Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталды. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) «шатран» деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан қазақ даласына тез тарап, сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты қазақ даласына бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақстанның шығысында бұл ойынды «дойбы» десе, батыс аймақтарда «шатраш» деп атайды. Қазақтың «екі жеп биге шығу» деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.
Дойбы ойынының да тарихы өте ертеден басталатын өнер өнер беуге толық дәлел бар. Мысалы, Ертедегі Египетте, гректерде және славян халықтары ескерткіштерінен дойбы өнеріне арналған немесе бұл ойынды бейнелейтін суреттер кездестіруге болады дейді тарихшы-археологтар. Ал орта ғасырлық рыцарларға арналған заңды, дойбы өнерін меңгеру міндетті делінген көрінеді. Тіпті — “дамка” – сөзінің мағынасы әйелдер жүрегіне жол табу деген сөз емес пе екен деген болжам бар. Себебі дойбы ойыны барысында дамка дәрежесіне көтерілген ойын тасының құдіреті бәрімізге мәлім, ол ең беделді, қайда қалай журем десе де құқықты ой.
Дойбы өнерімен айналысу ақсүйектердің ермегінен біртіндеп көшпелі халықтардың да бойжазар, сергітер, айнала бастаған. Түрікмен археологтар Карақұмдағы казба жұмыстарын жүргізу кезінде күйдірген қыштан төрт бұрышты етіп жасалған дуззума дойбының ертедегі аталуы тастарын тапқан көрінеді.
Дойбы ойынын меңгеру арқылы шахматқа өткен бұл өнер иелері Әлемде әйгілі шахмат тәжі иегерлері болғаны бәрімізге мәлім. Сондықтан болар атақты Э.Ласкерденің “дойбы ойынң-шахмат анасы” деген қанатты сөзі бар. Дойбы спортыңың қалыптасу кезеңі үзақ мерзімге жалғасқан дойбы тарихынан бізге мәлім. Мысалы, европалықтар үшін 12 фигурамен ойналатын 64 тор көзді дойбы, канадалықтар үшін 30 таспен 144 тор көзді дойбы бұл елдің халықтары арасында өте көп тараған спорт. Ал 20 фигурамен 100 көзді дойбыда өнер корсету Франция мен Голландия халықтары арасындағы ең беделді жанды сергіту ойыны сонау XVIII ғасырдан» белгілі екен.
100 тор көзді дойбы ойынының әлемдегі алғашқы чемпионы француз Исидора Вейса — бұл 1894 жылғы болған оқиға еді. Дойбы ойынының бұл түрінен Әлем чемпионы атағын ең коп женіп алғанда — француз Исидора Вейс пен Голландия спортшысы Герман Гогланд деген дойбышылар.
Дойбы ойынының дүниежүзілік федерациясы (ФМЖД) 1947 жылы құрылды.
Қазақстандық жас дойбышылар 1994 жылы Реседің астанасы Мәскеуде болған “Думанды дойбы” жарысына қатысты. Бұл Әлем біріншілігіне 12 елдің жасөспірімдері мен қыздары қатынасты. Жарыс корытындысында Шымкент қаласындағы № 25 Тұрар Рысқұлов атындағы мектептің түлектері Қазақстан намысын қорғаған болатын. Құрамында Нұрбол Үсенов, Нұрбол Нұрмаханов, Ербол Үсенов, Динара Дүйсенбаева өнер керсеткен қазақстандықтар бесінші орынға шықты. Спорт шебері дойбы спорты өнерінің білікті маманы Жандос Үсенов жетекшілік ететін жерлестеріміз басқа әріптестеріне қарағанда, үш жас кіші. Демек олар әлі деүш жыл Әлем біріншілігіне қатыса алады. Демек олардың Әлем чемпионы атануға мумкіндіктері мол.
Әлем біріншілігін ұйымдастырушылар ең болашағы мол команда деп есептеп, қазақстандықтарга арнаулы жүлде табыс етті.
Қазақстандағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталды. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) «шатран» деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тиым салғанына қарамастан қазақ даласына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты қазақ даласына бұл ойын халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақстанның шығысында бұл ойынды «дойбы» десе, батыс аймақтарда «шатраш» деп атайды. Қазақтың «екі жеп биге шығу» деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.
Қазақстанның бірінші чемпионаты 1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы қатысыпты. Бір ерекшелігі, алғашқы чемпионның ұлы Абайдың немересі, семейлік Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтың (бұрынғы деректерде Әкрам деп келген едік) болғандығында. Әрхам Кәкітайұлы екінші рет 1949 жылғы өткен республика біріншілігінде чемпион болған. Бұл кісі сонымен бірге тоғыз құмалақты да жақсы ойнаған, бірнеше рет ел біріншілігіне қатысқан. Абайдың мұражайында ұлы ақын ойнаған дойбы тақтасы мен тастары сақталған.
Қазақтан бірінші болып дойбыдан спорт шеберлігіне кандидат болған – Шәкір Әлімбайұлы Жамбыршин (1902.01.09-1975.10.07). 1931 жылы Мәскеу қаласының біріншілігінің қола жүлдегері, 1969-1975 жылдары Республика дойбы федерациясының президенті, екі рет Қызыл Ту орденді, КСРО Министрлер Кеңесінің лауреаты (1949).Бұл кісі соғыс алдында өткен Мәскеу қаласының біріншіліктерінде сол кезде Мәскеуде студент болған кезінде ойнап орындаса керек. Бұл нәтиже сол кездегі өте үлкен жетістік, себебі шеберлер мен кандидаттар ол кезде саусақпен санарлықтай болған. Сол кездерден бастап қазақ дойбышыларының спорттық жетістіктері бірте-бірте өсе бастады.
Қазақтан дойбы, шахмат және тоғыз құмалақ жайлы алғашқы үйрену кітабын жазған Талапбек Сұлтанбекұлы − (1930-2009) «Дойбы ойыны» (1954), «Шахмат ойнай білесің бе?» (1959), «Шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ» (1967) кітаптарының авторы.
Қазақ жігіттері арасынан тұңғыш дойбыдан спорт шебері болған – Бақ Қуанышбайұлы Иманәлиев (1952.25.07 – 2008.28.07). Бақ Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қамбаш ауылының тумасы. Жастайынан көзі көрмей қалған жігіт тағдырдың тәлкегіне көнбей білім алып дойбы үйірмесіне қатысып, әуелі әздер арасындағы, сосын сау көзділер арасындағы жарыстарда озып 1984 жылы алғаш рет КСРО финалына қатысқан бірінші қазақ жігіті. Қазақстанның өзінің дойбыдан спорт шебері көпке дейін болмады. Себебі дойбыдан спорт шеберінің нормасын орындау алынбайтын қамалдай болды.Республика чемпионы болу аздық етті. Мысалы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған көкшетаулық Қайырлы Әбдірайымовтың өзі спорт шебері нормасын орындауға жете алмады. Спорт шеберінің нормасын орындау шарты өте қиын болды. Жарысқа кем дегенде 7 спорт шебері қатысқан жағдайда, кем дегенде 70 пайыз ұпай жинау қажет болды. Сонымен бірге арнаулы одақтық сарапшылар комиссиясы партиялардың сапасын тексеріп ойын шеберлігі тиісті деңгейде деген жағдайда ғана спорт шебері деген атақ берілетін. Міне, осы атаққа, мұндай шоқтығы биік көрсеткішке 1982 жылы Бақ Иманалиев қол жеткізді. Ол 30 жасында «Буревестник» ерікті спорт қоғамының одақтық біріншілігінде қазақтар арасында тұңғыш рет спорт мастерінің нормасын артығымен орындап тұңғыш дойбыдан спорт шебері атанды.
