Аннотация
Бұл мақалада Қазақстанда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қазіргі кезеңдегі жай-күйіне талдау жасауда жоғары оқу орындарының алдына әлеуметтік, этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отырғандығы; Ғылыми-педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясы мен әдістемесін игерген кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген маман ретінде даярлау мәселесін шешу маңызы туралы айтылған.
Аннотации
В данной статье анализируется текущее состояние профессионального образования в Казахстане, где перед университетами стоит задача подготовки социально, этически, экономически и организационно, профессионально компетентных, компетентных специалистов; Важность решения задачи подготовки специалиста с высоким уровнем профессионально-педагогической компетентности, способного творчески воспринимать научно-педагогические идеи, владеть теорией и методикой обучения.
- Жарнама -
Annotations
This article analyzes the current state of vocational education in Kazakhstan, where universities are faced with the task of training socially, ethically, economically and organizationally, professionally competent, competent specialists; The importance of solving the problem of training a specialist with a high level of professional and pedagogical competence, capable of creatively perceiving scientific and pedagogical ideas, mastering the theory and teaching methods.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық — заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», — деп атап көрсетті [1]. Бұл міндетті орындауда білім беру жүйесіндегі білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа білім парадигмасын жүзеге асырудың орасан зор маңызы бар. Осы жұмыста құзыреттілік түсінігі айрықша орынға ие. Құзыреттілік түсінігіне білім туралы мемлекеттік құжаттарда жетекші орын беріліп, педагогика, психология ғылымында жан жақты зерттелуде.
Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындары үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған, өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды даярлауды көздеп отыр.
Бүгінгі таңда білім беруді жаңғырту – заманның талабы. Болашақ мамандарды даярлауда олардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Ол үшін студенттердің кәсіби құзіреттілігін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру қажет және білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру, білім беруді жаңғырту сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыттар бойынша жүзеге асуда.
Біріншісі, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арнаулы педагогикалық білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншісі, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мамандар даярлауда оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту білім саласына ене бастады. Мәселен, бүгінгі таңда академиялық еркіндікті дамыту білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті деп айтуға болады. Білім алушының таңдаған пәні бойынша, мамандығына қатысты сабақтарды меңгеруі – академиялық еркіндіктің басты қағидаты болып саналады. Элективті курстар еңбек нарығы сұраныстары негізінде оқытылады. Оқыту үдерісін жаңғырту бағыты бойынша сұранысқа ие, болашағы бар бағыттарды күшейтудің маңызы зор. Сонымен қатар, тілдерді меңгеруге, электронды оқытуға, инклюзивті білім беруге, шағын кешенді мектеп мәселелері, 12 жылдық мектепке арналған маман даярлауға баса мән беріле бастады. Жоғары интеллектуалды әлеуеті қалыптасқан, инновациялық технологияларды еркін меңгерген, ғылыми-зерттеушілік қызметке бағытталған болашақ педагогтарды даярлау, қайта даярлауды да айта кету керек. Мектеп мұғалімдері, ғалым-оқытушыларды елдегі және шетелдегі біліктілікті арттыру орталықтарында жүйелі түрде оқыту қолға алынуда.
Алайда білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыруды жүзеге асыруда қазіргі педагог мамандардың қолынан келер мүмкіндіктерінің арасындағы қарама-қайшылықтың сақталып отырғанын атап айту керек. Осы қайшылықтарды жоюда білім беру саясатындағы басым бағыттардың бірі – білім беру үдерісін құзіретті тәсілге бағдарлай отырып, оны жүзеге асырудың жолдарын қамтамасыз ететін төмендегідей маңызды міндеттерді шешу қажет:
- педагогтарды білім берудің жаңа технологияларын меңгеруден, кәсіби рөлдерді (кеңесші, топтық талдауды ұйымдастырушы, фасилитатор, тьютор) сәйкесінше игеруден тұратын құзіретті тәсілдері аясындағы жұмыстарға даярлау;
- педагогтарды баланың және өзінің денсаулығын сақтау технологиясымен қамтамасыз ету;
- білім беру үдерісін барынша дараландыру жағдайындағы іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру;
Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы шарт:
- жаңа білім беру стандартының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;
- білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан өзгертуге;
- педагог қызметінің мақсаттары мен тәсілдерінің өзгеруіне;
- білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек. Мұнда білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселесіне көңіл бөлу де болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияның білім беру үдерісінің ресурсына айналуы болашақ мамандардың өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар жүйесін пайдалануына және түрлі педагогикалық жағдаяттар арқылы ақпараттық-коммуникативтік технологияның (АКТ) мүмкіндіктерін қолдануға бағдарлау қабілетіне тікелей байланысты. Ол АКТ озық қолданыс деңгейінде игеруін және ақпараттық ортада болашақ мамандардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістері мен дидактикалық тәсілдерін меңгеруі маңызды [2].
Кәсіби педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіруде: жоғары және орта кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі жаңарту бағыттарының ортасынан ең алдымен, педагогикалық мамандар даярлаудағы ресурстарға қойылатын талаптарды бөліп алуға болады:
- құзіреттілік-бағдарлы білім беруге көшу негізгі кәсіби құзіреттіліктерді қалыптастыру;
- тар мамандандырудан түлектің кәсіби белсенділігінің базасын құратын кең профильді даярлыққа өту;
- кәсіби білім беру мен еңбек нарығы арасындағы байланысты күшейту.
