Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
«Мағжан оқулары» байқауы нәтижесі — 25.11.2025
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Қараша-Желтоқсан 2025)
Байқау ережесі
Республикалық «Тарих ата» олимпиадасы нәтижесі — 21.10.2025
Олимпиада нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Ғылыми жоба > Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Ғылыми жоба

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысы, Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«Қ. Сатпаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми зерттеу жұмысы

Жобаның тақырыбы:  «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»

Жобаның авторы:    9 «В» сынып оқушысы

                                       Садуваккасова Нургуль  Азат кизи

Жобаның жетекшісі:  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                       Бердикулова Айжамал Бибосыновна

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Сәлемдесудің тарихы
  2. Қалай амандасу керек?
  3. Қазақтың сәлемдесу, сәлем айту дәстүрі
  4. Сен қалай амандасып жүрсің?

Қорытынды бөлім

КІРІСПЕ

«Сәлем» арабтың «тыныштық, бейбітшілік» деген мағынадағы «ассалам» сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Арабтар осы сөзді қолданып амандасады. Сәлемдесу, амандасу адамныЙң бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі болып  есептеледі. Күнделікті өмірде біз қанша адаммен кездесіп, қанша жұртпен ұшырасамыз. Солардың бәрінде де бірінші кезекте арамызда сәлемдесу, амандасу жүреді.

Адам баласы қашаннан бейбіт, тыныш өмір сүруді аңсап, армандаған. Сол арманның негізінде қолы жеткен зор игілігі сәлемдесу әдебінің қалыптастырылуы.

Сәлемдесудің кереметі сонда — адамдардың бір-біріне жылы мейірім мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, жақындықты бейнелеуінде.

Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем — сөздің анасы» деп баға берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың

мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады:

Әй,айташы,айтсаң айт!

…Құдіретімен жаратқан,

Он сегіз мың ғаламды айт.

Ақтан сия танытқан

Дәуіт пенен қаламды айт.

Сөйлеу үшін жаратқан

Сөз анасы — сәлемді айт!

Қазіргі қол алып амандасу қайдан шықты?

Жобаның міндеті:

Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру. Амандасу түрлерімен таныстыру. Оқушыларға әдептілік белгісі сәлемдесуден басталатынын түсіндіру, сәлемде де сұлу сыр бар екенін білдіру.

Жобаның өзектілігі:

Қазақ халқының сәлем беру,сәлем алу,сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы,әдептілікке,қарым қатынас жасай білуге,ұйымшылдыққа шақыру.

Жобаның жалпы сипаты:

Халқымыздың  дәстүрлі амандасу, сәлемдесу әдебінің қалыптасу жолдарын, әдептілік пен әдепсіздіктің тайталасын,өмірлік міндеттің, яғни, дұрыс амандаса білудің сипатын ашу.                                      

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Сәлемдесудің тарихы

Бұның тарихы тым әріде екен. Қадым замандағы неандерталь адамы аң аулап жүріп, өзі секілді аяқты, жұмыр басты пендені кезіктіргенде,оған өзінің қастық жасау ниетінің жоқ екенін білдіру үшін оң қолын жоғары көтеретін болған.

Бұл оның: «Көріп тұрсың ғой, мен қарусызбын»,- дегені екен. Бұл ишарат Мысырда мәлім болған. Бұл әдеп кейін римдіктерге көшіп, кешқұрым кездескен адамдар, ең алдымен, қару-жарақтарының жоқтығына сендіру үшін оң қолдарын алысуы керек болған.

Қазіргі қоғамдағы етене жақындасып амандасу қайдан келді?

Етене жақындасып амандасудың отаны- Еуропа елдері. Бұл елдерде қазақ қоғамындағыдай әдепті емес, керісінше әйел болсын, ер адам болсын беттен сүйіп, құшақтасып амандасады.

Ал бұл бізге қалай келді?

Мынадай болжамдар бар:

-европа елдері секілді амандасу алдымен,қоғамымыздағы жастардың еліктеушілігінен;

-үздіксіз телеарналардан батыс елдерінің сериалдарын көрсетуінен;

-шет ел азаматтарымен бұрынғымен салыстырғанда, кеңінен араласудан;

Етене жақындасып амандасуды медицина қолдамайды.

