Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері | Мұғалімнің аты-жөні: Нурболатова Г.К.Күні: 11.01-14.01-15.01 | |
Сынып: 7 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Оқу мақсаты: | Программалаудың жоғары деңгейлі және төменгі деңгейлі тілдерімен танысады. | |
Мақсаты: | Білу: Программалау тілі ұғымымен танысады. Транслятор терминін және оның түрлерін біледі.Түсіну: Интерпретатор мен компилятордың ерекшеліерін анықтай алады.Қолдану: Программалау тілдерінің деңгейі бойынша жіктеп көрсетеді.Талдау: Программалау тілдерінің төменгі және жоғарғы деңгейлерінің түрлерін топтастыра алады.Жинақтау: Программалау тілдеріндегі кездесетін терминдерді анықтамасымен бірге сипаттап жазады.Бағалау: Программалау тілінің компьютермен жұмыс жасаудағы қажеттілігі туралы анықтайды. | |
Сабақтың құрылымы: | І. Ақпараттар блогыІІ. Логикалық тапсырмалар блогыІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогыIV. Интелектуальды тренинг блогыV. Күтілетін нәтижелер | |
Оқыту әдісі: | «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық». | |
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: | Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды. | |
Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы: | Бақылау-сынақ сабағы. | |
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: | Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып, баға беру. | |
Оқушыда дағды қалыптастыру: | Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу. | |
Негізгі ұғымдар мен терминдер: | Мәтінді пішімдеу, символ, қаріп | |
Ақпарат көзі: | Информатика 7, Мұхамбетжанова С.Т. Тен А.С., Исабаева Д.Н., Сербин В.В. | |
Сабақты бағалау: | Оқушының іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. | |
І. Ақпараттар блогы (8 мин)Жоспар:1) Программалау тілі2) Процедуралық программалар3) Транслятор1-слайд.1) Программалау тілі1.1. «Сызбаны толықтыр» айдарында программалау тілінің сызбасын толықтыр 2-слайд. Процедуралық программалар2.1. «Ережені толықтыр»1. Процедуралық программалар — …………………… шешуге арналған жазбалар жүйесі.2. Процедуралық тілдер …………… және ……………… деңгейдегі тілдер болып бөлінеді.3. Егер программалау тілі нақты процессор типіне бағытталса және оның ерекшелігін ескерсе, онда ол …………………………. программалау тілі деп аталады.4. Мәшине тілінде программалар мәшинеге тәуелді өте көп …………….. мен ……………… тізбектілігінен тұрады. 3-слайд. Транслятор«Сәйкестікті тап» айдарында берілген терминдерге сәйкес сипаттаманы сәйкестендіріңдер.ТерминСипаттамасыТрансляторПрограмманы мәшинелік тілдің командаларына аудармай, бірден орындайтын программа.КомпиляторАғылшын тілінен аударғанда «аударушы программа» деген мағына береді. Жоғары деңгейдегі тілдің бірінде жазылған программан мәшинелік командалардан тұратын программаға түрлендіруге арналған программаИнтерпретаторЖоғары деңгейдегі программаны компьютерге түсінікті мәшинелік тілдегі командаларға аударып, орындайтын программаІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)«Тірек сөздер» әдісі. Оқушылар берілген программа атауына байланысты сипаттамасын айтады.1) Микрокомандалар – команда микрокомандалардың көмегімен сипатталады.2) АЛГОЛ – алгоритмдер үшін математикалық стильді қолданады.3) СИ (С) – әмбебап программалау тілі4) Макротіл – макрокомандалардан тұрады5) Паскаль – алгоритмдік тілІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)Деңгейлік тапсырмаларІ деңгей (Білу, Түсіну)1.1. «Дұрысын тап» айдарында оқушылар анықтамаға сәйкес терминдерді табады.1. ……………………… – компьютерлік программаларды жазуға арналған формальды таңбалық жүйе. а) процедуралық программалар, ә) программалау тілі, б) транслятор2. ……………………. – нақты есепті шешуге арналған жазбалар жүйесі. а) процедуралық программалар, ә) программалау тілі, б) транслятор3. ……………………… – адамға түсінікті тілдегі ақпаратты құрылғыға түсінікті тілде аударатын программалар. а) процедуралық программалар, ә) программалау тілі, б) транслятор4. Егер программалау тілі нақты процессор типіне бағытталса және оның ерекшелігін ескерсе, онда ол …………………………. программалау тілі деп аталады. а) процедуралық программалар, ә)төмен деңгейдегі программалау, б) программалау тіліІІ деңгей (Қолдану). «Венн диаграммасы» арқылы интерпретатор мен компилятордың айырмашылықтары мен ұқсастығын жазыңдар. ІІІ деңгей (Талдау)«Адасқан сөздер» айдарында программалау тілдерінің төменгі және жоғарғы деңгейлерінің түрлерін топтастырыңдарТөменгі деңгейдегі программалау тілдеріЖоғарғы деңгейдегі программалау тілдері Адасқан сөздер: Микрокомандалар, Фортран, АЛГОЛ, Мәшинелік, Бейсик, Автокод, Паскаль, Макротіл, Visual Basic, Delphi, Visual CIV. Интелектуальды тренинг блогы (8 мин)Талтау деңгейі. Топтық жұмыс«Программалау тілдері» атты шағын зерттеу жүргізіңдер. Алынған ақпаратқа мәтіндік процессорда кесте құрыңдарV. Күтілетін нәтижелер (4 мин)Адам мен компьютер арасындағы байланыс кезіндегі программалық тілдердің маңызы туралы шағын эссе жазыңдар |
Программалау тілдері (Сабақ жоспары)
Материалмен бөлісу
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау