Аннотация
Серікқалиев Думанның ғылыми жұмысы екі бөлімнен тұрады. Ғылыми жұмыста графика өнерінің шығу тарихы, әдістері, түрлері, сонымен қатар Қазақстандағы графика өнерінің дамуы жайылы қарастырған. Өз ойын берілген материалмен ұштастыра, анық жеткізе білді. Графика өнерінде қарындашпен сурет салу әдістерін кезең-кезеңмен бейнелегенін көрсетті.
І. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі дамып жатқан әлемде графика өнері де өз орнын тапты.
- Жарнама -
Зерттеудің мақсаты: Графика өнері жайлы ақпарат беріп, нобай суреттер салу.
Міндеттері: Графика өнерінің қызықты жерлеріне назарларын аудару.
Зерттеу әдістері: зерттеу, қолдану.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыс 5 бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, машықтану бөлімі, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде графика өнерінің тарихы, түрлері, әдістері туралы айтылса, машықтану бөлімінде қарындашпен сурет салу әдістерін қолданып, суреттің салыну барысы жазылған.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Графика өнерінің тарихы
Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар — осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады.
Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т. б. жатқызады. Гравюрлеу француздың grawer — «қию», «тырнау» деген сөзінен шыққан. Гравюра деп бетіне сурет ойып салынған тақтаны да, сондай — ақ одан алынған басылымды да айтамыз. Гравюра Қытайда шамамен VI ғасырда пайда болды. Батыс Еуропада ол XIII — XIV ғасырларда шығып, XVI ғасырда кемеліне жетті. Көптеген график суретшілері байқасақ, олар қарындаш, акварель, тушь сияқты қолайлы әрі ыңғайлы материалды қолданған. Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол — оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар бірнеше тақталардан басылады. Гравюраның түрлері өте көп, олар: офорт, ксилография, линогравюра, литография т. б. болып бөлінеді. Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі.
Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады.
Кескіндеме сияқты графикаға да — портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т. б. жанрлар тән. Графмкамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл – түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет – журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.
Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.
Графиканың маңызды салаларының бірі — кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор.
Қолданбалы графикаға күнтізбе, құттықтау, ашық хаттар, орауыштардағы зат белгілері (этикетка), пошта маркалары, көшедегі жарнамалар жатады.
Компьютерлік графика – графиканың жаңа түрі. Суретшілер қиылысқан сызықтардан, көлемді элементтерден, өрнек, түрлі түсті дақтардан монитор бетінде композиция жасап, одан кейін дайын болған бейнені принтер арқылы басып шығарады.
2.2 Қазақстандағы графика өнері
Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан, Маңғыстау өлкесінен табылған.
Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.
2.3 Графика әдісімен сурет салу түрлері
Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.
Қара тушты қағаз бетіне толық жағып шығу қажет. Тущь кепкеннен соң, қағаз бетін инемен тырнап, әртүрлі бейнелер салуға болады. Егер көлемді ашық жерлер қажет болса, қағаз бетін пышақпен немесе алмаспен қыру қажет. Нәтижесінде пайда болған бейне ақ және қара түсті болып өте айқын көрінеді. Бірақ сурет жалғыз дана болып шығады.
Грвюра туындылары кесу іс – әрекеттері арқылы жүргізіледі. Сондықтан кескішті мықтап игеру және онымен кез келген сызықтарды емін – еркін жүргізуді үйрену үшін бір қатар дайындық жаттығуларын жасау қажет. Тақтай (пластина) алу.
1 — жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 — 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.
2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек. 3 — жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.
ІІІ. Машықтану бөлімі
3.1 Қарындашпен нобай суреттер салу
Қарындашты үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ) ғана ұстау керек. Қағазға көлеңке түспеу үшін қарындашты суретте көрсетілгендей етіп сәл алыстау ұстаған жөн. Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі – сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің қысқа және ұзын сызықтар жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді.
Графикалық мәнерлі құралдар – сызық, дақ, нүкте, штрих, фон және бейненің контрасты. Көркем мәнерлілік пен материалдардың әртүрлі құралдарының көмегімен суретші бір бейнеге әртүрлі сипат немесе көңіл–күй бере алады. Мысалы, суреттегі ағаш бұтағының бейнесін нүктемен біз қандай да бір аяқталмаған, күтпеген, жұмсақтық, жарықтандыру ретінде қабылдаймыз; штрихтің көмегімен кескін айқындылығы, динамикасы көрінеді; сызықтар ағымдылық пен сурет белсенділігінің сезімін тудырады.
