Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда ПОЭЗИЯҒА  ҒАШЫҚ  ЖҮРЕК
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
Сабақ жоспары
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Сабақ жоспары
Ілияс оқулары республикалық конкурсы
Байқау ережесі
Желтоқсан айындағы байқаулар нәтижесі
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > ПОЭЗИЯҒА  ҒАШЫҚ  ЖҮРЕК
Мақала

ПОЭЗИЯҒА  ҒАШЫҚ  ЖҮРЕК

abyroi.art
abyroi.art
Бөлісу
Бөлісу

Мен бүгін өзге ақындарға сын-семсерімді қадаудан аулақпын.Оқырманның  алуан түрлісі болатыны сияқты, ақынның  да  алуаны, өлеңнің де алуаны болады екен. Алдымен  мен оқырман  ретінде  таныстым  ақынмен,  сосын  сыншылық  көзқараспен де қарап көрдім,  сосын үңіле түстім, сөйтсем, еріксіз мазалайтын, дамыл бермейтін, көңілімді күпті еткен ой тебірентті  мені.  Қолыма қалам ұстатып,зерделеуде жол сілтеді, оқытты, ойлантты,  толқытты; тыныштандым. Бір көркем әлемге бас сұққанымды сездім, сол көркемдікті іздедім, таптым.  Ол-өлең құдіретті. Ол-ақын  құдіретті. Ол-поэтика!

Contents
Автор: 

     Ал «поэтика» термині туралы менің замандас құрбыларым не біледі  екен?

«Поэтика»! Алдымен «поэтика» ұғымы туралы айтсам деймін.  «Поэтика»   термині эстетикалық категория ретінде алғаш рет Аристотельдің  еңбектері арқылы белгілі болды, 19 ғасырдың  орталарында  поэтика туралы ілім сөз өнерін зерттейтін әдебиеттану ғылымның бір бөлімі ретінде қалыптасты (8.32).

     Бүгін мен ақын М. Шоқанов поэтикасы  туралы сөз қозғаймын , оның  құдіретін тануға баршаңызды шақыра отырып, өлең атты киелі әлемге бойлайтын боламыз.  Алайда бұл  менің әдебиеттану әлеміндегі алғашқы қадамдарының бірі болса, болашақта мен әдебиет туралы ой  кеңістігімде еркін  самғауға бағыт аламын деп батыл қадамға бекіндім.

    Сөз жоқ,

Поэзия-әсемдікті мүсіндеу,

Ал әсемдік-ізгіліктің қанаты.

Жыр қадірін түсінбеу –

Гүл қадірін түсінбеуден әлдеқайда сорақы,-  деп М.Шаханов айтқандай, поэзия- көркем сөздің  ең асылы.  Көңілдегі көрікті ой өлеңмен берілсе ғана әсерлі болмақ.  Өлеңмен, жырмен өрілген сезімге еш нәрсе де жетер емес. Поэзия әлемін шарлау- сезімнің тұнықтығы.  Жаныңды нұрландырып, қиялға жетелейтін де поэзия.  Өз  ойын  өлеңмен өрнектеген Абай, Мағжан, Ахмет, Сәкен, Ілияс, Мұқағали, Міржақып, Фариза сияқты тағы басқа толып жатқан ғажап ақындарымыздың ішінен мен М.Шахановты бөліп алдым.  Өйткені Мұхтар жырлары – таза сезімнің өмірден алынған айнасы. Ақынды сүйген барша оқырманы оны сезімнің айнасындай  тамаша жырларына ғашықтықтан жақсы көреді деп есептеймін . Менің мақсатым  айқын – ақынның  рухани көркем дүниелерінің  қыры мен сырына үңіле отырып, қазақ әдебиетіндегі айрықша орнын түсіну, ақын еңбектерінің көркемдік ерекшеліктерін тану, оның рухани әлеміне жетелейтін сырын ашу, тек мазмұнын емес, көркемдігін өзгелерге таныту, рухани айдар ашуға ұсыныс беру.

      М.Шаханов – талантты дара тұлға. Оның жырларының дені сонау 20 ғасырдың екінші жартысындағы поэзияға жатса да, 21 ғасырдың басында да қаламын тастай қойған жоқ. Екі ғасырды тоғыстырып, керемет жалынды жырлардың авторына айналған Мұхтар бүгін ұлт пен тіл жанашырына айналды. Бір кездерде таза махаббатты жырлаудан жалықпаған ақын жүрегі енді, міне, ұлтының берекесін, бірлігін,дінін,тілін жырлауды мақсат етуде.

Туған тілде шұбарламауды сөзімен де, ісімен де  сондай бір қайсарлықпен  қанға біткен  батылдық  намыспен дәлелдеп келеді. Оның поэзияға ғашық  жүрегі сол елі, жері,тілі,намысы,ынтымағы туралы әлі талай биіктерге өлең – жырларын асқақтата бермек.

      Сондықтан ортамызда жүрген дарынды ұлдарымыздың  елге сіңген еңбегін зерттеу, жақсы ісін зерделеу, тәлімін бойға сіңіру және сол арқылы болашақты тәрбиелеу – біздің міндетіміз. Мұхтар жырлары да біз үшін тағылымы мол міндетпен тең.

Әрі ақын ,әрі ғалым дарынды ,

Текті жерден шыққан алып тұлғасы.

Бір өзі тек қаламгер де қарымды,

Үлкеннің де, кішінің де құрдасы.

 

Әдебиетті  көтеріп зор белеске,

Ұшан-теңіз артындағы мұрасы.

