Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ИДИОМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
Сабақ жоспары
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Сабақ жоспары
Ілияс оқулары республикалық конкурсы
Байқау ережесі
Желтоқсан айындағы байқаулар нәтижесі
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ИДИОМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Мақала

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ИДИОМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

abyroi.art
abyroi.art
Бөлісу
Бөлісу

                                                 Түйіндеме

      Бұл мақалада, идиомалардың қазақ және ағылшын тілінде қолданудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына жан-жақты талдау жасалған.

  Кілт сөздер: идиома, мәдениет, жан-жануар, ұлттық бедер, фразеология.

       Кіріспе.  Тіл әрбір ұлттың мәдениетімен, рухани құндылықтарымен біте қайнасқан әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық бедерін айқындаушы құрал.

       Әртүрлі мәдениет өкілдерінің санасындағы, танымындағы әлем бейнесі әртүрлі және әр халықтың өмірді тануында, қабылдауында ұқсастықтар, ортақ, жалпы жақтарымен қатар, өзіндік айырмашылықтар мен ерекшеліктер болады. Ол сөз жоқ, тілде көрініс табады, ал сол тілді зерттейтін әр ұлттың өзінің тіл ғылымы бар.

       Негізгі бөлім.  Тұрақты сөз тіркестері тілімізде айрықша орын алады. Тұрақты сөз тіркестерініне қатысты терминдердің бірі идиома. Идиомасемантикалық жақтан бөлініп ажырамайтын, біртұтас мағынасы құрамындағы сыңарларының негізгі, номинативті мағынасынан мүлдем алшақ, мүлдем басқа мағына беретін тізбектер [1, 173].

     Идиом сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мәнмағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағына береді. Бұларды басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді, бөліп жаруға болмайды. Идиом терминин қазақ тілінде І.Кеңесбаев фразеологиялық түйдектер деп атаса, Қ.Аханов пен Ә.Болғанбаев фразалық тұтастықтар деп атаған.

       Идиомалық топтағы сөздердің байланысы берік болады, олардың тұтас топ болып тұрғандағы беретін мағынасы жеке тұрғандағы мағыналарына қатысты болмай мүлде бөтен мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғаңмен кеңес (ойлан), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), сиыр құйымшаққа салу (бір нәрсені созып кету).[2, 39].

      Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты идиомалық тізбектерге бай және олар кең қолданыста болып табылады. Ағылшын тіліндегі назар аударарлық фактінің бірі идиома ауыз екі сөйлеу тілінде ғана емес, сонымен қатар тілдің формальды стиль түрінде, сленгте, поэзияда немесе Шекспир тілінде және де Библияда қолданылады. Белгілі лингвист Ю.А.Шафрин: «идиома – это ряд слов, употребляемых совместно и сообщающих этому ряду значение, не совпадающее со значением каждого из слов идиомы, взятого поодиночке»,деп анықтама береді [3, 19].

      Көптеген идиомалық тіркестер ағылшын тілінде тұрмыс тіршіліктермен, күнделікті тұрмыстық заттармен ұштасып жасалынылады. Мысалы: to be born with a silver spoon in one’s mouth, to hit the nail on the head, to make a clean sweep of something, to eat humble pie, to be in the soup т.б. Күнделікті тұрмыстық өмірді, тұрмыстық бұйымдарды арқау ете отырып, жасалынған идиомалар біздің тілімізде де көптеп көрініс тауып жатады. Мысалы: Айран-дай ұйып отыр, жабулы қазан жабулы күйінде, шөміштен қысты, пышаққа тосты, жастықтан бас көтерді т.б.

     Қазақ және ағылшын идиомаларында жанжануарларды қолдануы сол этностардың санасына қалыптасқан, әбден сіңген бейнесіне байланысты [5, 12-40]. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі идиомалардың құрамындағы «жануар» ұғымының берілу ерекшелігі төмендегі кестеде көрсетілген.

   Кесте 1.