Нүкте – барлық бейнелеу құралдарының ең ұсақ. Суретті нүктемен немесе пунктирмен орындау-көп еңбекті қажет ететін процесс, бірақ көлемді беру кезінде көбірек мүмкіндіктер береді. Нүкте парақтың жазықтығын толтыратын басқа нүктелердің үлкен тобында. Әр түрлі өлшемді нүктелерді пайдалана отырып, цилиндрлік және сферикалық беттердің иллюзиясын, жеңіл түтінді және мата қатпарларын жасауға болады.
Штрих – эмоциялық сызық. Штрих беттің тонын, фактурасын, кеңістікті білдіруге көп мүмкіндік береді. Винсент Ван Гогтың екі суретінің мысалында оларға қолданылатын штрихтердің үлкен әртүрлілігін көруге болады. Мысалы, суреттегі Пейзаж фактураны, материалды және қоршаған кеңістікті көрсетуге мүмкіндік беретін әртүрлі бағыттағы қысқа түзу штрихтар басымдықпен орындалуы мүмкін. Сызықтық сурет сызықты негізгі немесе жалғыз сурет ретінде пайдалануды көздейді. Сызықтық сурет шартты түрде қысқа. Мысал үшін Лев Баксттің мифологиялық сюжетіне арналған кітап заставасын қарастырайық. Ол қалыңдығы бірдей жұқа жеңіл сызықтармен орындалған. Ұсақ бөлшектердің көп мөлшерде «ауа», көлденең элементтердің ажурлы колонналармен үйлесуі музыкалық әуен, жеңілдік және беймәлім әсер етеді. Бірнеше графикалық құралдар, мысалы, сызық, дақ және нүкте.
Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі – сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді. Пішіннің түрі түсетін жарыққа қарай өзгергендіктен, сызықтың түрі де өзгереді. Мұндай сызық штрих сызық немесе кеңістік сызық деп аталады.
Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы – мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселең сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ,ал штрих – қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтарменбірлектікте ғана белгілі бір мәнге шеқараларын белгілеп, олардың сұлбасын (контур) жасаса, ал штрихтар тобы пішінге рең беріледі. Сөйтіп, жеңіл көрінетін сызықтардың көмегімен болашақ жалпы пішін, қимыл-қозғалыс, кеңістік беріледі. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіңе қарай) сызуға болады, ал карындаштың ұшын жағары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды. Егер штрих сызығы дұрыс жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ дәл сол жанынан екінші сызық жүргізген дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес трих сызықтары суретке қарағанда көзге түспейді де, сурет салынып біткенде ол сызықтар көрінбей қалады. Штрихтар мен нәрсенің түрін, жарық пен көлеңкені, нәрселердің рең-бояуындағы үйлесімін, қандай материалдардан жасалғанын, суреттегі түрліше көнеңкелерді, түсер қатынасын қарындашпен бірқатар штрихтар жасау арқылы көрсетуге болады.
Сонымен, штрих дегеніміз – суретке салынатын заттың объектісін, яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай материалдан жасаалғандығын және сыртқы түсін белгілейтін сызық. Штрихтың қоюлылығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тен ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.
IV. Қорытынды
Менің бүгінгі ғылыми жұмысымның тақырыбы графика өнері, қарындашпен сурет салу. Маған бұл тақырып өте ұнады. Ізденіс барысында бұл өнердің даму тарихын, орындалу әдіс-тәсілдерін, Қазақстандағы графика өнерімен айналысатын суретшілермен де таныстым. Өзім де сол суретшілердің орнында болып, сурет салдым.
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Уалиев Б.М., Иманбекова Қ.К. Сурет. Оқу-әдістемелік құралы. – Астана: Фолиант, 2010.– 160 б. 2. Өтепбаев, Н. Н. Академиялық сурет [Электрондыќ ресурс] : оқу құралы / Н. Н. Өтепбаев. – Алматы : Эверо, 2016. – 264 б. 3. Сәпиев Ә. С. Сурет негіздері: сурет пәніне арналған әдістемелік нұсқаулық / Ә.С. Сәпиев. – Қостанай: ҚМПИ баспасы, 2011. – б.
ГРАФИКА ӨНЕРІ
Ғылыми жоба тақырыбы: Графика өнері
Ғылыми жұмыс авторы: Серікқалиев Думан Амангелдіұлы
«Бейнеу лицейі» КММ-нің 11-сынып оқушысы
Жоба жетекшісі: Амиров Сүндетқали Шаукебаевич
«Бейнеу лицейі» КММ-нің «Графика және жобалау» пәні мұғалімі