Жыр жолдары әрі бөлек,ерекше,

Өзгелерден озық әлі құлашы.

 

   Мұхтар Шаханов – ақын. 1942 жылы туған.Тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» 1966 жылы жарық  көрді. Махаббат, достық тақырыбындағы адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған «Балладалар» 1968 жылы , «Қырандар төбеге қонбайды» 1974 жылы , «Махаббатты қорғау» 1982 жылы , «Жазагер жады космоформуласы (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы)» 2002 жылы басылды.Махамбет өмірінен алынған «Нарынқұм» трагедиясы 1980 жылы және көне қала – Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмалары 1982 жылы жарық көрді. Ол халық арасына кең тараған бірқатар әндердің де авторы («Асыл жарым», «Жұбайлар жыры» т.б.

     Өз дәуіріне сай қазақ поэзиясында өзіндік елеулі мұра қалдырған халық ақыны М.Шахановтың лирикалық өлеңдерінде қазақ поэзиясындағы халықтық философия,насихат,өсиет дәстүрлері толық қамтыла жырланды.

     Сюжетке құрылған көптеген жырлары күрделілікті, өзгелерге ұқсамас даралықты,өмірімен, тарихпен сабақтастықты көрсетеді.Тәлім-тәрбиелік тағылымға құрылған өлеңдері («Достық өлкесінің заңы», «Арман», «Мен қыз үшін ұялдым» т.б.) адам көзқарасын азаматтық, парасаттылық, елжандылық, отаншылдық ұғымдарымен ұштастыра жырлайды.Бірде Махамбеттің соңғы сөзі, «Отырар дастаны» поэмаларындағы ақын мұраты да ашық айқын көрінеді. Оның мұраты – халыққа өмірін арнаған абзал жандардың бойындағы жақсы қасиеттерді адамгершілік, ізгілікті жырлау және олардың тұлғаларын өнеге ете жырлау. Жақылық  жасауы жүрегінің  жылылығынан танылатын ұлылық иелері өмірін елге арнаған ана, қаһарман әке тұлғаларын  ақын бөліп – бөліп, ерекше құбылта жырлайды.

    Оның жырлары – ақындық ой – сезімнің ойшылдық  өрімдерімен толықсып өрілген тебіреніс жыры, ақындық ойдың ішкі психологиялық ағыстарының әр қилы арналардағы қозғалыстарының сезімдік нәтижелері. Демек , жырларынан ақындық азаматтық ойшылдығы танылады.

  Ақын өлеңдері  кезінде зерттелді, көркемдігі танылды деп біреулер талас тудыруы да мүмкін. Бірақ мұрағаттарды, бұқаралық ақпарат құралдарын ақтара отырып, мен балладаларындағы фабула жөнінде және автор шығармаларының көркемдігі, ұйқас ерекшеліктері, философиялық  түйіндері  тура толық зерттелген мәлімет таба алмадым. Бар, бірақ аз. Міне, содан соң ақын өлеңдеріне деген махаббат мені көркемдік ерекшеліктерді танытуға алып келді. Авторша айтсам,

Тұс-тұсымен қаумалап кеп

Көкейтесті мың сұрақ.

Мені айт, мені айт деп

Тұрғандай намысымды шамшылап.

        М. Шаханов поэзиясының кереметтілігі сонда — одан жеке бастың реніш, өкпесін таба алмайсыз . Өнерінің кәусәр туындысы халық өмірінің терең мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналды . Шын мәнінде ақынның өнерінде халық даналығының таңбасы бар десек қателеспейміз. Ол өнердің жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетіне жарауында жатыр. Поэзияның өмір мен шындықпен байланысы ерекше тартады . Оның поэмаларындағы кейіпкерді бейнелеу, характерді сомдау, көркемдік тәсілдерді қолдану тәжірибесі, яғни стильдік өрнегі де ерекше .

    Ақын поэзиясында тек көркем сөзді ажарлап қана қоймай , оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да құбылта кұбылтып, « тілге жеңіл, жүрекке жылы тигізудің » тәсілдері ерекше қолданылған. Ақынды ғажап поэзиясы бүгінгі өмірдіңжарығы, күні десе болғандай. Ақында ғажап рухани күш бар. Ұлттық рух оны қуаттандырады, сенім береді. Айтайын деген әрбір ойы тамаша өрнектеліп, дәлелденіп беріледі. Мұндай дүниелер өлмек емес, өлмейді де .

Бар ғұмырын әдебиетке арнаған ,

Ақиқаттың ақ жолынан таймаған .

Ұлт пен тілдің болашағын көп ойлап ,

Жас ұрпақтың ар — намысын қайраған .

 

Болғанымен небір қызық ғаламда ,

Өлең — жырсыз өмір жоқ қой адамға .

Сондықтан да қадіріне шын жетіп ,

Шахановты  қадірлейік әманда !

Автор:

ПОЭЗИЯҒА  ҒАШЫҚ  ЖҮРЕК

Мұғалім: Шахтыбаева Жайна Талғатқызы

Студент: Кукенова Аружан
Ақтау.қ

Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

 

Басқа мақалалар

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Тереңдетілген дайындық кезеңінде 14-15 жас аралығындағы футболшылардың техникалық дайындығының ерекшеліктері

Әлібек Асқар прозасындағы табиғат философиясы

Нравственное воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
abyroi.art 31.08.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
abyroi.art
Автор abyroi.art
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Білім негізі – бастауыш сыныпта
Келесі материал ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ СФЕРАСЫН ДАМЫТУ
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?