Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Байқау ережесі
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Мақала > ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
МақалаҒылыми жоба

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Ең әуелі – ниет керек

Одан соң – күш керек

Одан соң – тәртіп керек.

                                (М. Әуезов)

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан, оларға терең де сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. «Педагог көп әдісті қолдана отырып, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде пайдаланған дұрыс» деп, Ахмет Байтұрсыновтың айтқандай, қоғам талаптарына сәйкес «білімді тұлға», яғни білім, білік, дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, өмірдің өзгерістеріне дайын болатын, белсенді,  шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау біздің мақсатымыз. Бұл – заманауи талаптарға сай болашақ ұрпақтың сұранысын қанағаттандыру білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізіп, оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – бала тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, тез, әрі нақты ойлап, тез шешім қабылдай алу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдана білу. Мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын болғандықтан, оқу қызметін тиімді ұйымдастыруда ойынның атқаратын рөлі де ерекше.

«Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе сияқты» деген В.А. Сухомлинскийдің айтуынша,  баланың  танымын ашатын, тілін дамытып, өмірге құштарлығын оятатын жарық терезе – педагогтар.

Ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді.   Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша,  «Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы». 

Қазіргі қоғам өзгерістеріне тез бейімделу дағдыларын дамыту үшін ұйымдастырылған оқу қызметін ойын арқылы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін үш топқа бөліп қарастыруға болады.

-педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойын;

-құрылымдалған ойын;

-еркін ойын;

1. Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойында педагог ойынға қажетті материалдармен балаларды қамтамасыз етіп, ойынды бастап береді немесе ойынды бағыттау не баланы бағдарлау үшін ойынға қосылады. Құрылымдалған ойын барысында әдетте балаға қашан және не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар беріледі. Педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін ойында ойынның/тапсырманың нақты аяқталу кезеңі болуы ойын барысында өрбуі мүмкін әртүрлі нұсқалар санын шектейді. Бұл баланың ойынды қабылдауын жеңілдетеді. Сонымен қатар ойынның айқын құрылымы балаға ойынның ақырғы нәтіижесіне жету үшін қандай қадамдар мен іс-әрекеттерді орындау қажет екендігін түсінуге мүмкіндік береді.

2. Құрылымдалған ойын – мектеп жасына дейінгі балаға белгілі бір дағдыларды үйретуге және дамытуға бағытталған ойын түрінде ұйымдастырылатын іс-шара. Құрылымдалған ойынға әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындары мен жаттығулар (секіру, өрмелеу), суды, құмды, саз балшықты пайдаланатын ойындар, арт-терапия түріндегі ойындар (саусақпен, қылқаламмен, пастель бояуларымен, түрлі түсті қарандаштармен сурет салу) жатады. Атап айтқанда, құрылымдалған материалмен жұмыс істеуге арналған сабақ ойын терапиясының ерте кезеңдерінде, баланың сезімдері әлі қалыптасып және саналы түрде сезінгенге дейін ерекше маңызды.

3. Нақты шекаралары мен ережелері жоқ, бала қалағанын жасайтын еркін ойын. Бұл ойынның маңыздылығы балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен байланысты. Еркін ойын балалардың талқылау, проблеманы шешу, қақтығыстардың алдын алу, келісімге келу және т.б. қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.

Ойын түрлерін оқыту әдісі ретінде пайдалану балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Оқытудағы ойын технологиясының басты элементтері: ойынның алдында нақты оқу мақсаты қойылады; ойын әрекеттері арқылы нақты педагогикалық нәтижеге қол жеткізіледі; оқу қызметі ойын ережелеріне бағынады. Ұжымдық қызмет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері балалардың басқа топ мүшелерінің пікірін құрметтеуді, ақырғы нәтижелерді болжауды, өздерінің ойын барысында атқаратын іс-әрекетін өз бетінше жоспарлауды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренуіне ықпал етеді.

Жалпы қорыта айтқанда, жаңартылған оқу мазмұны аясында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін оқу қызметінде тиімді қолдана білсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін, балалардың ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін   байқайсыз. Яғни, бала өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, топта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан ұйымдастырылған оқу қызметінде ойынның үш түрін дұрыс ұйымдастыра білсеңіз, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді болатындығын айтуға болады. Біз, педагогтар, жаңартылған білім беру аясында оқытудың тиімді-әдіс-тәсілдерін жетік  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, тағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

Байгалым Саяжан

«Алматы облысы білім басқармасының қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

ОҚУ МАҚСАТЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ҚАДАМДАРЫ

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС –КҮРДЕЛІ, ӘРІ НӘТИЖЕЛІ

Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану

Жасанды интеллект-орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мен меңгертудегі заманауи құрал

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 02.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал ҚЫСТАП ҚАЛАТЫН ҚҰСТАР
Келесі материал Математика курсында ‹‹Тригонометриялық функциялар›› тақырыбын оқыту әдістемесі және талдаудың басы.
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?