Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын оқушы жастардың рухани-адамгершілік білім алуының басты векторы ретінде жүзеге асыру
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Teaching English through literature to Yessenov University students
Мақала
ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR
Мақала
Ақтөбе өңіріндегі Жанажол кен орнында фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу
Мақала
ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Мақала
Химия сабақтарында зерттеушілік оқытуды жүзеге асырудағы танымдық қызығушылықтың маңызы
Ғылыми жоба Мақала
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > «Рухани жаңғыру» бағдарламасын оқушы жастардың рухани-адамгершілік білім алуының басты векторы ретінде жүзеге асыру
Мақала

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын оқушы жастардың рухани-адамгершілік білім алуының басты векторы ретінде жүзеге асыру

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Мақалада «Рухани  жаңғыру»  бағдарламасының  оқушы  жастарды  рухани-адамгершілікке  тәрбиелеудегі  өзектілігі,  «Өзін-өзі  тану»  рухани адамгершілік  білім беру  бағдарламасының  білім  беру  үйымдарында  жүзеге  асыру  маңыздылығы  туралы  баяндалады.  Авторлар қарастырылып отырған  тақырыпқа  байланысты ойшылдардың, ағартушылардың, философтардың, ғалымдардың еңбектерін талдап, рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбие берудің қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлін сипаттайды.

Мақалада «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының білім беру үдерісіндегі метапәндік рөлі айқындалады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың бағыты анықталады.

Авторлар әрбір азамат өз бойында қайырымдылық, адалдық, Жер бетінде болып жатқанның бәрі үшін де жауапкершілік шамасын түсінетін қасиеттерін тәрбиелей отырып, өзін-өзі тани білуі тиіс деген қорытынды жасайды.

Кілтті сөздер: рухани-адамгершілік білім, тәрбиелеу, өзін-өзі тану, қоғамдық сананы жаңғырту.

Кіріспе

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігі еш күмән туғызбайды, себебі қазіргі қоғамдағы ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы жаңғырту қажеттілігімен байланысты.

Бұл халық кез келген саяси, әлеуметтік-экономикалық түрлендірулерге бағытталған, ыңғайланған, қабылдауға дайын болғанда ғана аталған түрлендірулер табысты болмақ дегенді білдіреді. Президент қоғамдық сананы жаңғырту дегеніміз – бұл саяси және экономикалық жаңғыртудың өзегі болып табылады деп атап өтті [1].

Еліміздің барлық аумағында бағдарламалық мақаланы жаппай талқылау жүріп жатыр. Өзін-өзі тану педагогтары қоғамдық сананы жаңғыртудың негізі балалардың бойында өмір жолының бастапқы күнінен бастап тәрбиеленуі тиіс руханилық пен адамгершілік болып табылатынына сенімді.

Ежелгі гректер «Өзіңді таны!» деген болатын. «Өзіңді танысаң сен бүкіл әлемді танисың. Өзіңе қатысты мағлұматсыздықта қалып қойма; аса көп адам жасайтын қателікке ұрынба: әдетте адамдар өз-өздерін талдауға ұмтылмайды, басқалардың ісіне қызығушылық танытады. Онда сен осыны жасауға ерінбе, қайта керісінше, бар күшіңді салып өзіңді-өзің қадағала», — дейді Сократ [2].

Абай болса қысқа да нұсқа қайырған: «Адам бол!» [3].

Қай заманда да ағартушылар, философтар, педагогтар өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің қажеттілігі туралы, соның нәтижесінде салауатты қоғам қалыптастыру мүмкіндігі туралы мәселе көтеріп келген болатын. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жазушы әрі философ Жан-Жак Руссо жеке меншіктің шексіз билігіне негізделген, мәдениеттің прогресі әлеуметтік және адамгершілік регреске ұшыратқан өркениетті сынға алған болатын. Ол адамдардың жеңіл олжа табуға деген ниеті адамгершілік кеселдерінің туындауына алып келетіні туралы, адамгершілік негізі — табиғатынан мейірімді әрі қайырымды болып келетін адамның бастапқы ақыл-парасатқа негізделген, өркениетпен бұлғанбаған шынайы ұмтылыстары екендігі туралы жазды [4].

Негізгі бөлім

Отандық және әлемдік білім беру кеңістігіндегі жаңартпашылық болып табылатын «Өзін өзі тану» адамгершілікрухани білім беру (АРБ) бағдарламасы рухани-адамгершілік білімді біртұтас педагогикалық үдеріске біріктіру арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуда әлеуеттік мүмкіншіліктерге ие.

