Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Абай-дана, Абай дара тұлға
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Ілияс оқулары республикалық конкурсы (наурыз-сәуір)
Байқау ережесі
ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
Мақала
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Без рубрики
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Мақала
Мен өмірді таңдаймын!
Ашық сабақ Сыныптан тыс іс – шара
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > Абай-дана, Абай дара тұлға
Мақала

Абай-дана, Абай дара тұлға

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы – демекші Абай атамыз қиынын қиыстырып, сөздің патшасын, сөз төресін, сөз сарасын орнын ойып тұрып айтып өткен.

Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы емеспе.Жалпы Абай өлеңдерінен қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, қазақ даласының табиғаты , ұлттық ерекшелік қасиеттері сөзсіз байқалады.

Абай Құнанбаев шығармаларында адамгершілік тәрбие мәселесіне деген педагогикалық көзқарастары қарастырылған, сол кездегі қоғамның мәселелері көрсетілген. Абай адам табиғаттан адамгершілік қасиетке ие болмайды, оған тәрбие процесінде ие болады деп жазады. Егерде оқушыларымызды Абай атамыздың баға жетпес мұрасымен таныстырып отырсақ, ол тәлім – тәрбие ретінде сабақ болады, өйткені Абайдың кез келген шығармасы тұнып жатқан философия, психология, логика, тәлім – тәрбие негізі.

Абайдың адамгершілік тәрбиесінің басты құралы-адамдардың еңбегі, еңбек-адамның өмірлік қажеттілігі. Адамның барлық адамгершілік мәселелері білімге, ақылға деген ұмтылыс арқылы шешіледі. Абай баршаны білім білуге шақырады, барлығына қанағат ету, бұл еңбекқорлыққа, білімге ұмтылу.

Абай – қазақтың ұлы ойшылы, жоғарыда айтып өткендей, ол бала тәрбиесіне, ел болашағына қатты аландады. Елдің жарқын өмір сүруі – білімді жастардың қолында екендігін дәлелдеп айтты. Ұрпақтың сауатты болуы – әлеуметтік мәселелердің бастысы екендігіне тоқталды. Тіл тазалығы, дін тазалығы және тіл ұстай білуді үгіттеді. Абай өз заманының ағартушысы, мәдениет қайраткері, беделді азаматы болды. Білім алып, ғылым қуудан шалдыққан жоқ. Өзге ел ғалымдарымен, ойшылдарымен достасып, ел қамын, қара халық қамын күйзеді.

“Абай – өз заманындағы іскерліктің ұйытқысы, еңбекқорлықтың мотиваторы, –  деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлы   айналасына үлгі-өнеге шашқан дара, дана тәлімгер. Сондай үлгі өнегенің бір парасы   еңбек пен оның қадір-қасиетіне арналады. Абай айтқан бес асыл істің бірі – еңбек.

Абай шығармаларындағы еңбек тақырыбы – шексіз зор, айта берсе сөз таусылмайды, зерттей берсе саф алтындай жарқырап, не бір інжу-маржандар алдымыздан шыға бермек.

Абайдың тереңінде түп жоқ, Абайдың биігінде шек жоқ.

Бүкіл байлықтың, ен дәулеттің, сән мен салтанаттың бастау көзі болып табылатын  еңбектің қадір-қасиетіне жету, оның құндылығын зерделеу – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.    Ұлы ақын елді ел, адамды адам ететін тек еңбек деп біледі.

 «Адамзаттың Абайы» атанған Абай қалың елі, қазағын тіршілік қарекетін жасап, адал еңбек етуге шақырудан танбайды. «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» дейтін өлеңінде «Еңбекті сат, ар сатып неге керек? деп, тереңнен толғаса, тағы бірде:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді  алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап, – деген өлеңінде «Еңбегі мен ақылын» тең ұстай білетін адам ғана кездескен қиындықтарды еңсеріп, тынымсыз еңбек пен мехнат шегу арқылы биік дәрежеге қол жеткізе алатынын айтады.

