Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
«Мағжан оқулары» байқауы нәтижесі — 25.11.2025
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Қараша-Желтоқсан 2025)
Байқау ережесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Сабақ жоспары > Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Сабақ жоспарыСыныптан тыс іс – шараТәрбие сағатыАшық сабақ

Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

«ҰРПАҚ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНМЕН ШЫҢДАЛАДЫ»

Бердаулетова Гульмира Кабдилбаровна

ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы

ШҚО білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК

Тәрбиеші: Г.К. Бердаулетова  

Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Мақсаты:
1. Білімділік: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Асық.
Тәрбиеші: Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Әуенімен балалар ортаға шығады.
Тәрбиеші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Тәрбиеші: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» — атты жарысымызды бастаймыз.
1 — топ «Тұлпар»
Топ капитаны – Амирхан
2 — топ «Қыран»
Топ капитаны — Мансұр
«Тұлпар» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.


«Қыран» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық

Тәрбиеші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық…
Сайыс шарттары:
1. Асық ату
2. Арқан тартыс
3. Теңге ілу
4. Күш сынаспақ
«Асық ату» 

Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үштен (не одан да көп) асық тігеді. Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он-он бес қадамдай қашықтан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады да, әрі қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды. Егер ойыншы бірде-бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде, асықтарды қайта тігіп, ойын жалғаса береді.

Арқан тарту

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екіші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді

 «Теңге ілу»

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі. Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салынады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйығытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұң-қырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

 «Күш сынаспақ»

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп, қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса, сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады

Тәрбиеші:Енді әр командадан ең мықты деген балуандарымыз шығып, қошқарды  жиырма рет отырып көтеріп көрсін. Қай балуан көп көтерсе жеңіске жетеді.


Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.

Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Чемпион медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Күтілетін нәтижелер:

Не білді:Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білді.

Не алды: Сұрақтарға жауап бере алды.

Не істей алды: Ұлттық ойындарды ойнай алды.

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

Қысқа мерзімі  сабақ жоспары        Қазақ  әдебиеті

Қысқа мерзімді жоспарСабақтың тақырыбы: Ұлы дала ұлағаттары

Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Альдегидтер

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 31.08.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал «Киімдер» зерттеу элементтерімен
Келесі материал Білім негізі – бастауыш сыныпта
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?