«Біз әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беруге қол жеткізуіміз керек»
Н.Ә.Назарбаев.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Алдымен PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері дегеніміз не және оның маңыздылығына тоқтала кетсек. РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
- Жарнама -
PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
PISA — (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
PISA негізінде — бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі міндетті білім тәмамдалады. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.
Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.
Жаратылыстану ғылыми сауаттылығы – тұлғаның негізгі жаратылыстану ғылыми таным әдістерін қолдана алу қабілеті, сұрақ құрылымына байланысты білімдерін қолдану және жетілдіру, жаратылыстану ғылыми құбылыстарды түсіндіру және ғылыми дәлелдерге негізделген қорытынды жасай алуы.
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.
Жаратылыстану бағытындағы ғылыми сауаттылықтың ерекшеліктері:
— жаратылыстанудың негізгі ерекшеліктерін адами таным мен зерттеу формасы ретінде түсіну қабілеттілігі;
— жаратылыстану ғылымдары мен технологияның материалдық, интеллектуалдық және мәдени салаға әсер ететіндігі туралы білімді көрсету;
— мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда қолдана алу қабілеттігі, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;
— эксперимент тәжірибелер жасау, болжамдар келтіру және қолдайтын немесе жоққа шығаратын зерттеулер өткізу, айтылған көзқарасқа қарсы шығу немесе оны негіздеу.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық – бұл ғылыми- жаратылыстану саласында әр түрлі өмірлік жағдаяттарды шешудегі жеке дәлелдемелерінің таңдауында адамның өз білімдерін пайдалану қабілеттілігі.
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының компоненттері- құбылысты ғылыми тұрғыдан негіздеп түсіндіріп, ғылыми зерттеуді талдау және жобалау, берген көрсеткіштерді ғылыми жорамалдауы.
Оқушылар бойындағы бейімділік пен талантын, танымдық, ізденушілік қабілеттерін зерттеу негізінде қазіргі заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Ал, енді PISA тапсырмаларына келетін болсақ, тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отыратын, логикалық тест тапсырмалары ашық немесе жабық күйінде берілген.
Оқушылардың білімді игеруіне байланысты деңгейлік тапсырмалар берілген және олардың орындау қабілеттеріне қарай қойылатын талаптар деңгейлері де әртүрлі.
Жоғары деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, күнделікті өмірде кездесетін құбылыстарды түсіндіре білуі, өсімдіктер, жануарлар, тіршіліек үрдістер құрылымы туралы кейбір түсініктері, заттардың қасиеттері мен физикалық құбылыстар туралы білімдері,Күн жүйесі мен Жер құрылысы, үрдістер мен құбылстар туралы білімдері,зерттеуді жүргізуге байланысты бастапқы түсініктерінің болуы,кейбір жаратылыстану түсініктерін күнделікті өмірден алынған физикалық және биологиялық үрдістер туралы ақпараттармен байланысын түсіндіру қабілетінің болуы, қысқаша жауап құрастыруы тиіс.
Орта деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар білімді қабылдауға және көрсетуге қабілетті, жаратылыстануға байланысты тәжірибелік жағдайларды және негізгі ұғымдарды түсінуі, тірі ағзаларды сипаттауға және олардың қоршаған ортамен байланысын анықтауы, адам биологиясы мен оның денсаулығы туралы кейбір түсініктері, жалпыға танымал физикалық құбылыстар туралы кейбір түсініктері, күн жүйесі мен Жер туралы негізгі дәлелдерді білуі, суреттерді түсіндіру және тәжірибелік жағдайларда білімін қолдану қабілетінің болуы тиіс.
Төмен деңгейге қойылатын талап: Бұл деңгейге жеткен оқушылар қарапайым білімді болады, адам денсаулығына және жануарлардың мінез-құлық және физикалық сипаттарына байланысты кейбір қарапайым фактілерді білу, заттардың кейбір қасиеттерін көрсете білу қабілеттерінің болуы, белгілері бар суреттерді, қарапайым диаграммаларды түсіндіру, қарапайым кестелерді толтыру қабілетінің болуы,нақты дәлелдерді қажет ететін сұрақтарға қысқаша жауаптар құрастыруы тиіс.
