Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
«Мағжан оқулары» байқауы нәтижесі — 25.11.2025
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Қараша-Желтоқсан 2025)
Байқау ережесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Мақала > Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану
МақалаҒылыми жоба

Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас – ертеңгі халық тағдырын шешетін, елі үшін қызмет ететін азамат. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсынұлы: «Әуелі бізге елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек, болашақта билік те, халық та оқумен түзеледі» – деген болатын [1].

Біздің аяқ басқан ХХІ ғасырымыз өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі технологиялық мәдениет дамуы кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңіне жаңа білім беру жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үрдісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі білім беру жүйесінің негізгі міндеті адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылатындықтан, қазіргі қоғам адамзат алдында, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Осындай мәселелердің бірі – әсіресе жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – студентті келешек мамандығына жақындату, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер маман дайындау. Сондықтан оқыту мен білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр. Оқу процесіндегі тұлға белсенділігін тудыратын әдістерді қолданудың мақсаты – тілдік ортада қарым-қатынасқа үйрету, шығармашылық белсенді тұлға қалыптастыру,  талдауға, ойлауға, жүйелеуге,  жалпылауға үйрету,  оқушының өзіндік оқу әрекетінің субъектісіне айналуы.

       Белсенді оқыту логикалық ойлауды, танымдық белсенділік пен танымдық қызығушылықты арттырады. Жалпы, белсенді оқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде имитациялық (кейс-стади, іздену, іскерлік-рөлдік ойындар, тренинг), имитациялық емес (пікіріталас, ми шабуылы, эвристикалық әңгімелесу, синектика, ТРИЗ т.б.) болып бөлінеді. Біз тәжірибемізде  белсенді оқыту әдістерінен дидактикалық ойын, жобалау, мультимедиалық, сase-study әдістерін қолдандық және қатысымдық құзыреттілік қалыптастыруда аталмыш әдістердің тиімділгі тәжірибеде  дәлелденді.

Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі ақпараттың шамадан тыс көп мөлшерде болуы. Сондықтан қысқа мерзімде ақпараттың көлемді бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игертетін және оны өмірде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізетін әдістер қажет.

Дәстүрлі оқытуда ұстаз өзінің барлық күш-қайратын үйретуге бағыттайды, шәкіртті қорытынды нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Мұнда оқытудың нәтижелігі бірінші кезекте ақпаратпен байланыстырылады: үйрету үдерісі оқушы ақпарат беруге бағытталады, оны жаңа мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда білім беру үдерісі көп жағдайда оқушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп, мұғалімнің оны сабақта білімін «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсініледі. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту жұмысымен ғана айналысты.

         Ал белсенді оқыту басты назарды «үдеріске», яғни үйрену үдерісінің өзіне, оқушылардың «қалай» және «қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйрететіндігіне» аударады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім үйренуде, оны ізденуінде, құрастыруында. Мұндай сабақтарға шәкірттер дайындықсыз келмей, алдын-ала дайындалып келеді, олар сабақ басында тақырып бойынша өз түсініктері мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді тыңдап, балама көзқарастарды ескереді. Басқаша сөзбен айтқанда, шәкірт өмірде әр адамға қажетті білік-дағдыларды қалыптастырады. Ал сабақтан кейін сол білімдерін өздігімен дамыта түседі.

         Сол себепті де белсенді оқытуда үйренушілер келесідей әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

  • Бірлескен жұмыс,
  • Танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік

таныту,

  • Бастамашылдық,
  • Кері байланыс жасау,
  • Проблема шешу, шешім қабылдау [2, 23].

Белсенді оқыту барысында студенттер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс әрі ашық жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Мұндай әрекеттер әрі қарай да студенттердің өміріне берер пайдасы зор деп ойлаймыз. Себебі, болашақ маман кез-келген ортада өз ойын еркін жеткізе алуға, тиімді шешімдер қабылдауға, білікті маман болуға дағдыланады. Дәстүрлі әдістердің тиімсіз тұстарынан көптеген мамандар кез-келген ортада еркін сөйлей білмейді, жүрексінеді, ойын толық жеткізе алмайды десе де болады. (Дәстүрлі оқытуда талап, білім мықты болғанымен еркіндік болмады, білім оқулықпен шектелді десе де болады).  

         Белсенді оқыту жоғары оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

  • Бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),
  • Жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
  • Рөлдік және іскерлік ойындар,
  • Пікірталастар,
  • Ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция,

интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),

  • Шығармашылық жұмыстар,
  • Кейс-стади,
  • Презентациялар,
  • Ассоциограмма,
  • Компьютерлік оқыту бағдарламалары,
  • Тренингтер,
  • Интервью,
  • Сауалнама, т.б.

