Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда МӘТІН – КОММУНИКАТИВТІК ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Байқау ережесі
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Мақала > МӘТІН – КОММУНИКАТИВТІК ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
Мақала

МӘТІН – КОММУНИКАТИВТІК ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Тілді қарым-қатынас құралы ретінде оқытуда, үйретуде мәтінің атқаратын қызметі зор. Студентті шебер сөйлеуге дағдыландыру – мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстары негізінде қалыптасады.      Мәтін арқылы тіл дамытудағы мақсатымыз – қоғамда қазақ тілі арқылы еркін қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету.

Оқытудың оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім әрекеттерін жетілдіруге бағытталған қатысымдық тапсырмалардың бірі – мәтін арқылы тіл дамыту.  Ол арқылы студентті тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын тере меңгерту, ойын еркін жеткізе білу, сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады. Қазақ тілін үйренушілермен тіл дамыту жұмысын дұрыс жүргізу үшін қойылатын шарт – берілген мәтіндерді дұрыс түсініп, жылдам және мәнерлеп оқу, түсінгенін өз сөзімен айтып жеткізе білу. Ол үшін оқытушы жаңа сабақты бастамас бұрын мәтінде не айтылатынын, ондағы жаңа сөздер туралы ақпарат береді. Жаңа мәтін өтілгенде сабақтың мақсатына қарай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Мәтінді оқуға қойылатын дұрыс оқу, түсініп, оқу, жылдам оқу, мәнерлеп оқу сияқты төрт түрлі талап бір-бірімен тығыз байланысты.

Оқу құралдарында берілген мәтіндер пікірталас тудыра алатындай, танымдық, елтанымдық, этикалық, эстетикалық бөлшектерден тұруы тиіс. Мәтінді коммуникативті актіде, дискурста пайдалануға болатындай және сөйлеуді дамытуға ықпал жасайтындай етіп таңдап алған жөн. Мәтін көлемі жағынан ықшам, түсінікті болуы қажет.  Мәселен, әдіскер ғалым Қ.Қадашева «Үйренушіге сөз үйрету белгілі бір жүйемен үйретілуі ескерілген жағдайда, сөз байлығы дамиды» дей келіп, тіл дамытуға қажетті қолданылатын тәсілдердің бірнеше түрлерін көрсетеді:

  1. мәтінді ұсынғанда ондағы таныс емес сөздердің мағынасы түсіндіріліп, алдын-ала ұсынылады;
  2. сурет арқылы сөз тізбектері беріледі;
  3. тіліміздегі жиі қолданыстағы пәрменді сөздерді үйрету мақсаты орындалуы қажет;
  4. сөздер жеке-дара үйретілмей, белгілі бір тақырып ішінде қарастырылуы қажет. Әрбір сабақта қысқа мәтінді тыңдау, ондағы тыңдалған жаңа сөздерді жаттығу арқылы орындау сөздік қорды байытады. Сөзді мәтіннен бұрын беру үйренушіні жаңа тыңдалатын мәтінге даярлайды.
  5. әр деңгейде жүйелі түрде берілетін сөз минимумдары тілді тез үйренуге әсер етеді [1, 57].  

Студентті өз ойын ауызша да, жазбаша да, толық, әдеби тілмен еркін жеткізе білуге үйрету қысқа мерзімде жүзеге аспайды. Сондықтан әр сабақта мәтін арқылы тіл дамыту жұмыстары жүрсе іс нәтижелі болмақ. Тіл дамыту жұмыстарын іске асыратын жаттығу мәтіндері ретінде би-шешендер, бейнелі сөздер, мақал-мәтелдерді алуға болады. Өйткені халық тілінің қайнар бұлағы – шешен сөздер, бейнелі сөздер, мақал-мәтелдер арқылы студенттің сөздік қорын байыту тіл дамыту жұмыстары арқылы іске асады. Мәтін студенттердің білімін, сөздік қорын қалыптастырады, дүниетанымын кеңейтуге, өз ана тілінде еркін сөйлеп, ойын дәл, анық жеткізе білуге баулиды. Сабаққа алынатын кез-келген мәтіннің тәрбиелік мәні болуы шарт. Студент мәтінмен жұмыс істеу барысында өзіне қажет білім қорын ала отырып, оның мән-мағынасын түсіну керек.

