Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ КЕҢКИЯҚ ТҰЗ ҮСТІ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ҰҢҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Teaching English through literature to Yessenov University students
Мақала
ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR
Мақала
Ақтөбе өңіріндегі Жанажол кен орнында фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу
Мақала
ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Мақала
Химия сабақтарында зерттеушілік оқытуды жүзеге асырудағы танымдық қызығушылықтың маңызы
Ғылыми жоба Мақала
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ КЕҢКИЯҚ ТҰЗ ҮСТІ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ҰҢҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ
Мақала

АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ КЕҢКИЯҚ ТҰЗ ҮСТІ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ҰҢҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Аннотация: Бұл мақалада Ақтөбе өңіріндегі Кеңқияқ  туралы баяндалған. Тұз үсті кен орнындағы қиындатылған ұңғыларды пайдалану жобасы жайында жан – жақты жазылып, оның өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары да сөз етіледі. Мұнай өндірудің маңыздылығы дәріптеліп, өндірістің өркениетті елдің өресін кеңейтуге үлесі жайында сөз қозғалады. Мұнай-газ кешені елімізде өндірістің өнеркәсіптік көлемі мен сыртқы сауда бойынша экономиканың басқа салаларының арасында көрнекті орын алады.

Мұнай өнімдерінің әлемдік нарыққа шығу жолын қарқынды іздеудің жаңа дәуірі мұнай-газ саласының үдете дамуына мүмкіндіктер береді. Республиканың перспективасы, ең алдымен, мұнай және газ қорымен байланысты. Ұңғының ағымды өнімі жоғары болған сайын, кен орынды игеру мерзімінің ұзақтығы азаяды, сонымен қатар берілген игеру мерзіміне жетуге қажетті ұңғы санын азайтады. Өнімді қабатты ашу кезінде, қабаттың физика-геологиялық жағдайы, қабат қысымы, қанығу дәрежесі ескерілмесе, ұңғы өнімділігінің төмендеуі, ал кейде жоғалуы да мүмкін.

Кілт сөздер: Ақтөбе, Кеңқияқ, мұнай, кен, орын,  ұңғы, жоба, экономика, жұмыс.

Аннотация: В этой статье рассказывается о Кенкияк в Актюбинском регионе. Подробно будет рассказано о проекте эксплуатации усложненных скважин на солевом месторождении, а также о его плюсах и минусах. Подчеркивается важность добычи нефти, речь идет о вкладе производства в расширение сферы цивилизованной страны. Нефтегазовый комплекс занимает видное место в стране среди других отраслей экономики по промышленным объемам производства и внешней торговле.

Новая эра интенсивного поиска выхода нефтепродуктов на мировой рынок открывает возможности для ускоренного развития нефтегазовой отрасли. Перспектива республики связана, прежде всего, с запасами нефти и газа. Чем выше текущая производительность скважины, тем меньше продолжительность срока разработки месторождения, а также тем меньше количество скважин, необходимых для достижения заданного срока разработки. При вскрытии продуктивного слоя возможно снижение, а иногда и потеря производительности скважины, если не учитывать физико-геологическое состояние пласта, давление пласта, степень насыщения.

Ключевые слова: Актобе, Кенкияк, нефть, руда, место, скважина, проект, экономика, работа.

Abstract: This article tells about Kenkiyak in the Aktobe region. It will be described in detail about the project of operation of complicated wells at the salt field, as well as its pros and cons. The importance of oil production is emphasized, we are talking about the contribution of production to the expansion of the sphere of a civilized country. The oil and gas complex occupies a prominent place in the country among other sectors of the economy in terms of industrial volumes of production and foreign trade.

The new era of intensive search for oil products to enter the world market provides opportunities for accelerated development of the oil and gas industry. The perspective of the Republic is primarily associated with oil and gas reserves. As the current yield of the well is higher, the duration of the field development period decreases, as well as the number of wells required to reach a given development period. When opening a productive layer, if the physical and geological conditions of the layer, the pressure of the layer, the degree of saturation are not taken into account, there may be a decrease in well productivity, and sometimes loss.

Keywords: Aktobe, Kenkiyak, oil, ore, place, well, project, economy, work.

Ақтөбе өңірінде өндірісті өрге тасытып, өркениетті қоғамның одан әрі өсуіне негіз болып отырған өңірлер көп кездеседі. Солардың бірі – Темір ауданына қарасты Кеңқияқ кен орыны.

Тарихы тым тереңде жатқан аталмыш аймақтың әлі күнге өзіндік ерекшелігі, халқына ұсынар асыл қазынасы бар.

1958 жылы алғаш рет анықталған Кеңқияқ мұнай кен орнын бұрғылау жұмыстары бірнеше жылға созыла отырып, 1962 жылы аяқталды.

1967 жылы бұл кен орны мұнай бере бастады. Кейінірек кен орнынан алынған мұнай 1913 жылы бүкіл Қазақстан аумағынан өндірілген мұнайдан алты есеге жуық артық болды, ал соңғы 30 жылда Кенқияқтан 11 млн. тоннадан астам мұнай өндірілді.[1, 38 б.]

