Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Білім негізі – бастауыш сыныпта
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
Сабақ жоспары
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
Мақала
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
Сабақ жоспары
Ілияс оқулары республикалық конкурсы
Байқау ережесі
Желтоқсан айындағы байқаулар нәтижесі
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > Білім негізі – бастауыш сыныпта
Мақала

Білім негізі – бастауыш сыныпта

abyroi.art
abyroi.art
Бөлісу
Бөлісу

     Қазір Әлем өзгерді. Ғылым мен техниканың дамуы шарықтау шегіне жетті. Жаhандану тұсында әлемнің озық елдерінің көшінен  қалып қоймай бірге өзгеру – заман талабы. Ал білім негізі – бастауыш сыныпта екені даусыз. Осы тұста әсіресе бастауыш сыныптарға  сабақ беретін ұстаздар  еңбегі еселене түсті.Иықтарына түсер жүк пен жауапкершілік те бірнеше есеге артқаны анық. Себебі ұстаз – ұлттың тірегі, көшбасшысы, қараңғыда адастырмай жол көрсетер жарқыраған шамы. Бүгінгі ұстаздың бірінші міндеті – оқушыға бүкіл өміріне азық ете алатындай жан-жақты білім беру

      Болашақта өркениетті, дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына  сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –білім Сондықтан тәуелсіз қазақ елінің ұрпақтары әлемдік деңгейде тең тұруына оларды ата-анамен бірлесіп мектеп табалдырығынан бастап тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге болады. Ол үшін тәрбие мен оқыту үрдісіне жаңашылдық керектігі анық. Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсат- міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты дамымаған , адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойына жимаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты, рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?          

      Шәкірт жаны бұлақтай мөлдір, шыныдай нәзік. Осы нәзік жандардың жүрегіне жол табу – ұстаз шеберлігі. Мәуелі ағаш егіп оның жемісін күткен бағбан сияқты ұстаз да жылдар бойғы  өз ісінің жемісін оқушылары арқылы көргісі келері хақ. Осы тұста бастауыш сынып мұғалімі болу  асқан жауапкершілікпен қоса сабыр мен төзімді талап ететінін тағы бір атап өткім келеді. Себебі басқа мамандық иелері, мысалы дәрігер не құрылысшы өз ісінің жемісін бірден көре алады.Салған ғимаратын, емдеген адамының сауыққанын көріп қуана алады. Және олардың өз ісінде жіберген ағаттықтары да бірден көрініс табады.Ал ұстаз өз ісінің жемісін ұзақ күтетіні сияқты жіберген қателігінің  салдарын да кеш байқайды.

        Мұғалім информатор, бақылаушы,тексеруші,жазалаушы қызметін тастап керісінше ізденуші, зерттеуші, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Атақты педагог Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат өйткені, мұғалім-мектептің жүрегі»деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.

       Атақты педагог К.Г.Ушинскиидің «адамды жан-жақты тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек»-деген қағидасы өзектілігін жойған жоқ. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. Сондықтан да біздің басты мақсатымыз-білім сапасын жақсарту.Ал ол үшін не істеуіміз керек? Осы сұрақ әрбір ұстазды мазалары сөзсіз.

      «Бала жайлы әділетті де дұрыс ойлау үшін біз оны өз өрісінен біздің өрісімізге алып келуге тиіс емеспіз, қайта біз оның рухани әлеміне көшуге тиіспіз» дейді Н.Н.Прогов. Ол үшін әр педагог баланың ойынан шығып қажетін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды мақсат деп ойлайды.Сондай ақ өзінің айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.Дәл осы кезде олардың үніне құлақ түріп, солардың сөзімен сөйлей отырып берілген кеңес жас шыбыққа жасалған күтім сияқты оның болашақта түп-түзу алып ағаш болып өсуіне жасалған алғашқы қадам дер едім.

         Бала жаны ақ қағаз іспеттес тап-таза. Ал оған алғашқы сызық жүргізу ұстазға,оның ішінде бастауш сынып мұғаліміне үлкен жауапкершілік жүктейді.Себебі жас кезінде алған білім тасқа қашап жазылғандай  бала санасынан мәңгілік өшпейді.Қазақта «Әуелі тұқым, содан соң күтім» деген асыл сөз бар. Сондықтан тұлғаның өсіп-өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Олай болса жаңа ғасырдың жаңа тұлғасын тәрбиелеу, олардың бойындағы жылт еткен дербес табиғи талантын дер кезінде танып , әрі қарай дамыта білу ұстаз қолында деп ойлаймын. Ал ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.Сондықтан ол заман талабына сай сауатты әрі жан-жақты азамат тәрбиелеу үшін оқытудың озық технологияларын әуелі өзі толық меңгеріп,өз бойынан өткізіп алғаны дұрыс.