Осы әдістердің ішінде «Case-study» әдісіне тоқталмақпыз.

Кейс ұғымы ағылшынның «case»  сөзінен алынған яғни жағдай дегенді білдіреді.  Немесе оны нақты жағдаятты талдау әдісі деп те атайды. Оның мәні де қарапайым оқытуды ұйымдастыруда нақты жағдаят қолданылады. Бұл әдіс оқытушы тарапынан шығармашылықты талап етеді және оның  ой-өрісінің бейнесі көрініс табады. Яғни екі тараптанда ой, шығармашылық еркіндік көрініс табады. 

Кейс әдісі алғашқы рет  1870 жылы Гарвард университетінің құқық мектебінде  оқыту үрдісінде қолданылды. Бұл әдісті енгізу 1920 жылы Гарвард мектебінде басталды. Әдісті алғашында университетте басқарушылыққа қатысты пәндерді оқытуға пайдаланған [2, 92].

Кейс әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады. Ол өз кезегінде болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптасуына ықпал етеді.

Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге де болады. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша берілуін айтуға болады. Мысалы, кәсіпорынның құрылуы, оның дамуы, бизнестегі табыстары мен қиыншылықтары, т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетуді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды.

Кейс әдісі, оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – кейс (жағдай) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс: — жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; — мақсат пен міндетті анықтау; — жағдайды құрастыру және суреттеу.

Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс- әрекеті. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі: кейске кіріспе, жағдайдың талдануы (шағын топтарда), пікірталас, қортынды шығару.

Бұл әдістің негізгі мақсаты – студенттерді нақты мәселені шешуге дайындау. Студенттер дұрыс шешімді ұсыну ғана емес, сонымен қатар  топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, шынайлықты, жеке тәжірибені түсіну, талдау қабілеттілігі және келеңсіздік тудыратын шешімдерді ұсынуға тырыспау қажет.  

Case-study әдісінің ерекшелігі –  шынайы өмірдегі деректер негізінде проблемалық жағдаятты құру. Экономика пәндерді зерттеу ретінде құрылған кейс әдісі қазіргі танда  медицина, құқықтану және т.б. ғылымдарда кең таралып отыр.

          Кейс баспа немесе электрондық түрде ұсынылады. Онда мәтіндік материал – сұхбат, зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы, мақалалар және  көркем мәтіндер (немесе олардың үзінділері), 

көрнекі материл – фотосуреттер, кестелер, фильмдер, дыбыс жазбалар болуы мүмкін.

Кейс әдісіне қойылатын талап:

  • Кейс қызықты, оңай және түсінікті тілмен жазылу керек;
  • «Драматизм» және проблемасы болу керек;
  • Жақсы үлгімен қоса жаман үлгіні көрсету керек;
  • Студенттердің контингентіне сай болу керек.

Кейсте қарастырылатын нақты жағдаяттар қандай болу керек?

  1. Жағдаят өмірден алынуы керек.

Өмірлік маңызы бар бұл жағдаят студенттік аудиторияда талқылау барысында шығармашылық атмосфера тудыруы керек, яғни ол барлық студенттерге қызық болып, пікір алмасу мен таластарға сай келуі керек.

2. Ситуация бір нәрсеге үйрету керек.

Ситуацияны талқылау арқылы пән немесе тақырып бойынша белгілі бір прагматикалық нәтижелерге жетуді мақсат тұту керек. «Студенттер қандай білік, дағды, машықтарды игереді?» деген сұраққа жауап беруі керек.

         3.Ситуацияда шешім қабылдауды қажет ететін ішкі шиеленіс немесе жұмбақ болуы керек.

         Кейсте келтірілген оқиға аудиторияда талқыланып, ол жөнінде пікірталас ұйымдастырумен бірге бұл ситуация қандай да бір шешім қабылдаумен аяқталуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, ситуация өзекті бір проблеманы шешуді талап етуі керек. Сол арқылы студенттер өздерінің практикалық біліктері мен дағдыларын ұштай түседі.

Кейс әдісін қолдану тек оқытумен ғана шектелмейді, бұл әдіс зерттеу әдісі ретінде де белсенді қолданылады. Сонымен қатар, оқудағы оқу, білім және ізденіс мазмұнын біріктіру арқылы oқытушының кәсіптік құзыреттілігін жоғарылатудың нақты тәсілдерінің бірі. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай  байланысады. 