Қазақ тіліндегі идиомаларАғылшын тіліндегі идиомаларИдиомалардағы жануар ұғымының берілу ерекшелігі  
Қазақ тіліндеАғылшын тілінде
1.Қой аузынан шөп алмасCan’t say bo (boh, boo) to a gooseҚойҚаз
2. Іштен шыққан шұбар жыланA snake in the grassЖыланЖылан
4. Қой терісін жамылған қасқыр  Wolf in sheep’s clothingҚасқырҚасқыр
5 Қырқылжың түлкідейAs cunning as a fox  ТүлкіТүлкі
6 Бір оқпен екі қоянды атып алу  To kill two birds with one stoneҚоянҚұс
7. Ешкінің құйрығы көкке жеткенде, түйенің құйрығы жерге жетеді  When pigs fly, when the cow comes home  Ешкі, түйеШошқа, сиыр
8. Ит өмірA dog’s lifeИтИт
9 Ит пен мысықтай  Lead a cat and dog lifeИт, мысықИт, мысық

         Жоғарыда келтірілген кестеде екі тілдегі идиомалардың құрамындағы жануарларға қатысты сөздердің қолданылу ерекшелігің көрсетеміз. Мысалы қазақтардағы қой аузынан шөп алмас тұрақты сөз тіркесін ағылшындарда (can’t say boo to a goose) қазға буу деп айта алмау деп алса, іштен шыққан шұбар жылан дегенде, ағылшындар (a snake in the grass) шөптің ішіндегі жылан деп берген. Тасбақа жүріс, яғни баяу, жай қозғалысты ағылшындар (snail’s pace) деп жайбасарлықты ұлу сөзін қолдану арқылы көрсеткісі келген. Қазақ тіліндегі қоянды бір оқпен атып алу тұрақты сөз тіркесі ағылшын тілінде (to kill two birds with one stone) екі құсты бір таспен атып алу деп берілген, яғни қоян сөзінің орнына құстар сөзі берілген. Ешкінің құйрығы көкке жеткенде, түйенің құйрығы жерге жетеді деген тұрақты сөз тіркесінде ағылшындар (when pigs fly, when cow comes) ешкі, түйе сөздерінің орнына шошқа және сиыр сөздерін қолданған. Бұл идиомалар құрамындағы жануарларға қатысты сөздер әртүрлі болып келгенімен, олардың барлығы бір мағынада жұмсалатыны белгілі.. Қой терісін жамылған қасқыр (Wolf in ship’s clothing), қырқылжың түлкідей (as cunning as a fox), ит өмір (a dog’s life), ит пен мысықтай (lead a cat anddog life) деген идиомаларда екі тілде де жануарлар сөзінің қолданысы да, мағыналары да дәлме-дәл [5, 38-56].

         Қорытынды . Қазақтың тіл байлығы тек ұзын сөздің санымен ғана өлшенбейді. Сөз байлығы деген ұғым сөздің әр алуандылығы мен мағына реңктерінің молдығымен бағаланатын аса күрделі категория. Ұлттық тілдің сөз қазынасының бірі тұрақты сөз тіркестер құрамы жағынан тұрақтылығымен, кез келген тұста қолдана беруге болмайтын талғампаздығымен, мағына-мазмұн тереңдігімен ерекшеленіп тұратын тілдік құбылыс. Халықтың салт-санасы, дүниетанымы, дәстүрлі мәдениеті мен сан ғасырлық білімдер жүйесі тұрақты сөз тіркестерінен көрініс тауып, тіл қазынысының ерекше бір қымбат дүниесісөз жүлгесінің ішінде шоқтығы болып көрінетіні белгілі. Тілдің інжу маржандай көрінетін сөз орамдарының қаймағын бұзбай орынды жұмсау тіл мәдениеттілігін, сапасын көтеретін жайт. Идиомалар сөзімізді өткір, көрікті образды ету үшін жұмсалады. Жалпы қазақ және ағылшын тілдеріндегі идиомалар өте көп, кең қолданысқа ие және мейлінше бай. Кең даланы иемденген халқымыздың сөз байлығының нәрлі бастауы ешқашан сарқылмайды.

         Әдебиеттер:

  Д. Айсиева  ҚазҰУ Хабаршысы  2012 ж.

  Хасенов Ә.Тіл білімі. – Алматы: Санат. – 2003.

   Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1988.

   Шафрин Ю. А. Идиомы английского языка. Москва: Лаборатория знаний. –    2003.

   Кеңесбаев І.К. Фразеологиялық сөздік. – Алматы: Арыс. – 2007.    Сиротина М.И. Тысячи идиом. — Москва: Владос. – 1997

Оспангалиев Толеби Сутыбаевич

           Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті                                        Алматы қ., Қазақстан

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Тереңдетілген дайындық кезеңінде 14-15 жас аралығындағы футболшылардың техникалық дайындығының ерекшеліктері

Әлібек Асқар прозасындағы табиғат философиясы

Нравственное воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
abyroi.art 02.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
abyroi.art
Автор abyroi.art
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Қардың пайдасы
Келесі материал ҚЫСТАП ҚАЛАТЫН ҚҰСТАР
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?