Абай – мыңжылдықтарды құшағына сыйғызған, заманалар сырын толғаған, адам болмысының құпиясы мен тұңғиық тереңін нәзіктікпен сөйлеткен, рухани жетілудің жолдарын көсемдікпен көрсеткен келешектің кемел жаратылған Ұлы Даланың өрен тұлғасы. Хакім Абай қағидаты, ұстанымы – мемлекет өркен­деуі мен қоғамды ізгілендірудің, елді сәулелендірудің кепілі.Тегінде, «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» дейтін өлеңінде:
Білімдіден аяман сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын!
Ездің басы қаңғырсын, ердің көңілі
Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын.
Көкірегінде оты бар ойлы адамға
Бұл сөзімнің суреті болар дайын – деп, белсенді суреткерлік іс-әрекет қызметін, жалынды ұйымдастырушылық қабілетін, ақыл-ойдың қопарылысына, рух жанартауына ие екендігін, ақындық лебізінің ішкі поэзиялық мазмұнға, танымдық-этикалық, көркемдік-фило­софиялық құндылықтарға мейлінше бай екендігін мәлімдейді. Я болмаса: «Тәуекел мен батыр ой, Өткір тілді найза етіп» деуінде («Қуаты оттай бұрқырап») поэтиканың негізгі шарттарын атайды. Олар: шешімпаздық, айрықша психологиялық-философиялық мазмұн, өте-мөте сұрыпталған, қажетті, таңдамалы, «жалын мен оттан жаралған сөз».Жаратушылық энергиясы, дарынды­лық, шығармашылық деңгейі, білімі, тәжірибесі, ойлау жүйесі жоғары Абайдың ой толғау, сөз саптау мәдениетіне зерделі зейінмен үңілсек, ол абызша, билерше, данышпанша пайымдап толғанады, жігітше жалындайды («Жігіт сөзі»), қызша сызылады («Қыз сөзі»), тақпақтап, жұмбақтап, мысалдап, сықақтап, намысқа қызып сөйлейді.

 Адамгершілік қарым-қатынас ғылымына да жетік. Қазақ жаңа жазба әдебиетінің көшбасшысы, жаңаша көзқарас, жаңаша таным иесі ұлт руханияты тарихында қазақ әдеби тілінің классикалық тазалығын туындатты. Ол поэзия тілінде, ғылым тілінде, ауыз-екі сөйлеу тілінде дарабоздығын танытты. Абай шығармашылығында халықтық, лирикалық-философиялық, реалистік, халықтық, шығыстық, аңыздық, романтикалық, сатиралық, ауыз-екі сөйлеу стильдері бар. Задында, стильдің сан алуандығы Абайдың индивидуальдық көркемдік-философиялық интуициясын, интеллектуалдық-психологиялық әлеуетін, заманның, тарихтың рухын, танымның сезімдік формаларын (түйсік, елестету, қабылдау, түсінік, ес), мәдениетін, шеберлігін, көркемдік әдісін танытады.

Өркениет тарихында Абай құбылысы – философиясымен, гуманистік көзқа­расымен, көркемдік шеберлігімен, стилис­тикалық мәнерлігімен, форма­лық жаңалықтарымен, ғылыми дүниетаны­мымен өзгешеленеді.

Абай қазақ поэзиясын тақырыптық,мазмұндық жағынан ерекше философиялық көзқарасымен байытып, қазақ дүниетанымының шеңберін кеңітті.Адамның ішкі дүниесін суреттеуде ешкімге ұқсамайтын өзгеше үлгілерді дүниеге әкеліп,қазақы дүние танымның концептілік өрісін кеңейтті.

АБАЙ-ДАНА, АБАЙ ДАРА ТҰЛҒА

Камалова Айнұр Мұратбекқызы

Педагог – психолог , логопед

Ақсу – Аюлы ауылы

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [26.83 KB]

Басқа мақалалар

ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Торғай өңірінде музыка өнерінің қалыптасуы

СОЗДАНИЕ БЛАГОПРИЯТНОГО ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО КЛИМАТА УРОКА.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 28.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Квадрат теңдеулерді шешу
Келесі материал Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға объектіге бағытталған бағдарламалау есептерінің әсерін зерттеу
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Ілияс оқулары республикалық конкурсы (наурыз-сәуір)
ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?