«Білім беру» ұғымын оқыту мен тәрбиелеу нәтижесі ретінде анықтап, адамның мейірімділігі, адалдығы, жауапкершілігі, тәртіптілігі және басқа да қасиеттері туралы рухани-адамгершілік білімді әртүрлі ғылымдарға: математика, физика, биология, арнайы пән сабақтарын оқыту үдерісіне кіріктіреміз.

Осылайша, әскери оқу орнында арнайы пәндерді оқыта отырып, білім алушылар назарын әскери істің нақты көшбасшылардың өмірі мен қызметінен алынған үлгілерге аудару қажет. Мысалға, Бауыржан Момышұлы — Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы. Оның шығармаларының басты тақырыбы нағыз жауынгердің мінез-құлқының қалыптасуын сипаттау, Отанды жау шапқыншылығынан қорғау кезіндегі халықтың жауынгерлік ерлігін, батырлығын мәшһүр ету болды. Патриоттықтың, тәртіптің, жауапкершілік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік істері болып табылады.

«Өзін өзі тану» АРБ бағдарламасы білім беру үдерісінде метапәндік рөлді ойнайды, ол терең рухани-адамгершілік білім алуға ұмтылған адамның үйлесімді дамуына бағытталған.

Кіріктіру шарттары:

• жүйенің үздіксіздігі: «Өзін өзі тану» АРБ бағдарламасын жүзеге асырудағы балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

• педагогтардың рухани-адамгершілік білім беруде білім алушылардың кәсіби біліктілігін дамытуға бағыттылығы;

• барлық пәндер оқытушыларының өзін өзі тану мен басқа да оқу пәндерінің біріктірілуі мәнмәтініндегі кәсіби дайындықты жетілдіруге бағытталуы;

• балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеуде атааналар қоғамдастығымен педагогикалық ынтамақтастықты белсендіру;

• рухани-адамгершілік өзінөзі жетілдіру мәнмәтініндегі сананы жаңғырту мәселелерін зерттеуге қоғамдастықты тарту.

Білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру қоғамның рухани жаңғыруымен тікелей байланысты. Мұнда қазақстандық әскери мектептің дамуындағы сабақтастықты қамтамасыз ететін, өткен мен бүгінгі күннің ең үздік дәстүрлерін сақтайтын және нығайтатын әскери оқу орындарын қоса алғандағы, барлық оқу орындарының орны маңызды.

Ғылыми-техникалық прогресс ғасырында әлемдік білім беру жүйесі оларды шешу үшін терең талдауды, жағдайды барлық тараптан зерделеуді талап ететін үдемелі жаһандық мәселелермен кездесіп отыр. Жаһандық мәселелердің туындау катализаторларының бірі адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында, оның ішінде білім беру саласында технологиялық үдерістердің қарқынды дамуы болып табылады.

Мемлекетті нығайту және одан әрі дамыту мақсатында елдердің үкіметтері халықтың өмір сапасын жақсартудың маңызды факторы ретінде білім беруге ерекше көңіл бөледі. Бәсекеге қабілетті мемлекет құруға белсенді қатыса алатын оқушы жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға көмектесетін білімдерге басымдылық беріледі.

Ал рухани-адамгершілік білім дегеніміз не? Біз бүгінде мықты кәсіпкер, бизнесмен рақымшылық әліппесін білетініне, әлсіз, мұқтаж адамға риясыз көмек көрсете алатынына сенімді бола аламыз ба? Біздің жастарымыз бірнеше тілді және компьютерлік технологияларды игере отырып, керек сәтте қарт адамдар мен қайғыға ұшыраған адамға қамқорлық жасай алатынына сенімді бола аламыз ба? Егер зияткерлік білім рухани-адамгершілік біліммен үйлесім тауып жатса, біз оған сенімді бола аламыз. Егер гуманитарлық та, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми да циклдер бойынша оқу пәндері мазмұны арқылы оқушылар риясыз мейірімді әрекетер негіздерін танып-білетін болса, жалпы адамзаттық құндылықтар мәніне тереңдеп үңіле алатын болса ғана сенеміз.

Міндет тек жоғары білікті мамандар дайындау ғана болып отырған жоқ, сондай-ақ адамгершілігі жоғары кәсіби мамандар дайындап шығару маңызды. Қазіргі заманғы офицерлердің көзқарастары мен сана-сезімін қалыптастыруда, олардың өмірлік ұстанымдарын анықтауда әркімнің өзінөзі тануы, өз мүмкіндіктерін анықтауы, өзінің барлық күшін танымдық және шығармашылық қабілеттерін ашуға бағыттауы, өз ерік-күшін шыңдауы, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуы маңызды.