Интернетке кіріп, етене жақындасып амандасуға медицина тұрғысынан көзқарастарды іздестіріп көрдім. Нәтижесі көңіл қуантарлық емес. Бұл жолмен жұғатын ауру түрлеріне саусақ жетпейді. Олар: герпес, тұмау, туберкулез, сифилис, гепатит сияқты ауру түрлері. Осылардың ішінде вирусы кең таралған ауру ол- герпес. Оның вирусы ағзаға түскеннен кейін бірнеше күннен кейін қуаттанып, тері бетіне шығады. Бірер күн өтер өтпестен, дене қызуы көтеріліп, әлсіздік байқалады екен.

Егер адамда тым болмағанда бір рет герпес шыққан болса, онда ол адамды герпестің алғашқы формасының науқасы деп атауға толық негіз бар.

Жер бетіндегі 90%  адамдар герпес вирусын тасушылар. Бұл тек жеңіл ауру түрі. Ал осылай амандасу нәтижесінде өміріңізге қауіпті ауруды да жұқтырып алмасыңызға кім кепіл? Сондықтан медицина қызметкерлері бұлай амандаспаған жөн деп санайды.

  • Қалай амандасу керек?

Сәлемдесудің әдеп ретіндегі ең басты шарты – жылы шырай. Онда сәлем беруші мен сәлем алушының қас –қабақ, бет-жүз құбылысы, даусы маңызды қызмет атқарады. Сәлем алушы үшін мұның бәрі маңызды.

Айталық, көз көреді, аяқ жүреді, ауыз жұтады осылардың бәрі сенің өзіңе қызмет етеді. Тек жылы жүз, әсем күлкі мен әуезді үн айналадағы адамдардың еншісі. Және бұлар басқалардың сенімен жайдары, жақсы қатынаста болуы тілектестік, ниеттілік үшін, жанды жараламау үшін қажет. Сол себепті де әркім  сәлемдесуді емес, қалай сәлемдесуді білу, өзінің қас-қабақ, бет-жүз, дауыс құбылысын қадағалап, алдындағы адамға жақсы әсер қалдыратындай болуына талпынуы, машықтанып, үйренуі керек.

Амандасудың өз әдебі бар. Күлімсіреп, ақ жарқын, жылы шырай танытқан жөн. Шынайы, сыпайы, достық пейілмен амандасқан дұрыс. Сәлемдесу кезінде аздап иіледі. Жас адам үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда қаттырақ иіледі. Иіліп сәлемдескенде дене тік қалпында қалып, қол екі жаққа түсіріліп, өкшелер бір-біріне тиіп тұруға тиіс.

 Сәл иілу дегеніміз басты аздап еңкейтіп тағзым ету. Қатты иілу де басты еңкейтуден басталады да, сонан соң кеудені июге көшеді. Әдетте баяу, байсалды және сабырлы иілу керек. Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу, сабырсызданбау керек. Ал қыр көрсете, менменси, даусын өзгертіп, бет-аузын құбылтып амандасу — әдепсіз адамның қылығы.

Сәлемдесудің үлкен-кішіге қатысты айтылатын түрлері бар. Ер адамдар бір-біріне, өзінен жасы үлкен кісіге, ақсақал, қарт адамға  «Ассалаумағалейкум!» деп амандасқан жөн, бұл жағдайда міндетті түрде «Уағаллейкүмсалам» деп жауап қайтару керек.

Апа, әжелерге «Амансыз ба, әже!», «Амансыз ба,апа!» дейді.»Сәлеметсіз бе!» деп амндасу жиі айтылады.

Жақын туыстардың есімін қосып айтып сәлемдесуге болады. Мысалы, «Амансыз ба, Маржан апа!», «Сәлеметсіз бе, Айбек аға!».

Ұстазбен сәлемдескенде «Сәлеметсіз бе, Бекзат ағай!» немесе «Сәлеметсіз бе, Бекзат Шыңғысұлы!», «Сәлеметсіз бе, Дана апай!» немесе «Сәлеметсіз бе, Дана Абылайқызы!» деп айтуға болады.

Әдетте қарсы келе жатқан адаммен қатарласуға бірнеше қадам (3-4 қадам) қалғанда амандасады.

Қандай жағдайда орнынан тұрып сәлемдесу керек?

