Каленова Бакит Насипкалиевна
Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы
«Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені
| Бөлім: | 5-бөлім. Тарихи тұлғалар. Лексика. Көнерген сөздер. Эвфемизм. Дисфемизм. Табу |
| Педагогтің аты-жөні: | Б.Н.Каленова |
| Күні: | 04.12.2024 жыл |
| Сыныбы: | Қатысушылар саны: 16 Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Ұлбике ақын |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 6.2.5.1. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру; 6.4.3.1. Көнерген сөз, неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөз, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу |
| Сабақтың мақсаты: | Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады, көнерген сөздердің қолданыс аясын табады, ажыратады және қолдана біледі, диалогқа түседі. |
| Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
| Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 2 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсеменен оздым дегеннің бәрі – ақымақтық» | |||
| Үй тапсырмасын тексеру 9 мин Жаңа сабаққа кіріспе 2 мин 1 мин 2 мин | Бала Абайдан, дана Абайға дейін Сұрақтар: 1.Ән айтушы адам кім? 2.Өлең шығаратын адам кім? 3.Екі шектің бірін сәл-пәл кем бұра, нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра! Осы аспаты тартатын адам кім? Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? Тыңдалым: бейнежазба тыңдайды | «Мен таныған Абай» эссе, қанатты сөздерді жаттақа айту Ән:«Көзімнің қарасы» Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,өзара ұжымдық талқылайды. 1. Ақын болу оңай ма? Қалай ойлайсыңдар? 2. Айтыс өнері білесіңдер ме? 3. Өздеріңіз білетін қазіргі кездегі айтыскер ақын қыздарды атап бере аласыңдар ма? | Дескриптор – 4 балл — Абай Құнанбайұлының қанатты сөздерін жатқа айтады; — эссе жазады; | ҚБ: дескриптор арқылы бағалау «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
| Сабақтың ортасы 8 мин. | 1-тапсырма. Топтық және жұптық жұмыс. «Қабырғадағы сурет» әдісі. Шарты: Мәтінді мұқият тыңдап, қабырға ішіне есінде калған мәтін мазмұнын жазып, сұлбаның сыртына жазылған жұқа және қалың сұрақтарға жауап береді. | Тыңдалым Тапсырманың негіздемесі: Тыңдалған мәтініндегі ақпаратты өмірмен байланыстырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру. | Дескриптор – 2 балл — мәтінді мұқият тыңдайды; — мәтінді өмірмен байланыстырады; — сұрақтарға нақты жауап береді; | Оқулық, жұмыс дәптері |
| 15 мин | 2-тапсырма. «Тікелей эфир» әдісі | Бұл әдіс арқылы оқушылар топтасып, жұптасып, сұхбаттасады. (Топпен жұмыс) 1-топ. Тарихи сөздер, өлең құрастыру 2-топ. Архаизмдер, өлең құрастыру 3-топ. Көнеріп барып қайта жаңғырған сөздер, өлең құрастыру. | Дескриптор -4 балл — көнерген сөздерді табады; — (1 балл) — көнерген сөздерді түрлеріне карай ажыратады; — (1 балл) — өлең құрастыра алады; — (2 балл) | Оқулық, жұмыс дәптері |
| Кері байланыс 3 мин | «Бір ауыз сөз» әдісі. | Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б. | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. | |
| Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 2 мин | «Киіз үй» | Жасыл Қызыл Көк | ||
| Үйге тапсырма 1 мин | Қазақтың ақын қыздары туралы ақпараттар жазу | |||