Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда Құстар – біздің досымыз
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Байқау ережесі
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Ашық сабақ > Құстар – біздің досымыз
Ашық сабақ

Құстар – біздің досымыз

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Ашық оқу қызметінің ұйымдастырылған жоспары

Білім беру саласы:, «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімі:Жаратылыстану, Сөйлеуді дамыту, Математика.

Тақырыбы:«Құстар — біздің досымыз».

Мақсаты:Құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. .Баланың ой — өрісін дамытып, сөздік қорын молайту. Сұраққа толық жауап беруге,  екі- үш  сөйлем құрастыруға қалыптастыру. Құстарға қамқор бола білуге, қорғауға, табиғатты сүйе білуге  тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: Құстар – птицы – birds
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктер:мазмұнды суреттер, ойын, сергіту сәті.

Балалар,қарандаршы бізге қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті гүліміз.

Кайырлы күн, балалар!

Кайырлы күн, қонақтар!

Доброе утро всем нам!

Доброе утро всем гостям!

 Good morning,good morning,

Good morning to you.

Good morning,good morning,

I am glad to see you.

Балалар сендердің көңіл күйлерің көтеріліп қалдыма, енді осы әдемі көңіл күйімізбен орнымызға жайғасайық

Балалар, мына өлеңді тыңдаңдаршы

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қар омбығып, бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Боран ұйытқып соғады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? Қыс.

-Қыс мезгілінде неше ай бар.
-Қыс мезгілінің айларын атаңдаршы?
— Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Ғажайып сәт: Қарғаның дауысы қарр-қарр

 Балалар ненің дауысы естіліп тұр?

Балалар: Қарға.

Тәрбиеші: Ендеше, біздің бүгінгі ұйымдастырылған  ашық оқу- қызметіміз  «Құстар- біздің досымыз» тақырыбында болмақ.

Мына торда не бар екенін ашып көрейікші.

Балалар, қараңдаршы мынау қандай құс.       

 -Қарға.                                                                                                    

 — Балалар, қарға үй құсы ма, әлде дала құсы ма?

-Дала құсы.
Дұрыс айтасың бұл дала құсы .
Балалар сендер тағы қандай құстарды білесіндер?
Қарға,кептер,торғай, сауысқан
Дұрыс айтасыңдар балалар, құстар екіге бөлінеді. Сендердің айтқан құстарың дала құстарына, яғни қыстап қалатын құстарға жатады.
Қарғаға кім сипттама береді.
Сәбина: Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарымен,тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді.  Қарғалар ұзақ өмір сүреді. Жарайсың дұрыс айтасың.
Чарос :Сауысқан:Түсі: қара ала.Көлемі:торғайдан ірі.Ұзын құйрықты құс.
Ерасыл:Қараторғай: Түсі:қара.Көлемі:торғайдан сәл үлкендеу.Ұясын:адамдар жасаған үйшіктерге,ағаш қуыстарына,таулы тастардың арасына салады.Жейтін қорегі:маса,құрт,шіркей,жауын құрты.
Қыстап калатын тағы қандай құстарды білесіндер? Сауысқан, торғай, шымшықтар,қарға,кептер.Дұрыс айтасындар .Құстар туралы балалар кім тақпақ айтып береді.
Алинұр:Слайд
Мен торғаймын, торғаймын
Жерге бекер қонбаймын
Құрт — құмырсқа шіркейден
Ақ бидайды қорғаймын.
Иманғали:
Шыр — шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп — кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Амина
 Қарға қарға қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Артем                                                                                              

Үйге кірші  торғайым.
Мен аяздан қорғайын.

Жем шашайын жегейсін,
Үйшік жасап берейін


Жарайсындар балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер.балалар орнымыздан тұрып сергіп алайық.

Сергіту сәті .
Қарға  болып ұшайық,
Торғай болып қонайық
Сауысқан болып секіріп,
Тоқылдақ болып шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарға болып ұшайық
Ұшып -ұшып алайық
Орнымызға қонайық

Жарайсындар орнымызға отырайық.
Балалар Қыстап қалған құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер?
— құстарға ұя салу,жем шашамыз,су береміз.
Онда интеллектум ойынын пайдалана отырып ,құстарға арналған ұя жасайық.
Ойын:
Интеллектум .
 Балалар ұя қанша бөліктен тұрады ?(7бөлшек)                                                                                      Қандай түстерден тұрады?
Қандай пішіндерден тұрады?

Осы геометриялық пішіндерден қыстап қалатын құстарға ұя жасап берейікші. Жарайсындар өте жақсы жасадыңдар.

Балалар қолдарын шаршаған шығар нейро жаттығуын жасайық .

Балалар сендермен тағы бір  ойын ойнағым келіп тұр қыстап қалатын құстарды біз білдік,осы құстардың ішіндегі қайсы артық құс,қайсы қыстап қалатын құстарға жатпайтын құсты тауып фламастермен қоршап белгілейік.

Д/о: Не артық?

Жарайсыңдар  балалар! Өте тамаша !

 Осы құстар туралы қандай  тыйым сөздерді  білесіндер.
Тыйым сөздер.
1. Құсты атпа!     ( Ахмедияр)
2. Құстың жұмыртқасын жарма!   ( Зере)
3. Құстың ұясын бұзба! (Нұрасыл)
4. Аққуды атпа, досыңды сатпа!( Карлыгаш) Жарайсыңдар тыйым сөздерді барлығың біледі екенсіңдер. Балалар барлығың кілем үстіне келіңдерші.
Балалар, барлығыңызды «жүректен жүрекке» шенберіне шақырамын..
Балалар, біздер құстарға деген сүйіспеншілігімізді білдірейікші! ( Тәрбиеші торданқарғаны қолға алып,  алақанына салып, келесі балаға ұсынады.)
Тәрбиеші: — Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны аялап мәпелер едім — деп, балапанды балаларға ұсынады.
 Ерасыл: — Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оған әдемілеп ұя жасап берер едім.
Сабина:-Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оның аузына дән салар едім.
Алинұр:- Егер менің қолыма құс келіп қонса мен оның қанаттарын тазалар едім.
Қарлығаш:- Егер менің қолыма құс келіп қонса, мен оны құшағыма қысар едім.Артем:- Егер менің қолыма құс келіп қонса , мен оған су берер едім.                                               Амина:- Егер менің қолыма құс келіп қонса , мен оған жем берер едім.
Чарос:-Егер менің қолыма құс келіп қонса , мен оған бар мейірімімді төгер едім.
Иманғали: -Егер менің қолыма құс келіп қонса , жақсы көңіл-күй сыйлар едім.
Зере:- Егер менің қолыма құс келіп қонса , мен оны барынша қорғар едім.
Қарлығаш: Егер менің қолыма құс келіп қонса , мен оған қыста тоңбас үшін, ұя жасар едім.
Жарайсыңдар, балалар! Осы сәби жүрегінен шыққан жақсы тілектер қабыл болсын! Құстарымыз сайрап, күніміз ашық болсын!  Қарғамыз бостандыққа шығып сендерге өзінің тәтті қарларын сыйлыққа алып келіпті.Осымен ұйымдастырылған  ашық оқу қызметіміз аяқталды,барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар,ал енді барлығымыз бірге қарғамызды далаға ұшырайық. Сіздерге рахмет!
Қорытынды: Балалар құстардың тіршілігін біліп, ортақ қасиеттерін,айырмашылықтарын ажырата алады.Құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері. Құстар – біздің досымыз. Біздер үнемі  құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүруіміз керек.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Құстардың тіршілігін , ортақ қасиеттерін , айырмашылығын ажыратуды үйрету.
Қандай түсінікті игереді: Құстарға қамқор болуды, қорғай білуді.
Нені меңгереді: Құстардың табиғатқа тигізетін пайдасы туралы білімдерін қалыптастыруды.

Есжанова Қорлан Қалдыбайқызы
Тәрбиеші

№7 бөбекжай –бақшасыТараз қаласы

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу

Басқа мақалалар

Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Альдегидтер

Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері

Карбон қышқылдарының алынуы

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 02.09.2022
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал «Қонақжайлық- ата дәстүр» тақырыбына ашық сабақ жоспары
Келесі материал Қардың пайдасы
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?