Орнынан тұру дегеніміз- құрмет  көрсету. Ұл бала да, қыз бала да үлкен кісілермен амандасқанда орнынан тұрады. Жақындап келген немесе үйге кірген адаммен ұл бала да, қыз бала да орнынан тұрып амандасады. Көпшілік жерде ұл бала да, қыз бала да үлкен кісі кірген сайын орнынан тұрып, олар отырғаннан кейін ғана отырады.

Кімнің бірінші болып амандасуы керек?

Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, ұл бала қыз баламен бірінші болып сәлемдеседі. Кірген адам отырған адамдармен бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқан адам қалушылармен бірінші болып қоштасады. Қонаққа барғанда ең алдымен үй иесімен, содан кейін барып өзге адамдармен амандасады. Қонақтармен олар отырса, сол ретімен амандасуға болады. Көшеде озып бара жатқан адам өзінің танысымен қатарласқан сәтте әрқашан да бірінші болып амандасады. Әрине, тұрған адам сәлемдесушіге жүзін бұрады, иығынан қарап амандасу сыпайылыққа жатпайды. Көпшілік тұрған жерде ер адам ер адаммен бірінші болып амандасады.

Жауап сәлем және бір мезгілде сәлемдесу.

Сәлемдескен кезде әрқашан жауап қайтарады. Егер қасыңдағы серігіңмен амандасса, ол адам саған таныс болмағанның өзінде де, оның сәлеміне жауап қайтаруыңыз керек. Егер сіздің серігіңіз өз танысымен амандасса, онымен сіз де амандасуға тиіссіз. Егер сізге мүлде басқа адам сәлемдескен жағдайда жауап қайырып, оған өзінің қателескенін аңғартпау керек. Иығын қозғау немесе қаңырқағандық білдіру сыпайылық емес. Егер сіз танысыңызды тым кеш көріп, онымен амандасуға немесе оның сәлеміне жауап қайыруға үлгермей қалсаңыз, онымен келесі кездескенде кешірім сұрауыңыз керек.

Кіммен, қай жерде сәлемдесу керек?

Әдетте өзіңізге таныс адамдармен сәлемдесесіз. Өзіңіз жиі кездестіретін адамдармен де (жолда, дүкенде т.б) амандасуға болады. Көпшілік отырған жерге кірсеңіз, онда отырған жалпымен сіз иіліп немесе бас изеп амандасасыз. Өзіңіз үнемі барып жүретін асхана, кафеге және т.б кіргенде өзіңізге көптен бері қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлермен амандасу керек. Пойыздың купесіне, қайсыбір мекеменің қабылдау бөлмесіне кіргенде іштегілермен амандасу керек. Шығарда олармен қоштасады. Таксидің және алыс сапарға шығатын автобустың жүргізушісімен сәлемдеседі. Бөтен адамнан бір нәрсе сұрамас бұрын онымен амандасып алу керек.

Қол алысу.

Амандасқанда немесе танысқанда кіші адамға жасы үлкен адам, ер адамға әйел адам, шәкіртіне мұғалім және жұмыс кезінде қызметкерге басшы адам бірінші болып қол ұсынады.Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруі тиіс, бірақ екінші адамның қолын ауыртатындай қатты қыспау керек. Тым болбыр қол алысу сияқты, тым қатты және ұзақ жібемей қол қысысу да орынсыз. Үстел үстінен қол ұсынбайды. Қол алысу үшін ұсынылған қолды алмау — қорлағандық. Егер қандай да бір себептермен сіз қолыңызды бере алмайтын болсаңыз, мұны айтып, сыпайылықпен кешірім сұрауыңыз керек. Ерекше құрмет көрсеткісі келген адамына биялаймен қол ұсынбайды. Биялайды шешіп қол ұсыну – адамды құрметтегендіктің белгісі.

Сәлемдескендегі бас киім туралы.

Бас киімді шешіп сәлемдесу- әдемі ғұрып. Мүмкін болған жағдайда (егер ол сіздің денсаулығыңызға зиян келтірмесе, ауа райы суық кезде, екі қолмен ауыр жүк көтеріп келе жатқанда болмаса) бас киімді шешіп сәлемдескен дұрыс.