Сол уақыттан бері мұнайлы өлке өзінің мол ырысымен мемлекетіміздің маңызды өндіріс ощағына айналған. Алғашында аймақта өндірістің қыр – сырын жетік білмесе де, уақыт өте келе нағыз жұмыс қайнаған ортаға айналды.

Бара – бара бұл өсім өзінің одан әрі ұлғайып, ел экономикасын көш ілгерілетіу барысында өз үлесін тигізіп келеді. Алайда, ескеретін бір жайт, кез – келген жұмыстың өзіне тән артықшылығы мен іске асыруға тиіс ережелерді ескеру қажет. Кеңқияқ кен орынында да дәл солай.

Осы орайда айта кетуіміз керек, тұз үсті кен орынындағы қиындатылған ұңғымаларды пайдалану жобасын жіті назарға алып, дұрыс жүзеге асуын бақылағанымыз жөн.

Ұңғыма дегеніміз – жер қыртысында арнайы бұрғылау жабдықтары көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау –кен  құрылыс орны. 

Газ – сұйық көтергіштердің жұмыс теориясының жалпы ережелері сұйықтықты ұңғымадан күндізгі бетке көтеру екі түрдің энергиясы – қабаттың табиғи энергиясы және ұңғымаға бетінен қандай да бір жолмен берілетін энергия есебінен жүреді. Егер мұнайдың немесе газ – сұйық қоспаның (мұнай, су және газ) көтерілуі тек табиғи немесе жасанды түрде сақталатын қабат энергиясының есебінен жүрсе, онда ұңғымаларды пайдаланудың бұл әдісі субұрқақ деп аталады.Мұнай өндірудің бұл әдісі мұнай кен орындарын игерудің бастапқы кезеңінде, қабаттық қысым жеткілікті үлкен болған кезде және ұңғымалардың кенжарларына сусыз немесе аз суланған мұнай түскен кезде қолданылады. Оны қолдану кейінгі кезеңде қабат қысымын жасанды ұстап тұру арқылы мүмкін болады. Мұнай өндірудің субұрқақ әдісі ең үнемді болып табылады. Оның іске асырылуы қабаттың өнімділігіне және мұнайдың тығыздығы, тұтқырлығы, газдың қанығу қысымы, газ мөлшері және т.б. сияқты қабаттық мұнайдың қасиеттеріне айтарлықтай байланысты. газ-сұйықтық қоспасы сағалық жабдықтан өтіп, мұнай, газ және суды жинау және дайындау үшін өлшеу құрылғыларына, кәсіптік құбырларға, бөлу қондырғыларына және кәсіптік құрылыстарға түседі. Қоспаның кәсіпшілік құбырларда қозғалуын қамтамасыз ету үшін ұңғыманың аузында кері қысым сақталады.

Ақтөбе өңіріндегі Кеңқияқ тұз үсті кен орынындағы қиындатылған ұңғыларды  пайдалану жобасын жүзеге асыру барысында қажетті материалдарды таңдау және тиісті экономикалық есептеулер жүргізілу шарт. Әрине, жұмыс сапасының жақсы болуы, ең алдымен жоғары техникалық – экономикалық іс – әрекетке тікелей байланысты. Сол себепті, кәсіпорындағы әр әрекет мұқият ойластырылғаны абзал.

Тұз үсті мұнай кеніші төмен борлы орта юра, пермь, триас, жоғарғы пермь горизонттарында орналасқан.

Геологиялық әдіс кезінде шурфтар мен ұңғымалар көмегімен тұнба жыныстардың құрылымы зерттелінеді. Бұл ұңғымалардың тереңдігі айтарлықтай болуы мүмкін. Бұрғылау нәтижесі бойынша тау жыныстарының жасы мен құрамы және қабаттар бедерінің ерекшеліктері белгіленген құрылымдық карталар жасалынады. Мұнайлы және газды қабаттарды табу үшін одан әрі іздеу ұңғымаларын бұрғылайды. Кен орнын тапқаннан соң, мұнайлы ауданның көлемі және мұнай мен газдың қорын анықтау үшін барлау бұрғылауын бастайды.

Тay жыныстарын зерттеудің геофизикалық әдістерінің дамығанына көп болған жоқ. Бұл әдіс гравиметриялық аномалиялар, магнитті аномалия, жыныстардың электр өткізгіштігі, терең емес ұңғымалардағы жасанды жарылыс кезінде туындайтын сейсмикалық тербелістердің таралу ерекшеліктері сияқты, құбылыстар мен физикалық параметрлерді дәл анықтайтын приборлармен өлшеуге негізделген. Сонымен қатар, ұңғымаларды нейтронды атқылауды пайдаланатын радиометриялық және акустикалық әдістер де қолданылады.