Бақ Қуанышбайұлының бұл жетістігінің ерекшелігі – оның бұл жетістікке көздері сау ойыншылармен болған жарыста жеңуі еді. Көзі сау гроссмейстерлер мен мастерлердің өздері жарыстарға чемодандары толған дойбы теориясының кітаптарын арқалап жүретін, әр дойбышыға қарсы оның партияларын талдап дайындалатын, спорттың осы түрімен кәсіби айналысып жүргендер еді. Теориялық жаңалықтарды Бақ арнаулы дойбы әдебиетінен өз бетінше оқи алмады. Дойбы Меккесі саналатын Мәскеу, Ленинград, Одесса сияқты орталықтардан жырақ тұрғандықтан мықты гроссмейстерлермен кездесіп тұруға еш мүмкіндігі болмады. Міне осындай жағдайда бір ғана өзінің таланты мен ерекше есте сақтау қабілетіне сүйеніп ойнады. Ол осы атағын кейінгі жарыстарда одақтың ең мықты спорт шеберлері мен гроссмейстерлерімен жарыстарда бірнеше рет дәлелдеп көрсетті.
Бақ Иманалиев дойбы жарыстарында тамаша табыстарға қол жеткізді. Ол Қазақ соқырлар қоғамының ондаған жылғы (1981-2008 аралығында) чемпионы, үш рет Қазақстанның (64) чемпионы (1981, 1982,1984), 100 шаршылы дойбыдан қоғамның біріншілігінің жүлдегері, Қазақ қоғамының құрылғанына 30 жыл толуына арналған мерекелік жарыстың жеңімпазы (1986), Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған турнирдің (2007) жеңімпазы, бірнеше ірі турнирлердің (Одесса, Юрмала, Бендеры және т.б. қалаларда өткен дойбы фестивальдарының) жеңімпазы.Қазақ соқырлар қоғамының құрамында бірнеше рет КСРО командалық біріншіліктерінің чемпионы және жүлдегері болды. КСРО кубогі үшін өткен жарыстарға Қазақстан құрамасының мүшесі ретінде қатысты. Жақсы ұстаз ретінде де көріне білді. Ол дайындаған М.Құрманбеков, Р.Медиаров және З.Терехова спорт шебері нормаларын орындады.
Бақ салып берген жол еліміз тәуелсіздік алған соң дойбы өнеріне қарқындап жол ашты.
2010 жылы Санкт-Петербургте өткен дойбыдан әлем біріншілігінде төрт бірдей қазақ өз жасындағы біріншілікте жеңіске жетіп әлем чемпиондары атанды. Ақтөбелік 15 жасар дойбышылар Мират Жекеев пен оралдық Алтынай Жұмагелдиевақазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпиондары, ал Ресейде тұратын қандастарымыз Жанна және Мәжит Саршаевтар (Астрахань) өз құрдастары арасында әлем чемпионы атанды. Арада бір жыл өткен соң Мират Жекеев Азия біріншілігінде чемпион болып алғаш рет қазақтан бірінші болып халықаралық гроссмейстер атағын алды. 2013 жылы тағы бір жерлесіміз ақтөбелік Ахмет Бәшімов халықаралық гроссмейстер атағына қол жеткізді. Мират пен Алтынай, Ахметтің қатары жыл санап көбеюде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Барский Ю.П., Городецкий В.Б. Сеня, Храбрик и шашки. Правила шашек. Книга для детей младшего возраста. М.: Владос,1998
2. Гришин В.Г. Малыши играют в шахматы. – М.: Просвещение,2007 3. М.Бодров, В.М. Высоцкий. Центральная партия.М. Валдос,1999
ДОЙБЫ-ЕКІ ОЙЫНШЫҒА АРНАЛҒАН
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЫН ТҮРІ
Турысбеков Айдос Канапиянович
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайы
«Шахмат және дойбы» үйірме жұмысының жетекшісі