  • Қазақтың сәлемдесу, сәлем айту дәстүрі

Халқымыз амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Сол себептен ата-ана баланы жасынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Амандасудың, сәлем айтудың астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласты, құрметі, сыйластығы жатыр. Әр сөзді сәлемдесуден бастайтын халқымыздың осы бір жақсы қасиеті  көпшілікті татулыққа, сыпайылыққа, мәдиениеттілік пен парасаттылыққа үндейді. Құран Кәрімде: «Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар» делінген екен. Бұл да амандасудың адамгершілік сатысының бір биігі екенін көрсетсе керек.

Амандасу салт-дәстүрімізде ерекше орын алады. Жасы кішінің үлкенге, атты адамның жаяуға, келе жатқан адамның отырған кісіге амандасатыны ежелден келе жатқан салтымыз.Бұл мақаланы жазудағы мақсатым – сәлемдесу, алыстағы ағайынға сәлем айту, әйел адамның амандасу әдептіліктері, қазақтың үлкенге жол беру салты жайлы ой қозғай отыып қазақтың осындай тамаша салт-дәстүрлері барын, адам баласының бір-біріне деген сый құрметтің белгісі екенін көпшілік оқырманға жеткізе білу.

Адамның бірімен-бірі кездескенде жылы шырай білдіріп, аман-сәлем жасап, сый-құрмет танытады, мұның өзі адамзатқа ортақ қасиет.

            Амандасудың жалпы екі түрлі тәсілі бар: оның бірі ауызша амандық сұрасу, енді бірі, қол алысу, құшақтасу, бетіне — бетін тигізу, сүю арқылы бейнелеу. Адамзат ең арғы замандарда бірімен-бірі жолыққанда қолында қаруы жок, қастықсыз, адал екенін әйгілеу үшін алақанын жайып, қолын көрсетіп, қарсы жағымен жауаптасатын болған. Мұндай әдеттер ішін-ара қазірге дейін байырғы қалпын сақтаған ұлттарда бар. Мамандар осы әдетті қазіргі адамдар амандасуының арғы төркіні деседі. Амандасу әдеті барлық халықта болғанымен, әр ұлттың амандасу салты өзгеше болады. Біздің арғы-аталармыздың ертедегі аман-сәлем жасау салты жаратылысқа, тотемге, иеге, киеге, тәіңрге табынуымен де байланысып жататыны белгілі.8-ғасырдан бастап ислам дінін қабылдағаннан кейінгі жерде аман-сәлем жасау тәсілі өзгерді.

                        Қазақтың жалпы аман-сәлемінде «Ассаламағалейкум», «Уағалейкумассалам», «Шүкірлік» деген амандасу терминдері қабылданды. Десе де амандасу жолдары негізінен өзінің бұрынғы қалпын сақтап қалды. «Ассалаумағалейкум» деп сәлем бергенде басын сәл еңкейткені болмаса, көбінде оң жақ қолын, сол жақ көкірегіне қоятын әдеті жоқ дерлік. Қазақ салтында аман-сәлем мынандай жолдармен орындалады: кездесе қалған екі адам бірін-бірі танысын, танымасын  сәлемдеседі. Әуелі «Ассалаумағалейкум», «Уағалейкумассалам», кейін, көбінде, денсаулық, ел-жұрттың, туыс-туғанның, отбасының мал-жанның амандығы, елдің тыныштығы сұралады. Қарсы жақ сәлем алып «Аллаға шүкіршілік», «Аманшылық» деп барып қарсы жағынан қайтарып амандық сұрайды. Амандық сұрасқанда, қандай ауыр хал, нашар жағдай болса да жамандықты айтпайды, саулықты, «шүкіршілік» айтады.

Біреулердің атынан қатты жүріспен келіп, озып кетуге тура келгенде тіл қатысып, аман-сәлем, жөн сұрасқаннан кейін асығыс екендігін айтып, ризалық алып озып кете барады.

Сәлемдесу дегеніміз — достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір  күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді.

Сонымен, қалай амандасу керек? Ең алдымен амандасатын адамның көзіне қараңыз. Адамдарға қыр көрсете немесе менмендікпен қарамай, достық пейілмен, жылы шыраймен қарауды әдетке айналдырыңыз.