- Кәсіби білімнің қазіргі жүйесі болашақ мамандар өзінің педагогикалық қызметін түсінумен ғана емес, сонымен бірге басқа да әріптестерімен, басшылармен «байланыстыратын» өзіндік қасиеттерді бағалаумен де байланысты біліктілігінің рефлексивті құрамдас бөлігін иеленуді талап етеді. Аталған құрамдас бөлікті жүзеге асыру тиімділігі педагогтің сыни ойлау, талпыныс пен талдау жасау, өзінің ұстанымын дәлелдей алуы, ақпаратты сәйкесінше қабылдауы сияқты қасиеттерге ие болуымен байланысты [3].
Құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарының дәстүрлі сабақ жоспарынан айырмашылығы мұғалім мен оқушы позициясының өзгеруінде. Оқушы — сабақтың басты қызметкері Мұғалім -сабақта ұйымдастырушы, кеңесші позициясын ұстанып, оқыту үрдісін ұйымдастырады. Мұғалім оқушының білімдік процесті аяқтаған соң (лекциялар, пән, модуль) нені білетіндігін, меңгергендігін, құзыреттілігін анықтайды. Бұл жерде мақсат: оқыту үрдісін оқушының көзқарасы тұрғысынан қарап, тәжірибелік-бағдарланған проблемаларды шешу арқылы жинақтайтын оқу тәжірибесінің сапасын көтеру.
Ақпараттық құзыреттілік-бұл оқушының қажетті ақпараттарды өз бетімен іздеп, талдап, өңдеп бере білу қабілеті.
Аспектілері:
- өз бетінше ақпаратты табу, талдау, іріктеу, қайтадан жасау, сақтау, түсіндіріп беру, ауыстыру, сонымен бірге қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануы;
- ақпаратты өңдеу, логикалық операцияларды қолдану (талдау, синтез, қорыту, құрылымдау, тікелей және жанама дәлел, аналогия бойынша дәлел, үлгілеу, материалдарды жүйелеу);
- өз іс-әрекетін жоспарлап жүзеге асыру үшін ақпаратты пайдалану даярлығы т.б.
Коммуникативтік құзыреттілік
Аспектілері:
- қайтарымды байланысты жобалау;
- білімдік кеңістіктің барлық мүшелерімен байланыс орнату;
- өзара әрекет тактикасы және техникасы;
- шешендік өнер, сауатты сөйлеу;
- әлеуметтік және коммуникативтік рөлдер;
- мұғалімдердің үйреткен әдіс-тәсілдері туралы өз ойларын айту;
- жаңашыл мұғалімдерге марапат сөздер айту.
Құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарларындағы тапсырма үлгісі:
Тақырып: Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Ерлік пен жауынгерлікке тәрбиелеу. Имандылыққа тәрбиелеу мен қыздар тәрбиесі.
Коммуникативтік құзыреттілік. Аспектілер
Тапсырма: Жазбаша қатынас
1.Достық дегеніміз не?
2.Өзің істеген жақсылықтарыңды, біреуді қуантқан уақыттарыңды қағаз бетіне түсір.
Екі бағанға достарыңды және дос емес адамдарыңды жаз.
3.Құндылықтардан оқушыға маңызды 10 құндылықты таңдат. Алдымен өте маңыздыларын жазылады. Ең соңына маңызы төмені жазылады.
- Ынтымақтаса білу қабілеті
- Білім алуға ұмтылу
- Өз мүмкіндігін білу
Көпшілік алдында сөз сөйлеу
- Дос адамдар туралы не білесің? Өзіңнің сүйікті досың туралы әңгімелеп бер.
- «Азаттықты аңсағандар» деген тақырыптағы тәрбие сағатының жоспарын, кітаптардың тұсаукер рәсімін жоспарлаңыз, ол туралы шағын хабарлама әзірлеңіз.
- «Қазақстан-бақыт ордасы» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.
Диалог
- Партада өзіңмен қатар отырған білім алушыларға «дос» ұғымының анықтамасын 5 сөзбен жазуды ұсыныңыз
- Талдау үшін көркем шығарма, кино іріктеңіздер.
- Оқушыларға арналған жағдаяттар әзірлеп, оларды талдатыңыз.
- Этикалық әңгіме жоспарын құрыңыздар.
Өнімді топтық қатынас
- «Достық, жолдастық» мәселесін талқылау кезінде қандай пікір ұсынған болар едің? Жолдастарыңның қандай пікірін қолдар едің?
Сонымен талдау барлық авторлардың «құзыреттілік» ұғымын маманның кәсіби жоғары деңгейімен байланыстыратындығын көрсетті. Оған жетуге оқу – тәрбие үрдісін құзыреттілік тұрғысынан ұйымдастыру көмектеседі.
Қорытынды, болашақ мамандардың құзыреттілігінқалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Кәсіби құзіреттілікті қалыптатсырудың барлық құрылымдық құрамдас бөліктері болашақ мамандардың білім беру ұйымдарындағы қызметіне, атап айтқанда, нақты педагогикалық жағдайларды шеше алу шеберлігіне бағытталған. Мамандардың кәсіби даярлығы, яғни оның білім беру қызметі барысында иеленген білімі, тәжірибесі, жеке және әлеуметтік қасиеттері мен құндылықтарын жұмылдыру қабілеті оның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, біліктілігін арттаруды құрайды және оны өз тәжірибесінде тиімді пайдалана алуымен өлшенеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1200002050
- Назарбаев Н.А. Қазақстан халқына арнаған 2012 жылғы «Қазақстан – 2050 стратегиясы». – Астана, 2012
- Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл. докт…автореф.: 21.05.05. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. – 40 б.
- Григорович Л.А. Введение в профессию «психолог»: уч. пос. – М.: Гардарики, 2006. – 192 с.
- Сорокина Т.М. Развитие профессиональной компетенции будущего учителя средствами интегрированного учебного содержания // Начальная школа. – 2004. – №2. – С. 110-114.
- Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: пед.ғыл. докт…автореф.: 21.05.05. – Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, 2005. – 40 б.