кемшіл тұстары бар. Ол жеткіншек шақта мінез-құлықтың қолайсыз формаларына: тілазарлық, бұзақы іс-әрекеттерге, ұрлыққа оңай ауысады.  Осыған байланысты еліктеудің мынадай аса зиянды мысалдарын келтіруге болады. Соңғы жылдары шетелдің, әсіресе, Батыстың адамшылдықтың шегінен шыққан әр алуан жыртқыштық оқиғаларын бейнелейтін фильмдері теледидардың коммерциялық каналдарынан жиі көрсетіле бастады. Жеткіншектердің сол фильмдердегі оқиғаларға еліктеп, жыртқыштық іс-әрекеттер жасаған оқиғалары көбейгені баспасөз беттерінен мәлім болып отыр. Мұндай реакциялардың қалыптасуына еліктеу нысанасына айналып отырған әлгіндей бейнелер себепші болуда.

         Өтем реакциясы да 1 сынып оқушыларында жиі орын алатын көрініс. Жалпы, өтем реакциясы – жеке бастың қандай да бір дене немесе психикалық кемшілігін сезінуге байланысты өзіндік кемістіктің күйзелісін психологиялық жағынан қорғау құралы ретінде қарастырылады.

         Қарапайым ғана мысал,  дене жағынан әлсіз бала күш пен епті керек ететін ұжымдық ойындардан бас тартады. Көбіне оқу материалын зорға меңгеретін жеткіншектер білім алуға жүрдім-бардым қарайды да, үздік оқушыларды келеке етеді. Өзінің әлсіз жолдастарын таңырқататын ерлік қылықтарды сыныпта үнемі жасап тұрады. Бұл жағдайларда да біз үнсіз қалмауымыз қажет. Ол оқушымен жеке жұмыс жасап, ата-анасымен байланыс орнатуымыз қажет.

         Келесі құштарлық реакциясы. Бұл дегеніміз – шабыттану, масаттану, сүйіспеншілік сияқты күрделі сезімдермен қатар жүреді. Жалпы, құштарлық жеткіншектердің танымдық әрекетінде, балалар ойыны сияқты маңызды мәнге ие,жеке басты қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Көптеген жеткіншектер үшін  құштарлық – бұл өзін-өзі көрсетудің, қатынастың және өзін өзгелермен салыстырудың құралы. Яғни, өз ортасында артықшылық мәртебеге жету құралы. Бұл көрініс үлкен адамға өрескел көрінгенімен, бүлдіршіндер үшін маңызды әрі қызықты. Ол үшін күрделі психикалық зақым жағдаяттарына құштарлық көп жағдайда сауықтыру сипатын береді де, оның өмірінің бүкіл жақтарын қамтып, барлық бос уақытын толтырады.

         А.Е.Личко мен Ю.А.Скроцкий құштарлықты мынадай типтерге бөліп көрсетеді. Бірінші,  парасаттық – эстетикалық құштарлық. Оған музыка, сурет салу, техника, ғылымның қандай бір саласы және т.б. жатады. Екінші, денелік-муалдық құштарлық. Оған, спорт, қол істерлігі, көлік жүргізу жатады. Үшінші, топ басылық құштарлық. Төртінші, жинақтаушылық құштарлық. Бұған көркемөнерпаздар үйірмесі, жастардың шартты тілі енеді. Бұл дегеніміз әрбір ұстаз оқушы бойындағы құштарлық сезімдерді ашып, дамытуға, сол  салада жетістікке жетуге баулуы қажет дегенді білдіреді.

         Сондай-ақ, бұл жас жеткіншектер мұғалім аузынан шыққан барлық сөздерге сенеді. Сондықтан, осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағлұматтарды ұқтыруға болады. Бұлай жасамаған жағдайда алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Негізі мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру-өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты. Және, айтып өтерлігі бұл жастағы балалардың жауапкершілік сезімі артады. Ақыл-ойы дамып, ерік сапалары қалыптасады. Мектепке келген соң өзара қарым-қатынас балалар бақшасына қарағанда әлдеқайда күрделеніп, өзінше бір мәнге ие болады. Ал, бұл кезде біз оқушының оқуға психикалық дайындығын қамтамасыз ету, жаңаны танып, есте сақтауын, логикалық ойлау, жігер, тырысу қабілеттерін дамытуымыз шарт. Аталмыш міндеттерді тек арнайы оқыту жолымен емес, қоршаған өмірмен таныстыру нәтижесінде де жүзеге асыра аламыз. Және де оқушыларға:

  • Оқуға талпынуы үшін мектеп туралы дұрыс ұғым қалыптастыруымыз;
  • Мектеп ережелері мен қойылатын талабын дұрыс түсіндіруіміз;
  • Оқу әрекетінің кейбір дағдыларын меңгертіп, қолының жазуға дағдылануын, сөзді байланыстырып сөйлеуге үйренуін үйретуіміз қажет. Осыларды ескере отырып, біз сабақ беру барысында оқушылардың сабаққа деген құлшынысын жоғалтып алмауымыз қажет. Мәселен, мұғалімнің сабақ беру методикасы, берілген тапсырмалар оқушыларды зеріктіріп жібермеуі қажет.

         Осылардың барлығынан қорытынды шығарар болсақ, Ыбырай атамыз былай дейді: «Мұғалім кіммен істес болып отырғанын еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егерде, балалар бір нәрсені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауы тиіс. Балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық танытқаны абзал, екі ұшты, астарлы сөз, орынсыз терминдерді қолданбаған жөн болады». Міне, біздің де негізгі ұстанымымыз осы болуы шарт. Себебі, ұстаз – бала жанының, бала тәнінің бағбаны.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Білім берудегі практикалық психология: оқу құралы / З. М. Балғымбаева, Н. Ахтаева ; Әл-Фараби атын. ҚазҰУ. — 2-бас., толықт. -Алматы : Қазақ университеті, 2013. – 230б.
  2. Жас ерекшелік психологиясы : оқу құралы / Г. Б. Бейсенбекова, Р. А. Молдабаева, С. М. Нұрғалиева; ҚР Білім және ғылым м-гі, Е. А. Бөкетов атын. ҚарМУ. — 3-бас. — Қарағанды : Ақнұр баспасы, 2019. — 185 б.
  3. Тұлға психологиясы : оқу құралы / Света Қыдырбекқызы Бердібаева; [ред. Г. Рүстембекова]; әл-Фараби атын. ҚазҰУ. — Алматы : Қазақ ун-ті, 2015. — 151 б.

Этностық өзіндік сананы қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері (6-7 жастағы қазақ балаларының оқу іс-әрекетінің үлгісінде): Б. П. Мырзатаева ; Алматы, 2009. – 25б.

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Зайыр Назерке
Ақмола облысы, Астана қаласы, Сарырқа ауданы
Тұран-Астана университеті
Магистрант. 2 — курс

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [23.22 KB]

Басқа мақалалар

Тереңдетілген дайындық кезеңінде 14-15 жас аралығындағы футболшылардың техникалық дайындығының ерекшеліктері

Әлібек Асқар прозасындағы табиғат философиясы

Нравственное воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы.

12-13 жас аралығындағы жас футболшылардың жылдамдық-күш қасиетттерін дамыту

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
abyroi.art 26.01.2023
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
abyroi.art
Автор abyroi.art
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Келесі материал Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?