Кулдаулетова Гулжамал Айтбековна
Шымкент қаласы,
Асанбай Асқаров атындағы №77 мектеп- лицейі
| Бөлім: | 1 – бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім | ||||
| Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : | Кулдаулетова Гулжамал Айтбековна | ||||
| Сынып: 6 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
| Сабақтың тақырыбы: | Әбу Насыр Əл-Фараби өмірі мен шығармашылығы. «Қашықтасың туған жер» өлеңі | ||||
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; 6.2.2.1 — эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау. | ||||
| Сабақтың мақсаты | Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. Поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтай алады. | ||||
| Құндылықтарға баулу | •Тәуелсіздік және Отаншылдық • Бірлік және Ынтымақ • Әділдік және Жауапкершілік | ||||
| Сабақтың барысы | |||||
| Сабақтың кезеңі// уақыты | Педагогтің әрекеті | Білім алушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
| Сабақтың басталуы 5 минут Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 10 минут 5 минут 5 минут Сабақтың аяқталуы 5 минут | Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезеңінен бастап,сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін. (Бірлік және Ынтымақ) 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру «Ең ең» әдісі арқылы сыныптағы ең белсенді оқушыларды анықтайды. — Сыныптағы ең үздік оқушыға алғыс айт. -Сыныптағы ең бойы ұзын оқушымен суретке түс. -Сыныптағы ең мейірімді оқушыны құшақта. -Сыныптағы ең жүйрік оқушыдан мақал-мәтел сұра. -Сыныптағы ең батыл оқушыға «Барлығы сені жақсы көреді» деген жүрекше көрсет. 2. Топқа біріктіру 1- топ «Туған жер» 2-топ «Сағыныш» 3-топ «Сүйіспеншілік» 3.Алдыңғы сабақты пысықтау. «Ұяшықтағы сұрақтар» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыпты еске түсіреді. -Алып ер Тоңға кім болған? -Алып Ер Тоңға жайлы аңыздар қай аймақта кеңінен таралған? — Алып Ер Тоңға қай халықтың эпикалық кейіпкері болып табылады? — Алып Ер Тоңғаның есімі қандай аңыздармен байланысты? -Алып Ер Тоңға қай дәуірде өмір сүрген деп саналады? — Алып Ер Тоңғаның негізгі қызметі қандай болған? — Алып Ер Тоңғақай жерде жерленген деген аңыз бар? — «Алып Ер Тоңға» есімі қандай мағына білдіреді? — Алып Ер Тоңғаның қай тілдегі поэмаларда аты аталады? — Алып Ер Тоңға есімімен байланысты қай шығармада ол жағымды кейіпкер ретінде суреттеледі? Қызығушылығын ояту. «Ой шақыру» әдісі 1.«Әркімнің туған жері—Жерұйық» дегенді қалай түсінесіңдер? 2. «Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Туған жер деген не? Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; -Ендеше бүгін біз сендермен шығыстың ғұлама ойшылы ,философ,ақын, математика, метафизика, медицина,әдебиеттанушы, музыка салаларына өз үлесін қосқан,70-ке жуық тілді меңгерген Әл- Фарабидің өмірі мен «Қашықтасың туған жер» өлеңімен танысамыз. — әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру; — эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау; — Дәптерімізді ашып , бүгінгі күнді жазамыз. 1-тапсырма. Топтық жұмыс.«Тарсия» әдісі арқылы тапсырмада берілген қима қағаздарды бірдей бірнеше бөліктерге бөліп, олардың белгілі бөлігін , бөліктің мәнін табу . 1)Әл-Фараби бейнежазбаны көрсету. Ислам дәуір әдебиетінің көрнекті өкілі Әл- Фарабидің өнердің қай саласы болмасын ізін қалдырғанын білдік. 2) «Қашықтасың туған жер» атты өлеңін оқып, мазмұнымен таныс болайық! 3)- «Қашықтасың» деген сөзді қалай түсінесіңдер? — «Қалың елім» — деген сөздің мағынасы қандай? — Ақын ақымақ адамдарды неге теңеген? — « Әкімдікке күллісі жүгіреді» тармағының мағынасын қалай түсінесіңдер? 2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру» стратегиясы.Оқушыларға Әл- Фарабидің «Қашықтасың туған жер» өлеңнің құрылымына сәйкестендіреді. Өлеңнің аты Туған жердің қасиеті Тақырыбы Поэзия Жанры Туған жерге деген ыстық сағынышты, әсерлі өлең жолдарымен жеткізеді Көтерілген мәселе Қашықтасың туған жер Идеясы Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Фабуласы Ел көріп, жер көріп,ілім іздеп шет ел араласа да, әр адам туған жеріне оралып қызмет қылғаны жөн. Сюжеті Өлеңнің басынан аяғына дейін туған жерге жете алмаған сары уайым мен сағыныштың үні естіледі. Түйін Туған жерге сағыныш 3-тапсырма. Жеке жұмыс.Оқулық пен дәптермен жұмыс жасату. Мағынаны тану(оқушылар екі қадамды кестемен жұмыс жасайды) 1-топ Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі Ақын –өз елінің патриоты 2- топ Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі Ақын басқаларға сын көзбен қарайды 3- топ Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі Ақын болашағынан үміт күтеді Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: ( Әділдік және Жауапкершілік) Рефлексия «Зерде» әдісі арқылы өздерінің алған білімдеріне баға береді. Білім – Тақырып бойынша алған ақпараттарым Эмоция-Сабақтағы көңіл күйім Баға- Жетістігіме беретін бағам Сын- Өз бойымда нені дамытуым керек? Идея- Маған келген жаңа ой (Әр топ бір идеядан айтады, осы сабақта өткендеқандай идея келді?) Үйге: Әл-Фараби өмірі, «Қашықтасың туған жер» өлеңін жаттау. | Оқушылар назарын сабаққа аудару. Жағымды ахуал қалыптастыру. Өткен сабақты еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді. Оқушылар «Ой шақыру» сұрақтарын жауап беріп, жаңа тақырыпты анықтайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. «Тарсия» әдісі арқылы Әбу Насыр Əл-Фарабидің өмірі мен шығармашығы жөнінде қандай деректер білетін жинақтап, қима қағаздарды құрастырады.. Шығарманың атауын, тақырыбын,жанрын анықтайды, көтерілген мәселені,идеяны ажыратады,сюжетін, фабуласын, түйінін талдайды, сәйкестендіреді; Осы тапсырманы орындай отырып оқушының жазылым дағдысын қалыптастырады Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсері мен пікірін айтады. | Әр сұрақ бағаланып, бағалау парақшаларға қойылып отырады Ауызша мадақтау Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыларға «Жарайсың!», «Керемет шешім!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 6-сынып Оқулық 6-сынып «Атамұра» баспасы 2018жыл | |