Қабатты меңгеру әдістері алғашқы қабаттық қысымы жоғары болып, фонтандау процесі болатын немесе қысым төмен болып ашық фонтандау қауіпі болмайтын және пайдаланудың механикалық әдісі қолданылуы мүмкін жағдайлар болып бөлінеді. Мұнай өндіру практикасында қабатты ашу мен ұңғыманы меңгерудің технологиясының бұзылуы салдарынан ұңғыманың ашық фонтандап ұзақ уақыт өртену жағдайлары көптеп кездеседі. Мұндай құбылыстар ұңғыманың өзін ғана істен шығарып қана қоймайды, сонымен қатар осы кен орнының мұнай қорын азайтуға әкеліп соғады.[2, 48 б.]

Ұңғыларды пайдаланудағы құмдар шығуымен күрес қиындығы әрқашанда мұнай өндіру саласының маңызды қиындықтарының бірі болып табылады.

Аталған кен орынында ұңғымаларға көп кедергі келтіретін негізгі факторлардың дені – осы құмдар екені анық. Ол жер асты жөндеу жұмыстарына, мұнай өндірудің өзіндік қиындықтарына әкеліп соқтырады. Көбіне аталған фактордың орын алуы электр жарығының өшіп қалуы немесе аумақты су алу мәселесімен тікелей байланысты. Бұл  қажырлы еңбек пен қаншама уақытты, қосымша шығынды талап етеді.

Жер асты жабдықтардың тозығы жетіп, уақыты келгенде сыр беретіні анық. Олардың бұзылмауы үшін айырғыштар, якорьлер және тағы да басқа қорғау қондырғыларын қолданған  жөн.

Бұл тәсіл скважинаға құмның келін бәсеңдетіп, өндіріс қарқындылығын арттыруға себеп болады.

Мұнай кен орынының жемісті еңбек етуі үшін жаңартылған озық үлгідегі технологияларды пайдаланып, қазіргі ғылым мен экономиканың талабына сәйкес келетін маңызды алғышарттарды ескерген дұрыс.  

Қазақстанның әлемдік нарыққа мұнай өнімімен шығуы осы нарықты дамытудың негізгі тенденцияларын, экспорттаушы – мемлекеттер мен алдыңғы қатарлы мұнай компанияларының негізгі заңдылықтарын, халықаралық мұнайгаз жобаларын жүзеге асырудың негізгі шарттарын, қаржыландыру және инвестициялау мәселелерін, халықаралық мұнай бизнесіне қатысудын саяси және экономикалық салаларын зерттеу қажеттілігі мен өзектілігін тудырады.[3, 7 б.]

Eлiмiздe бoлaшaғы көп, кapқынды дaмып кeлe жaтқaн жeтeкшi өндipic caлacы мұнaй-газ өнepкәciбi бoлып тaбылaды. Ақтөбе облысы мұнай-газ өндіру, тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібін және минералды шикізатты пайдаланумен байланысты өндірістерді дамыту үшін айтарлықтай мүмкіндіктерге ие. Соның ішіндегі Ақтөбе облысындағы айрықша маңызға ие кен орын – Кеңкияқ кен орны.

Жалпы, қара отын қазақ халқының қал – жағдайын арттырып, ел экономикасының ілгерілеуіне себеп болатын ең негізгі факторлардың бірі. Сол себепті, өндірісі жолға қойылған өңірлерді жіті бақылауға алып, дұрыс жұмыс жасауын жетілдіргеніміз абзал.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Темір ауданы [Мәтін] : энциклопедия / ; [жауап. шығ. алқ.: М. Әділханұлы [ж.б.]]… – Ақтөбе : А-Полиграфия, 2010. — 550 б.
  2. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы [Text] : оқулық / Т. Ж. Жұмағұлов … – Астана : Фолиант, 2013. — 299 б.
  3. Мұнай өндіруші компаниялардың өткізу іс-әрекетін басқару (Ақтөбе облысы мұнай компанияларының материалдары бойынша) : Экон. ғылым. канд. ғылыми дәреж. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты мамандығы бойынша 08.00.05 — экономика және халық шаруашылығын басқару (қызмет салалары мен сфералары бойынша) / Басшиева, Жангүл Құтжанқызы … – Алматы : Арыс, 2007. — 20 б.
  4. Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. Мұнай және газды өндіріп, өңдеу. – Алматы, Өлке, 2000.

АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ КЕҢКИЯҚ ТҰЗ ҮСТІ КЕН ОРНЫНДАҒЫ ҚИЫНДАТЫЛҒАН ҰҢҒЫЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ

Аскербай Нурсултан, Темирханова Мадина, Турежан Айнур

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Жетекші: Балгынова Ақжарқын т.ғ.к., доцент

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [25.34 KB]

Басқа мақалалар

Teaching English through literature to Yessenov University students

ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR

Ақтөбе өңіріндегі Жанажол кен орнында фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу

ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 27.04.2023
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Ілияс оқулары конкурсы нәтижесі — 20.04.2023
Келесі материал Ақтөбе өңіріндегі Құмсай кен орнындағы ұңғымалар жұмысына талдау жасау және технологиялар орнату
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Teaching English through literature to Yessenov University students
ALMAU LANGUAGE CENTER 2023 REWIND: THE MOST MEMORABLE EVENTS OF THE YEAR
Ақтөбе өңіріндегі Жанажол кен орнында фонтанды ұңғыларда парафин түзілуімен күресу
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?