       Вольтер :«Оқушыны оның берген жауаптарына қарап емес,саған қойған сұрақтарына қарап бағала дейді».Олай болса оқушының қойған әр сұрағы оның  ой өрісін, дүниетанымын білдіреді.Оқушының әр сұрағын жауапсыз қалдырмай үлен ыждаһаттылықпен жауап беру керек дегенімнің де себебі осы.Өйткені балада да көңіл бар. Сондықтан да мен өзім оқу үрдісінде баланы жаман, жақсы деп бөлмей барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат етемін.Нашар оқушыны өз шамасы келгенше қабілеті жеткен жерге дейін еңбектенуін ойластырып, барынша сабырлылық, шыдымдылық танытуға тырысамын. Осы оқушыдан үміт болады- ау деген сенім болу керек.Ал сенім-үлкен күш. Сол кезде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынаста ынтымақтастық, сыйластық, өз ойын қорықпай сеніммен айта алатындай ахуал туады. Балада «мен »деген категория қалыптасып, «менің қолымнан келеді» деген сенім пайда болады.Мұндай оқушына назардан тыс бір сәтте қалдырмауымыз керек.Сонда ғана еңбектің нәтиже берері анық.Оқушының бойында әйтеуір бір жарық сәуле болуы мүмкін. Соны үлкен нұрлы шуаққа айналдыру мұғалімнің үлесінде деп ойлаймын.

         Ұстаздық мамандық тынбай ізденіп,талмай еңбектеніп өмір бойы оқуды талап етеді.Ұстаздың ізденуді,оқуды тоқтатқаны – өлгені деп тегін айтылмаған.Оны уақыттың өзі дәлелдеуде. Халық басына қиындық туып, елде таралған індеттің кесірінен оқушылар мектепке бара алмай қалған кезде ұстаздардың тағы бір қыры ашылып,ақпараттық технологияларды шебер меңгере отырып білім беруді қашықтықтан жалғастыра берді.Негізгі миссиясын тоқтатпады.Олардың еңбектерін үйде баланы оқытудың қиындықтарымен бетпе-бет келген ата-аналар да түсініп, мойындай бастады.Бір кездері әртүрлі себептермен екінші орынға жылжыған ұстаз еңбегінің қадірі қайта артты. Әрине, бұл жерде ұстаз деген сөздің салмағы ауыр. Себебі мұғалім болып, бір мамандық иесі атануға да, ұстаз болып ұлағаттың шайыры атануға да болады. Ол әркімнің өз қолында деп ойлаймын. Осы орайда Қымбат Әбілдәқызының мына бір өлең шумағы еріксіз еске оралады екен.

Мұғалім мен ұстазда бар айырма,

Ұстаз деген —  жақсы әндегі қайырма.

Мұғалім ол – бар болғаны мамандық,

Жеткенініше жеті өнерлі шайырға.

   Әрбір мұғалім ұстаз бола алса тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын болмақ.Себебі Ұлт болашағы ұстаз қолында!

       Үйдің беріктігі –іргетасынан болса, білімнің негізі бастауышта қаланады. Менің осы салада яғни бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне ат салысып келе жатқаныма міне биыл отыз үш жыл болыпты. Осы уақыт аралығында алдымнан қаншама шәкірт түлеп ұшып өмірге қанат қақты.Ұстаз – олардың екінші ата-анасы емес пе?! Солардың әрқайсының жетістіктеріне марқайып, сәтсіздіктеріне ата-аналарымен бірге қынжыламын.Өзім бағындыра алмаған шыңды шәкірттерім арқылы бағындырсам деймін.Міне, ұстаздық мамандықтың артықшылығы да осында деп ойлаймын.Алға қойған арман-мақсаттарыңды жүзеге асыруға қашан да мүмкіндік бар.

Автор:

БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ СЫНЫПТА

Оралбаева Назым Нурпазыловна

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Манадыр ауылы

Манадыр негізгі орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ

Тереңдетілген дайындық кезеңінде 14-15 жас аралығындағы футболшылардың техникалық дайындығының ерекшеліктері

Әлібек Асқар прозасындағы табиғат философиясы

Нравственное воспитание учащихся на уроках русского языка и литературы.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
abyroi.art 31.08.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
abyroi.art
Автор abyroi.art
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Келесі материал ПОЭЗИЯҒА  ҒАШЫҚ  ЖҮРЕК
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Қысқамерзімді жоспары. Сабақтың тақырыбы: ҒАЛАМТОР ТАРИХЫ
1 СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМА РЕТІНДЕ
РАЗРАБОТКА УРОКА ПО АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ ДЛЯ УЧАЩИХСЯ 8-Х КЛАССОВ  ПО ТЕМЕ «TEENS AND MEDIA»
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?