Case-study әдісі негізі 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Зерттеу

  • Кітапханада және ғаламторда зерттеу жүргізу;
  • Хабардар адамдардан сұрастыру.

2 кезең. Талдау

  • Алынған ақпаратты біріктіру;
  • Проблеманың мәнін бірнеше сөйлемде тұжырымдауға тырысыңыз.

3 кезең. Кейсті жазу

  • Студенттерге ұсынылатын мәселені баяндау.

Кейстің артықшылықтары:

  • проблемалық оқыту қағидаттарын қолдану – шынайы проблеманы шешу дағдыларын қалыптастыру;
  • топта жұмыс жасау;
  • жалпылау дағдыларын қалыптастыру;
  • презентация жасау;
  • сұрақтарды тұжырымдау, жауапты дәлелдеу шеберлігі.

         Кейс-стади әртүрлі әдістер мен тәсілдерді біртұтас күрделі жүйеге біріктіреді. Олардың қатарына келесідей бірлескен жұмыс тәсілдерін жатқызуға болады:

  • Ой қозғау,
  • Модельдеу,
  • Пікірталас,
  • Талқылау мен жүйелі талдау,
  • Іскерлік және рөлдік ойындар,
  • Тәжірибе жасау,
  • Проблемалық әдіс,
  • Жазу тәсілдері.

Бұнымен қатар кейс-стадидің басқа да артықшылықтарын келтіруге

тұрарлық:

  1. Студенттер білім алу процесінде таңдау еркіндігіне ие болып,

оқытушыны, пәндерді, оқу тәсілдерін, тапсырмаларды және оларды орындау жолдарын таңдай алады.

  • Оқытушы студенттерге теориялық мәліметті толығымен «бермей»,

тек негізгі ұғымдарға тоқталып, студенттердің теорияны практикалық тұрғыдан қолдануын қадағалайды.

  • Студенттерде өзін-өзі басқару дағдылары қалыптасады, олар

ақпаратпен тиімді түрде жұмыс жасауды үйреніп, оның орасан зор көлемінен өзіне қажеттісін таңдап, шешім қабылдауға, сол арқылы жауапкершілікке, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға үйренеді.

  • Оқытушы мен студенттер арасында тиімді қарым-қатынас пен

ынтымақтастық нығаяды, оқытушы әрбір студенттің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескереді, студенттің жағымды қасиеттеріне көңіл аударады.

  • Студенттер абстракциялы біліммен айналыспай, нақты нәтижеге

әкелетін мәселелерді қарастыру арқылы өмірде (кәсіби практикада) кездесетін ситуацияларды зерттеу және талдауу дағдыларын қалыптастырады.

  • Студенттер өз шешімдерін дәлелдеуге машықтанады, шешімдердің

барлық баламаларын дұрыс бағалап, басқа пікірлерді ескеріп, олармен санасуды үйренеді.

  • Студенттер проблемаларды шешуде қажетті көрнекі

материалдармен қамтамасыздандырылады (ғылыми әдебиет, мақалалар, видео және аудиокассеталар, СD дискілері, кейсте қызметі қарастырылатын компаниялардың өнімдері)[3, 310].

Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады

  1. Дайындық.

Оқытушы сабаққа дейін кейс таңдап, оның негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын құрастырады. Кейс студенттерге сабақ алдында (бір-екі күн бұрын) таратылып беріледі: олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс бойынша өзіндік пікір қалыптастырады.

  • Топтық жұмыс.

Сабақта студенттер аудиториясы 4-5 адамнан құрылған шағын топтарға бөлініп, 1,5-2 сағат ішінде кейсті талқылайды, онда қойылған мәселелердің шешімдерін бірлесе іздестіреді. Бұл кезеңде студенттердің шағын топтары бір-біріне бөгет жасамау үшін әртүрлі бөлмелерде жұмыс жасағаны дұрыс.

  • Пікірталас.

Студенттер толық құрамда бір аудиторияға жиналып, кейс бойынша пікірталас басталады. Мұнда әр топтан сөйлеушілер (спикерлер) шығып, топтың пікірі мен көзқарастарын дәлелдейді. Дәлелдеуде алдын-ала әзірлеген кестелер, схемалар, таблицаларды пайдалану керек. Басқа топтардың студенттері әр пікірді талқылауға қатысады, бір-біріне сұрақ қойып, проблеманы шешудің басқа да варианттарын ұсынады. Студенттер өздерін белсендң ұстап, талқылау мен пікірталастан қалыс қалмауы керек.