Келесі өмірлік маңызы бар сұрақтарға жауап беруі маңызды: Мен кіммін? Бұл өмірге не үшін келдім? Менің өмірімнің мәні не? Австриялық белгілі психиатр және невролог, нацистік концлагерьдің тұтқыны болған Виктор Франкл соғыстан кейінгі жылдары 30-дан астам кітап жазған, сол кітаптарында мынадай басты ойды атап өткен: әр жағдайда өмір сүру ержүректілігі немесе өмір сүруден шаршау тек қана адамның өмірдің мәніне, өз өмірінің мәніне деген сенімге ие болуына байланысты болмақ [5]. Ницшенің «Не үшін» өмір сүретінін білетін жан кез келген «қалай» дегенді жеңе біледі» деген сөзін ұран етіп алуға болады.

Рухани-адамгершілік білім беруде әйгілі адамдардың өмірі мен қызметін, олардың айтқан ойларын мысалға келтіре отырып тәрбиелеу аса құнды болып табылады. Үндістандық саяси және қоғам қайраткері, өз елінің тәуелсіздігі үшін қозғалыс басшыларының және идеологтарының бірі Махатма Ганди келесі ұлы сөздерді айтқан: «Күш көрсетпеу — аса мықтылардың қаруы. Әлсіздер ешқашан да кешірмейді» [6].

«Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру өздігінен өзектілігін арттыруға, өзінің шығармашылық әлеуетін тұрақты түрде арттырып тұруға, бірінші кезекте ой, сөз және істің бірлігімен анықталатын рухани-адамгершілік қасиеттерін жетілдіру жолында жұмыс жасауға қабілетті жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған.

Соғысқа жарамды, жұмылған әскер құру көбіне әркімнің күрделі қалыптан тыс жағдайларда өз бетімен шешімдер қабылдай білу қабілетіне, қашан да «арождан», «ақиқат», «сүйіспеншілік», «мейірімділік», «қайырымдылық» тәрізді ұғымдармен байланысты өзіндік талдау, рефлекция жасай білу қасиетіне байланысты.

Өмірлік тәжірибесі мол адамдардың барлығы жастарға дұрыс өмір жолын табуға көмектесуі тиіс, жастардың өзгеруіне көмектесуі қажет. Аса көрнекті жазушы Николай Островский айтқандай: «мағынасыз өмір сүрген жылдарым үшін азапты қиналысқа түспейтіндей, зымияндыққа және ұсақтыққа толы өткенім үшін масқара болу жанды жемейтіндей» [7] болып өзгеру қажет.

Қорытынды

Әркім өзін руханилық және адамгершілік тұрғысынан өзгертуі тиіс. Дұрыс бағыт беру, ұлттық-мәдени тамырда зерделеу мен игеруге мүмкіндік беру, бәсекеге қабілетті маман болу, салауатты өмір салтын ұстану, ұлттық бірегейлікті сақтай және Адам болып қала отырып реалист және прагматик бола білу маңызды!

Ел басы Н.Ә. Назарбаев: «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс — біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деп атап көрсетті [1].

Өз бойында Отанының нағыз азаматының: қайырымды, адал, Жер бетінде болып жатқанның бәрі үшін де жауапкершілік шамасын түсінетін қасиеттерін тәрбиелей отырып, әркім өзін өзі тани білуі тиіс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру  //Казахстанская правда. – 2017 жылғы 12 сәуір.

2. Платон. Шығармаларының төрт томдық жинағы. – М.: Мысль, 1990. –1994.

3. Абай. Қара сөздер кітабы. – Алматы: 1992.

4. Жан-Жак Руссо. Трактаттар. – М.: Наука,1969.

5. Франкл В. Өмір мәнін іздеу және логотерапия. Жеке тұлға психологиясы. Жинақ. – М.: МГУ, 1982.

6. Махатма Ганди. Менің өмірім. – Алма-Ата: Жалын, 1989. 7. Островский Н. Құрыш қалай шынықты. – М: Правда, 1982

Серғазина Әлия Сейтжанқызы

Алматы қаласы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

Teaching English through literature to Yessenov University students

ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR

Ақтөбе өңіріндегі Жанажол кен орнында фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу

ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 02.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Сан аралықтар. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы
Келесі материал Қоғам дамуындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Teaching English through literature to Yessenov University students
ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR
Ақтөбе өңіріндегі Жанажол кен орнында фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?