«Сәлеметсіз бе?», «сәлем бердік» немесе тәуліктің мезгіліне сәйкес, «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздер айтып амандасқан дұрыс. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын және ешқашан дауыс көтермей, сабырсызданбай айту керек.

Әдептілік қағидасы бойынша, қарсы келе жатқан адамға 3-4 қадам қалғанда амандасады.                          

Кімнің бірінші болып амандасуы керек? Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бағынышты адам бастығымен және жас бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі. Бойжеткен егде тартқан ер кісімен өзінің амандасқанын күтпестен, бірінші болып сәлемдессе, өте жақсы әсер қалдырады.

Кірген адам отырғандарға бірінші болып амандасады, ал кетіп бара жатқанда, қалушылармен бірінші болып қоштасады. Бұл әйел затына да қатысты. Үйге кірген әйел өзінің жұбайымен ең соңында амандасуы тиіс.

Қонаққа бара қалсаңыз, ең алдымен үй иесі әйелмен, сонан соң, қожайынмен, тек содан кейін барып қана отырғандармен амандасыңыз. Қонақтармен жынысына, жасына да қарамай, олар қалай отырса, сол ретпен амандасуға болады.

Кіммен, қай жерде амандасу керек?  Әдептілік әліппесі бойынша, өзіңіз таныстырылған адамдармен ғана амандасуыңыз керек. Дегенмен, өзіңіз сөйлесіп үлгермеген болсаңыз да, жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасқыныңыз абзал.

Егер сіз ол адамдарды көшеде келе жатып, үйдің терезесінен немесе автокөліктен көріп қалсаңыз (терезеге немесе көлікке әдейі қарау  мәдениетке жатпайды) да сәлемдесуіңіз қажет.

Қоғамдық орындарға (кафеге, асханаға) кіріп келе жатқан таныс адаммен үнсіз амандасыңыз. Егер көп адамдар отырған үстелге жақындасаңыз, оларға тәулік мерзіміне сай келетін сөздермен сәлемдесуіңіз керек, үстеліңіздегі ең жақын көршіңізбен қол алысып амандасуға болады.

Қол алысу әрқашанда достық пейілді білдіруі тиіс, бірақ екінші адамның қолын ауыртатындай қатты қысып, ұзақ жібермей ұстап және тым болбыр амандасу орынсыз екенін есте ұстаңыз.

«Сәлем –сөздің анасы», « Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дейді дана қазақ. Ендеше, әлеміңізді түзегіңіз келсе, асыл сөздің анасы – «сәлеміңіз» қашанда түзу болсын

         Сәлем жасау, сәлем ету

Мұның бірнеше түрі бар. «Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты.Бірінші, алыс жолдан келген жолаушы, немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүр. Кейде «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» дегендей, жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін жол бар.

Егер сәлем ер адамға қатысты болса «сәлем берді» деп айтылады. Екінші, сыйлы аға, ене, қайынағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп, бір тізесін бүгіп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем жасайды. Ондайда біреу «келіндеріңіз сәлем етіп жатыр» деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем беруі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады.

Сәлем әйел адамға қатысты болса, оны «сәлем етті» дейді. Үшінші, сәлем етудің тағы да бір өзгеше түрі бар. Егер бір адамның мойыны құяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған. Мұндай сәлем қылудың аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады.

 Сапардан келген адам аман-есен барып келгенін білдіру үшін басқалармен бөліседі. Не көріп, не біліп келгенін, барған жеріндегі халықтың ерекшеліктерін және қызықты болған жайттарды айта отырады.

 «Қуаныш, қайғы мен ас, ат ортақ» деп,өз ұрпағын бауырмалдыққа, береке-бірлікке бауырмалдыққа баулып келген ата дәстүрінде  кісі қазасына жиналып, «Қазаның арты қайырлы болсын» деп көңіл айтып келеді. Жас нәресте дүниеге келсе: «Нәрестенің бауы берік болсын!» деп, немесе ауылға жас келін келсе, «Келіннің қадамы құтты болсын!» деген тілек білдіру көрші-қолаң мен туған-туыстың парызы болып кеткен.