  • Қорытындылау.

Пікірталас аяқталған соң оқытушы сабақты сараптап, студенттердің көзқарастары мен әрекеттеріне баға береді.

  • Бағалау [3, 311].

Бағалауға байланысты төмендегі кестедегідей бағалау критерийін

ұсынуды жөн көрдік.

№Топтағы бірлестік (міндеттерді бөлу және орындау)Тапсырманы толық ашуБасқа топтардың жауаптарын тыңдау, сұрақ қою, толықтыру іскерлігіШешім қабылдау шеберлігіЖалпы балл
 10 балл40 балл20 балл30 балл100

Осыған орай кейс әдісіне байланысты бірнеше шағын жағдаяттарға

тоқталсақ:

1.Қазақ, орыс ағылшын тілдерін салыстырыңыздар. Қай тілдің сіздің өміріңізде рөлі зор? Неліктен және не себепті?

2.Бағалаудың дәстүрлі және тест формасының артықшылығы мен кемшілігі туралы мәселе даулы болып қала беріп отыр. Осы мәселені шешуге байланысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Сонымен қорытындылай келе, кейс стади әдісі – оқытушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ұлықман А. Даналық энциклопедиясы. Алматы: Мектеп, 2009.
  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша сөздік. Алматы, 2009.
  3. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану.

Алматы, 2009.

ТҮЙІНДЕМЕ:

Еліміздегі жоғары оқу орындары Болон үдерісінің идеяларын толық қабылдап отыр. Болон үдерісінің мақсаты – дипломмен кез-келген елде еңбек ете алуға жол ашу, білім беру жүйесінде бәсекелестікті арттыру, үш деңгейлі білім беру: бакалавр. магистр, PhD, кредиттік жүйе арқылы өмір бойы білім алуды қалыптастыру. Осы мақсаттарға жету үшін білімді жаңашаландыру қажеттігі туып отыр. Яғни студенттерді өмір бойы өздігімен үйренуге дағдыландыру керек.

Бүгінгі күннің басты ерекшеліктерінің бірі ақпараттың шамадан тыс көп мөлшерде болуы. Сондықтан қысқа мерзімде сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игертетін және оны өмірде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізетін әдістер қажет. Ол – оқытудың белсенді әдістері. Мақалада сол белсенді әдістердің бірі – Case-study әдісіне тоқталдық.  Case-study әдісінің ерекшеліктері, артықшылықтары, пайдалы жақтары сөз болады.

РЕЗЮМЕ:

Высшие учебные заведения страны полностью принимают  процесс Болонья. Цель Болоньского процесса является открыть путь к работе в системе в любой стране, увеличить конкурентоспособность в системе образования, давать образование в трех уровнях: бакалавр, магистратура, Phd, формировать обучение кредитной системой на всю жизнь. Для достижения этой цели нужно обновить учебный процесс. Таким образом чтобы студенты могли самообучаться. Самообучаться всю жизнь.

Чрезмерная информация является одной из особенностей сегодняшних дней. Поэтому нужны методы для того чтобы освоить данную информацию на высшем уровне в кратких сроках и на уровне использования в жизни. Это – активные методы обучения. В этой статье мы остоновились в одном из этих методов Case-Study. Будут указаны особенности, положительные стороны и преимущества метода Case-Study.

ABSTRACT:

Higher educational institutions fully accept the process of Bologna. The purpose of the Bologna process is to open the way to work in the system in any country6 increase competitiveness in the education system to provide education in three levels: Bachelor, Master, Phd, form a training credit system for life. To achive this, you need to update the learning process. Thus, to allow students to educate themselves. Self-learning for life.

         Excessive information is one of the features of the present day. Thus the need for methods to learn this information at the highest level in the short term and at the level of use in life. This active learning methods. In this article, we stopped at one of these methods Case-Study. Will be given particular positive aspects and advantages of Case-Study.

Сатбекова Айгүл Ахметқызы

Қазақ ұлттық қыздар

педагогикалық университетінің

п.ғ.м., аға оқытушысы

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

ОҚУ МАҚСАТЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ҚАДАМДАРЫ

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС –КҮРДЕЛІ, ӘРІ НӘТИЖЕЛІ

Жасанды интеллект-орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мен меңгертудегі заманауи құрал

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 23.01.2025
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Жасанды интеллект-орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мен меңгертудегі заманауи құрал
Келесі материал ТОПТЫҚ ЖҰМЫС –КҮРДЕЛІ, ӘРІ НӘТИЖЕЛІ
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?