РISA есептерінің шарты: өмірден алынған қандай да бір ситуацияның жазбасы;не есептің шарты, не сұрақтың мазмұны нақты бір пәндік білімге сүйенбейді;есептің шарты тұлғалық тәжірибемен сәйкестендірілген – ашық; әрбір есеп немесе тапсырма өзіндік шешімді талап ететін қандай да бір ситуация болып табылады.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Қазақстанда жүргізіліп жатқан білім беру жүйесін реформалау құзырлылық ұстанымына және әлемдік білім беру кеңістігіндегі оқытудың озық әдістемелері мен амал-тәсілдеріне негізделген. Осыған орай оқушылардың білімін бақылау, бағалау жүйесін, ұлттық емтихандар алынып отыр. Ойткені құзырлылық сипатындағы тесттер, тапсырмалар оқушылардың игерген білімдері мен дағдыларың сыртқы ортадағы өзгерістерге сәйкес кіріктіре алу қабілеттерін анықтайды және дамытады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін, күнделікті сабақта жаңа тақырып сайын PISA тапсырмаларын қосып дайындау керек.Сонда оқушы бойында әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы функционалдық сауаттылығы артады.
Мысалы география пәнінен атмосфералық жауын-шашын тақырыбында иә, жоқ тапсырмасын орындауға болады.
Сынып 6
Тақырыбы: &29 Атмосфералық жауын-шашын
Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ.
Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады?
Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па? | Иә/Жоқ |
Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды. | Иә/Жоқ |
Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды. | Иә/Жоқ |
Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады. | Иә/Жоқ |
Жауабы: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.
«ЖҮРЕК ЫРҒАҒЫ» ЕСЕБІ
Жүрек –адамның бақылауына бағынбайтын жалғыз бұлшықет органы.Ол өзбетінше жұмыс істейді және вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Біздің жүрегіміздегі синустық түйін жүректің жұмыс ырғағын реттеп отырады. Жүрек бұлшықетінің белгілі бір ырғақпен жиырылуы және босаңсуы жүрек ырғағы деп аталады.
Жүрек ырғағының қалыпты нормасын мынаформула бойынша есептеуге болады: 118.1 — (0.75 * жас).
Адамның жасы | Бір минут ішінде адам жүрегінің соғуы |
10 жас | |
25 жас | |
40 жас | |
65 жас | |
70 жас |
2-тапсырма. Роман қазір25жаста,ол бала кезінен шаңғы спортыменайналысады. Тыныштық күйінде оның жүрек соғысының саны қалыпты норманың 71%-ын құрайды. Ұйықтаған кезінде жүректің жиырылу саны тыныштық күйімен салыстырғанда 20%-ға азаяды. Үйреншікті жаттығулар кезінде жүрек соғысының саны 40 соғуға дейін азаяды, ал физикалық жүктеме артқан кезде, жүректің соғу саны тыныштық жағдайынан үштен бір есе артады. Кестеде бір күн ішіндегі Романның жүрек соғысының саны көрсетілген. Кестені қолдана отырып, Романның күн тәртібін құрастырыңыз
Романның күн тәртібі:
————————————————————————————————————————————
Дескриптор:
1.Формуланы қолданып адамның жасына қарай бір минуттағы жүрек соғысын табады.
2.есептің берілгені бойынша санның пайызын табады.
3.Барлық ақпаратты қолданып, Романның күн тәртібін құрастырады.
19-сұрақ
Суретте Астана қаласының 2011 жылғы 6-ақпаннан 19 — ақпанғаға дейінгі тәуліктік жаңбырдың орташа деңгейі қара нүктелермен көрсетілген. Тігінен – бір күндегі жауған жаңбырдың орташа деңгейі миллиметрмен көрсетілген; Көлденеңнен — ақпан айындағы күн реті көрсетілген. Көрнекілік үшін қара нүктелер сызықтармен қосылған. осы сурет арқылы 2011 жылғы 6-ақпаннан 19 — ақпанға дейінгі жауған жаңбырдың орташа деңгейінің жауабын бер.
1) осы сурет арқылы берілген аралықта неше күн жаңбыр болған жоқ екендігін тап.
2) осы сурет арқылы берілген аралықта неше күн жаңбырдың деңгейі 3мм кем
болғандығын тап.
3) осы сурет арқылы берілген аралықта неше күн жаңбырдың деңгейі 3мм артық
болғандығын тап.