Қазақта әдетте жолаушы (жолшы)  үйдің іргесін басып (үйге тым жақын) жүрмейді, іргеге келсе, аттан түседі немесе ат үстінен сәлем береді. Әдетте үйді іргесіне атты адам келгенде үй иесі тысқа шығып, қонақпен сәлемдеседі. Белдеуге келіп қонақ түсіп жатқанда, үйден адам шығып, келген қонақтармен сәлемдеседі. Жасы үлкен адамдар мен әйелдердің алдынан атын ұстап, аттан сүйеп түсіріп, есік ашып үйге енгізеді

Дәрежесі тең, бірақ, жақын емес адамдар бір-бірінің бір қолын  алып қана амандасқан; ал таныстар (ер адамдар)  бір-біріне екі қолдарын береді және сонан соң, екі жаққа алма кезек иық тірестіріп құшақтасады немесе керісінше бір-бірін кеуделеріне қысып құшақтайды. Мұндай қимылдар кездесу кезінде жасалады. Әйелдер де кездескенде жалпы қабылданған әдетті сақтаулары тиіс. Әлеуметтік жағдайлары тең әйелдер кезіккенде қол алыспайды (еш уақытта сүйіспейді),  тек бірі екіншісіне жәй ғана иіледі. Бірақ, ханша сәл  белгілі сұлтан әйелін кездестіргенде қараша өкілі жанарын төмен түсіріп, иіліп, бетін сипап сәлемдесуі керек. Жас әйел жасы үлкен туыстарының алдында бір тізесін бүгіп, иіліп сәлем салады.

Жаман ырым болып саналғандықтан, ауылға алыстан атпен шауып келуге болмайды. Ауылға қонақ келгенде міндеті түрде аяңдап келіп, үй сыртына жақындағанда «сөйлес» деп дауыстайды.

Үш қайталаудан кейін жауап болмауы қонақты қабыл алмағандығын білдіреді. Үй иесі немесе үй иесінің әйеліне қонақ « құдайы қонақ» деп жауап береді. Бұдан кейін үй иесінің шақыруымен үйге кіреді және келген қонақ әйел болса үйдің сол жағына, еркек болса оң жағына отырады. Егер, үй иесі өз қонағынан жасы үлкен болса, онда бірінші болып: «Амансыз ба?» деп сәлемдеседі, қонақ сұрағына жауап беріп, үй иесінен «Мал-жаныңыз аман ба?» деп сұрайды. Содан соң қонақ үйде отырғандардың барлығын аралап шығады. Ал әйел адамдарға жұмсағырақ: «Есенсіз бе?» — дейді, бұл «Деніңіз сау ма?» — дегенді білдіреді. Ал қыздарға айтқанда: «Қарағым», «шырағым» — деген сөздерді қосады.

Ұзақ уақыт көріспеген жандар немесе ұзақ сапардан келген адамның амандығымен қоса, жөншілігін сұрап, егжей-тегжейлі сұрасады.

 Алыстан келген адамға «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам қария аттан түсіп сәлем береді» деген ереже бар. Дегенмен, жасы мен жолы үлкен адамдарға сапардан келген адам өзі әдейілеп барып, сәлем беруі тиіс.

Қазақтар бір-бірімен жолыққанда бір-бірімен «мал-жан аман ба?», — деп сұрасқан. «Мал аман ба?»- деп сұрауы олардың тұрмыс-тіршілігі күнкөріс өзегі, шаруашылық құрылыстарының  негізгі құралы саналған төрт-түлікпен тікелей қатысты болуына байланысты малды және отбасы туралы жөн қалыптасқан нормаға айналған. Осылай сәлемдескенінен кейін ризашылықпен кішіден: «Мал-жаның аман ба?», — деп сәлем береді.Оған қалыптасқан дағдылы жауап: «Құдайға шүкір, өзіңіздің мал-жаныңыз аман ба?»-деп жауап береді. Қазақ «жақсы сөз, жарым ырыс», деп ырымдап, әрқашанда «жақсы» деген.

Ерлер арасында мұндай амандасу сөздер әйелдерге қатысты қолданылмайды,толарға тек «Сәлеметсіз бе»,- деп амандасады.

Далада бір топ қазақтар екіншісімен ат үстінде кездесіп қалса, «Ассалаумағалейкум» деп оң қолын созып амандасып, сол қолын амандасушының оң иығына қояды. «Уағалейкумассалам» деп аманын қабыл алып, қол алысады. Қазақтар қонаққа барғанда киіз үйдің жанына жақындағанда  аттан түседі, ал үй иесі қолғанат ересек балалары қарсы алып, аман-саулық сұрайдыү Осы кезде әйел адамдар үй-ішін реттеп, кілем-сырмақтарын төр көрпешелерін төсейді.

