Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Ілияс оқулары республикалық конкурсы (наурыз-сәуір)
Байқау ережесі
ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
Мақала
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Без рубрики
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ
Мақала
Мен өмірді таңдаймын!
Ашық сабақ Сыныптан тыс іс – шара
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
Aa
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Журнал
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы > Мақала > БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ
Мақала

БІЛІМ НЕГІЗІ – БАСТАУЫШ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселе-леріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

 «Ұстаз –жас ұрпаққа»  өз өнерін, тәжірибесінен, білімін үйретуші, ақылшы, тәрбиеші». Мұғалім-мемлекет қызметкері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім  беріп мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратынн мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Бүгінгі мұғалім, әсіресе бастауыш сынып мұғалімі өте жан-жақты білімді әмбебап ұстаз болуы тиіс.  Мұғалім өзінің қадір-қасиетін жоғары ұстағаны жөн. Жоғалған абырой қайтып орнына келмейді. Бастауыш сынып оқушысы сенгіш келеді. Баланың сенімін  ақтау мұғалімнің парызы.          Мұғалімнің қызметі қызықты да, бейнеті көп, ауыр жұмыс. Мұғалімдікке үлкен жүрек, балаға  деген  ыстық  мейірімділік керек. Мұғалім-мемлекеттің  саясатын іс жүзіне асырушы тұлға.  Бастауыш сынып мұғалімі жас балалардың тілін таба  білетін, олардың жұмысын ұйымдастыра алатын, өзіне қатал талап қоя білетін, өзінің әріптестерін түсінетін, ата-аналармен ынтымақтастыққа еңбек ете алатын болуы керек. Ұстаздық қызметтің қиындығы мол. Себебі, ол бір екі ғана баланы тәрбиелемейді. Ол қабілеті мол бейімділігі, қызығушылығы, мінез-құлқы, түсінігі мен көзқарасы әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді, оқытады, біліммен сусындатып, өмірге жолдама береді. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен  үнемі қарым-қатынаста болуымен және рухани араласымен сипатталады. Ұстаздық әдеп жай ғана сыпайылық білдіру емес, ол шығармашылық ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-құлықтың, саналы іс-әркеттің, білімділік пен іскеліктің жиынтығы. Ұстаздың әрбір қадамында баламен арақатынасында, сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстанымдылық, ілтипаттылық, кішірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы-ықыласты болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала жүрегіне жол таба білу, түсіне білу ұстаздық әдептілік белгілеріне жатады. Ұстаздық әдептің негізі оқушыларға деген шын ықыласта және олардың адамдық ар ұятына деген адалдықта жатыр.

           Ұстаздық әдеп көбінесе шәкірттермен бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында ұсынатын жөнге лайық шара ретінде анықталады. Ұстаздық  әдет шығармашылық, ақыл ой әрекеті айрықша іскерлік әдепті ұстаздың әртүрлі әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар оларды ақыл таразысына салып өлшеп,  орнымен пайдалана біледі. Ұстаздық әдеп әр ұстазда әр түрлі және ар қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты. Ұстаздық әдеп әр ұстаздың дара қасиеті.

Мен бастауыш сыныптарының ұстазымын. Алғашқы ұстаз… Немесе,екінші анамын деп айтса да болады.Қалай тәкаппар әрі мейрімді естіледі! Бірақ, алғашқы ұстаз болу үлкен жауапкершілікті сезіндіреді.

Өйткені, ата-аналар өздері үшін ең қымбатты «қазыналарын» — балаларын маған сеніп тапсырады. Сондықтан баланың мектептегі өмірі қалай қалыптасатыны алғашқы ұстаздан, менен байланысты. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарау, оларға деген шынайы сезім, құрмет пен сенім болған жағдайда ғана өзара түсіністік қалыптасады. Бұдан екі мың жыл бұрын Сократ : «Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деп жазған болатын.Ұстанымым «Сенемін». Мен неменеге сенемін? Мен әрбір баланың дарындылығына сенемін. Олар өздерінше дарынды.Менің ұстаз ретінде міндетім әрбір оқушының бойындағы сирек кездесетін күш-қуатын айқындау, баланың өзінің жақсы жақтарын ашып көрсетуіне көмектесу. Баланың дамуы, оның жақсы жақтарының жетілуі тек қана қызмет барысында өтеді. Сол себепте, менің педагогикалық тәжірибемнің бастаушы идеясы әдістемелік жүйелерді өңдеп, тиімді технологияларды, ұстаз бен оқушы қызметтерінің түрлері мен құралдарын бірге таңдау. Әртүрлі іс-шараларға қатысу, сабақта компьютерлік технологияларды, оқуда біліктілікті, зерттеу қызметтерін ұйымдастыру, оқушыларды қызықтыратын тиімді тәсілді пайдалану.Әрине,көп оқып, көп дайындалуға тура келеді.

Бірақ, нәтижесін көргенде уақыттың, күштің кеткеніне өкінбейсің.

Ал, оқушылардың риза болғанын, қуанғанын көргенде нағыз марапат осы екенін түсінесің. Менің оқушыларымның өмірде дұрыс шешім қабылдап, өздерінің күштеріне сеніп және достасып, қуануды және күйіне білуді үйренсе деймін.

Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген дана Абайдың өлең жолдарын әрдайым жадымда ұстаймын. Егер шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?!

Әрине, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші менің де мақтан тұтатын шәкірттерім бар. Бірнешеуі менің ізімді қуып мұғалім болуда. Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы. Ол –өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс –тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. «45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минутыңы дайындал» деген нақыл сөз, менің ең басты ұстанымым болып табылыды

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының

Сырым аудандық білім беру бөлімінің

Құспанкөл бастауыш мектебі КММ

Кадыров Серик Еркинович

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА

XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Торғай өңірінде музыка өнерінің қалыптасуы

СОЗДАНИЕ БЛАГОПРИЯТНОГО ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО КЛИМАТА УРОКА.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 02.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал УЧА ДРУГИХ, УЧУСЬ САМА
Келесі материал Бесік жыры – тәрбие бастауы
banner
Мақала жариялау
Республикалық "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналына өз жұмысыңызды жариялап, сертификат алыңыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Ілияс оқулары республикалық конкурсы (наурыз-сәуір)
ЖИВОПИСЬ КАК ВИД ИЗОБРАЗИТЕЛЬНОГО ИСКУССТВА
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЛИНГВОМӘДЕНИЕТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болғыңыз келсе формаға Email адресіңізді толтырып жазылыңыз.

Республикалық байқаулар хабарламасы сіздің эл.почтаңызға келіп тұрады.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?