4) осы сурет арқылы берілген аралықта бірінші рет қай күні жаңбырдың деңгейі 5мм
болғандығын тап
5) осы сурет арқылы берілген аралықта қай күні жаңбырдың деңгейі ең үлкен
болғандығын тап
20-сұрақ
Мына диаграммада 1990 жылдан 2008 жылдар аралығында ВАЗ автокөлігінің қанша саны шыққандығы көрсетілген. Көлденеңінен –жылдары,ал тігінен-бір жылда шыққан автөкөліктер саны көрсетілген.
1) Берілген диаграмма бойынша қай жылы автокөліктер саны аз шыққанын анықта.
2) Берілген диаграмма бойынша, осы аралықта ең көп шыққан автокөліктер санын
анықта.
3) Берілген диаграмма бойынша 1990 жылдан 2000 жылдар аралығында біржылда ең
көп шыққан автокөліктер санын анықта.
4) Берілген диаграмма бойынша 1998 жылы шыққан автокөліктер санын анықта.
Тапсырма №1
«Темекі шегу»
Темекіні сигара және трубка арқылы шегуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжамдар бойынша 2020ж. Әлемдегі адам өлімінің 12% шылым шегуден болған аурулардан болады.
Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар.
№1 сұрақ
Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңіріледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.
Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?
А. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады
В. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді
С. Қанды көмірқышқыл газдан тазартады
Д. Көмірқышқыл газ молекуллары оттегіне айналдырады
№2 сұрақ
Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа ауруларға шалдығу қалпын жоғарлатады.
Темекі шегу төмендегі аурулардың қасысының пайда болуына қауіпі бар:
Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:
Темекі шеккен кезде келесі аурулардың қайсының пайда болу қауіпі жоғарлайды | «Иә» немесе «Жоқ» |
Бронхит | «Иә» / «Жоқ» |
ВИЧ инфекциясы немесе ЖҚТБ | «Иә» / «Жоқ» |
Ішек аурулары (оспа) | «Иә» / «Жоқ» |
№3 сұрақ
Кейбір адамдар темекіні тастау үшін жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жапсырылып, қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі.
Никотин жапсырмаларының тиімділігін зертеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зертттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды.
Тәжірибенің келесі жоспарларында қайссыең тиімдісі ?
А. Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады.
Б.Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағынсыз келеді.
С. Қатысушылар өз еркімен темекігні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді.
Д. Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды.
№4 сұрақ
А.Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар.
Техника және технология саласының жетістіктері темекі щегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады.
Әр жолда «Иә» немесе «Жоқ » тапсырмаларының бірін айналдыра сызыңыз:
Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады | «Иә» немесе «Жоқ» |
Темекі бағасының жоғарлауы | «Иә» немесе «Жоқ» |
Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру | «Иә» немесе «Жоқ» |
Әлеуметтік жерлерге темекі шегуге тиым салу | «Иә» немесе «Жоқ» |
PISA тесті оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.
Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында.
Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады.
Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады
Демалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып, құстардың түрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап, соларға жауап беріп келе жатқан болатыңбыз. Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр. «Әке мына шайырды қарағайға кім жақты?» — дейді. «Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой. Демалуға келген, табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң, біреу ағашқа пышақ шанышқан. Пышақты суырып алғаннан кейін, әлгі жараланған жерден хош иісті шайыр ағып, жараны бітеп, емдеген. Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, — деді әкесі.
Сұрақ 1: Ем
Әкесінің: «Қарагым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс
істемеңдер», — деген сөзді айтуының мәнісі неде?
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Сұрақ 2: Ем
Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
Сұрақ 3: Ем
Ретімен жазып сәйкестендір
Тапсырмаларды күнделікті сабақ жоспарына кіріктіру үшін, PISA тапсырмалары сол сабақ мақсатына бірдей болуы керек. Тапсырманы PISA тапсырмаларынан немесе мұғалім өзі дайындауына болады. Күнделікті сабақ барысында бір тапсырма орындаған оқушының функционалдық сауаттылығы артады.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз.
Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі — білімде.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектепте шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Елдің ертеңі білімнің тереңдігі мен өлшенеді демекші. Үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Сондықтан білім беру саласының басты мақсаты – оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге, білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеге, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту және олардың шынайы өмірде дара тұлға етіп қалыптасуына ықпал ету.