Келген мейманның өзі киіз үйге енгенде «Ассалаумағалейкум» деп шаңыраққа сәлем беру әдеп қалыптасқан. Сырдарияның төменгі бойы қазақтарында амандасудың да өзіндік дәстүрге бағынған рәсімі бар.

Арал, Қазалы өңірінде ер бала, қыз бала да өзінен үлкендерге дауыстап сәлем бердік дейді. Келіннің беті ашылып, босаға аттаған күннен бастап, келін күйеуінің ағайындарына көрген кезде екі қолын алдына бір-біріне айқастырып қойып «Сәлем бердік»,- деп дауыстап, өзі иіледі. Күйеуінің ағайындары жол-жөнекей кездескен күнде де осылай сәлем салады. Үлкендер келіннің сәлеміне «Көп жаса! Бақытты бол!» — деп жауап қайтарады. Бұл дәстүр келіндердің күйеуінің  ағайындарына деген ізеттілігін білдіреді.

  • Сен қалай амандасып жүрсің?

8-11 сыныптың оқушыларынан сауалнама алынды.Нәтижесінде алынған жауаптар:

…Мен өзімнің достарыммен «Қалайсың?», «Қалың қалай?» деп амандасамын. Бұрындары «Ассалаумағалеикум» деп, төс қағыстыра отырып амандасқан ғой, ал қазір енді заманына сай адамыма әйтеуір күнделікті «Привет» деген сөздерді әдетке айналдырып алдық. Қыздармен амандасқанда жақсы араласатын бойжеткеннің бетінен сүйіп, ал қалғандарына жай ғана «Привет» деп сәлемдесіп жатамын.

Жалпы біздің қоғамда олай амандаспа,былай амандасы керек деген қағида немесе заң жок,сондықтан да, әр адам өзі біледі деп есептеймін.

..Мен оқушылар, құрбыларым ортасында көп жүргендіктен көп жағдай да «Ні», «Hellо» деп амандасып жатамын.Бұл жаңа заманға сай үрдіс деп ойлаймын.Ал өзімнен жасы үлкен адамдермен міндетті түрде «Сәлеметсіз бе» деп амандық сұрасамын.

Қазір көңілім толмайтыны көптеген қыз балалар мен жігіттердің бір-бірімен бетінен сүйіп амандасуы. Ол мәдениетсіздік деп ойлаймын. Меніңше біз өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан «Ассалаймағалейкум» деп амандасқанымыз жөн деп есептеймін.

Оқушылармен сұхбат.

 Бәкір Нұрсұлтан ,9 «В»сыныбы

Жалпы «Сәлем түзелмей, әлем түзлмейді» деген сөздің мағынасы әлемде сәлемдесудесу болмағанда, адамдардың арасында қарым-қатынас та болмаушы еді. Сәлемдесудің көптеген түрі бар. Ол  адамның өзінің мәдениеттілік, сыпайылығына байланысты. Мысалы, мен үлкен кісі,аға, әпкелерімізге «Сәлеметсіз бе» деп амандассам, өзіммен құрдас оқушы, достарыма «Сәлем» сөзін қолданамын.

Арланқызы Кәусар , 7 «Б» сыныбы

-«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» дегеніміз адамдар бір-бірімен әрине, әрқашан да амандасып жүреді. Және олардың қарым-қатынасы да сәлемдесуіне байланысты. Адам сәлемдескенде, менің ойымша, адамның өзінде жылы шырай, сыпайылық болу қажет. Ол тікелей сәлем алушыға да байланысты.

Калгулова Алуа,6 «в» сыныбы

-Сәлемдесу адамның өзіне байланысты. Мысалы, мен қазір жақын досыммен амандаспасам немесе суық қабағыммен амандассам, әрине ол маған «не болды?» немесе «ренжіп қалдың ба?» деп сұрайды, және өзінің де ренжуі мүмкін. Немесе, жылы шыраймен күлімсіреп амандассам бір жөн. Сәлем алушының да жүзіне күлкі үйіріледі.