Мәтінмен ауызша тіл дамыту түрлерін  жан-жақты жүйелі түрде жүргізіп, жаттықпайынша, жазбаша тіл дамытудың нәтижесіне жету екі талай. Жазбаша тіл дамыту – көп жылғы ауызша жаттығумен жаттықтырудың нәтижесі. Сондықтан ауызша тіл дамыту жұмысының жан-жақты жүйелі ретпен жүргізілгені дұрыс. Т.Әбдікәрім мәтінмен жүргізілетін жұмыстың барлық түрі тіл дамытумен тығыз байланыста болатындығын айта келіп, мынадай жұмыстар арқылы тіл дамытуға болатындығын көрсетеді: «оқылым арқылы оқушы тілін дамыту, мәтіннің оқушы сөздік қорын дамытуы, айтылым және тыңдалым әрекет арқылы тіл дамыту, мәтіндердегі көркем сөздер мен ой үзінділері арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, суретпен жұмыс жүргізу арқылы шығармашылықты дамыту» [3, 7]. 

Мәтінде берілген тапсырмалар студенттің тілдік қорын дамытатындай, логикалық ойын кеңейтетіндей болуы керек. Мысалы, мәтінді мәнерлеп оқыңыз, мәтіннің әсерлі жерін тауып, оны әрі қарай дамытып, әңгімелеңіз деген сияқты тапсырмалармен түрлендіруге болады.

Тілді оқытуда қатысымдық әрекетке сәйкес мәтінді  іріктеудегі негізгі ұстанымдар туралы ғалым Б.Қасым: «Мәтін мазмұны аяқталған, белгілі бір логикалық жүйеге бағынуы; мәтін тақырыбы күнделікті өмір талабына сай, танымдық сапасы жоғары, тәрбиелік мән болуы; мәтін мазмұны өзгетілді студенттердің түсінісіне ыңғайлы, тілді білу деңгейлеріне сәйкес болуы; мәтінді іріктеп, таңдауда фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктердің ескерілуі; мәтіннің  мазмұнының қызықты болуы» деп атап көрсетеді [1].  

Мәтінге қойылатын психологиялық жағдайға сай алынуы, білім деңгейіне байланысты алынуы, қызықтыратын тартымды болуы сияқты талаптар студенттердің өтілген материалдарды терең меңгеруіне, сөйлеу тлі мен сөздік қорының дамуына, шығармашылығының арта түсуіне ықпал етуімен қатар олардың мәтін арқылы әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Білімалушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда мәтіннен кейінгі жұмыс түрлері сұрақ-жауап, сұхбат, қатысым, жазылым жүзеге асып, кешенді түрде тапсырмалар беріледі. Сондай-ақ, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту, бекіту мақсатында мәтіннен кейін топтық, жұптық тапсырмалар беруге болады.

Қорыта айтсақ, мәтін мазмұны тіл дамыту бағытында ұйымдастырылатын жұмыстар үшін аса маңызды. Ал мәтінне соң берілетін кешенді тапсырмалар білімалушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытып, әрі қарай жандандыратын, жас ұрпақты қазақ тілінде еркін сөйлеуге, сөздік қорын молайтып, ойын әдемі де әсерлі етіп жеткізуге баулиды.

Әдебиет:

  1. Әдістеме әлемінде. Ғылыми-әдістемелік жинақ. – А, 2008.
  2. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – А, 2005.
  3. Әбдікәрім Т. Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. – А, 2001.
Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

ОҚУ МАҚСАТЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ҚАДАМДАРЫ

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС –КҮРДЕЛІ, ӘРІ НӘТИЖЕЛІ

Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану

Жасанды интеллект-орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мен меңгертудегі заманауи құрал

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 30.08.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің атасы
Келесі материал ЕЛІН СҮЙГЕН – ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?