ҚОРЫТЫНДЫ


Сәлемдесе білу де — өнер.

Сөздің бәрі сәлемнен басталады.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалықпайық

Сәлем беру-кішіліктің белгісі.

Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

Сәлемдесу ынтымақ, бірлікке шақырады.

Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.

Сәлеміміз түзу болсын!

Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

   Қазір  таңдағы жастар арасындағы   сәлемдесудің тым төмен болуына байланысты бірнеше  жолын көрсетсем , ең алғашқы балабақшада жиі амандасуға байланысты  көріністер  көрсету арқылы  амандық саулықтың мәнін ұғындыру. Көрініс арқылы ұғындыру жас буынға әлде қайда тиімді. Сөйлеу әдебін реттеумен қатар сахна мәдениетіне де баулуға таптырмас жол.Мектеп жасындағы балаларға арнайы факультатив сабақтар өткізу , жасы үлкен  сыныптарда дебат клубтарда сәлемдесудің пайдасы турасында дебаттар өткізсе. Арнайы сағаттар берілгендіктен барлық іс- шаралар ұжым тарапынан бақылаудада болар еді. Сол арқылы жастардың сәлемдесуге деген ниеті өзгерер еді. Аудан ,қала ,облысқа еңбегі сіңген , абыройы асқан азаматтармен кездесулер ұйымдастыру арқылы айтарлықтай жетістіктерге жетуге болар еді, Бала тәрбиесінің өзі тал бесіктен тұратынын ескерсек, қоғамдағы мейірімділікті  жетілдіру әр отбасының амандасуға мән беруінен басталады. Әлеуметтің бір -біріне  қарым – қатынасы жоғары деңгейге жетуі әрбір  азаматтың үлесіне тікелей байланысты.

 жасау арқылы көңілім толмайтыны көптеген қыз балалар мен жігіттердің бір-бірімен бетінен сүйіп амандасуы. Ол мәдениетсіздік деп ойлаймын. Меніңше біз өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан «Ассалаймағалейкум» деп амандасқанымыз жөн деп есептеймін.

Сөзімді қорытындылауға мына өлең жолдарын келтірсем.

Сәлемдесе білу де — өнер.

Сөздің бәрі сәлемнен басталады.

Сәлем беру өткінші міндет емес, өмірлік міндет.

Сәлемдесуден жалықпайық

Сәлем беру-кішіліктің белгісі.

Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

Сәлемдесу ынтымақ, бірлікке шақырады.

Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық.

Сәлеміміз түзу болсын!

Сәлемдесер адамымыз көп болсын!

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Айнұр Алпысбайқызы: «Қазақтың тағам мәдениеті және ұлттық тағам түрлері», «Іле пединституты ғылыми журналы», 2006 жылы, 1-сан
  2. Левшин А.И «Ізеттілік жалпы белгілері» (Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз даласындағы қазақтар атты еңбегінде).
  3. Ясын Құмарұлы, КХР Шынжаң қоғамдық ғылымдар академиясы жанындағыт «Шынжаң қоғамдық ғылымы» журналының бас редакторы.
  4. Еңбекшіқазақ ауданының аудандық кітапханасынан «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» 2016 ж.
  5. «Қазақтың салт — дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» энциклопедия 2016 ж.
  6. «Қазақ халқы» энциклопедиясы 2015 ж.
  7. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі.Энциклопедия. Алматы
  8. Доскожаева Жанар Алимусаевна; І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі.
  9. Асылов Ү, Нұсқабайұлы Ж. «Әдеп, инабаттылық дәрістері» Алматы,1991 ж.

10. Хадис. Мұхаммед пайғамбардың өсиеттері

11. М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

12. Поцелуй Иуды. Герпес.

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [41.94 KB]

Басқа мақалалар

Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану

МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Химия сабақтарында зерттеушілік оқытуды жүзеге асырудағы танымдық қызығушылықтың маңызы

Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ кен орнында тұз үсті қабаттарында өндіруші ұңғымаларды пайдалану ерекшеліктері мен мұнайдың тұтқырлығын төмендету

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 23.01.2025
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Абайтану олимпиадасы нәтижесі — 26.12.2024
Келесі материал ДИАЛОГТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
«Мағжан оқулары» байқауы нәтижесі — 25.11.2025
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?