Құрметті педагогтар және ата-аналар!
«Абырой» ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығының 2-параграфына сүйене отырып жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы «Қазақстан тарихы» пәнінен республикалық «Тарих ата» олимпиадасына қатысуға шақырады.
«Абырой» ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің №KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеті:
- оқу орындары білім алушыларының арасында Қазақстан тарихы пәнін кеңінен насихаттау,
- оқушылардың Қазақстан тарихы пәнінен білімін арттыру,
- олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
- Қазақстан тарихы пәнінің мәртебесін көтеру және дарынды оқушыларды анықтау,
- пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру,
- дарынды балалардың оқу мотивациясын арттыру,
- ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты дамыту,
- өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру,
- ізденушілік және өз бетінше білім алу әрекеттерін дамыту.
Олимпиадаға қатысу тәртібі
Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Қатысу ерікті және барлық оқушыларға ашық.
Әрбір қатысушы бір ғана сынып деңгейінде және бір мәрте қатыса алады. Қайтадан қатысуға рұқсат етілмейді.
Олимпиада шарты
Қатысушы көрсетілген сілтеме арқылы сайттағы формаға өтіп, қатысушы жайында толық ақпаратты толтырып, олимпиадаға қатысу жарнасын жүктеп, 25 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына 40 минут көлемінде жауап беруі тиіс.
Олимпиадаға қатысу сілтемесі: https://abyroi.art/tarih-ata
Олимпиадаға тапсырмалар 14.10.2025 күні сағат 20:00 дейін қабылданады.
Олимпиадаға қатысу жарнасы
- Білім алушылар үшін 750 теңге (жеті жүз елу теңге)
Қатысушыларды бағалау
Қатысушылардың жұмысы арнайы бекітілген критерийлер бойынша бағаланады.
Әр дұрыс жауап үшін қатысушылар бір ұпай алады.
Олимпиада жеңімпаздары бас жүлде, бірінші, екінші және үшінші орындар бойынша анықталады.
Қатысушыларды марапаттау төмендегі номинациялар бойынша жүзеге асырылады:
- Бас жүлде дипломы – бас жүлде – 25 дұрыс жауап;
- І дәрежелі диплом – бірінші орын – 22-24 дұрыс жауап;
- ІІ дәрежелі диплом – екінші орын – 19-21 дұрыс жауап;
- ІІІ дәрежелі диплом – үшінші орын – 14-18 дұрыс жауап;
- Алғыс хат – 1-13 дұрыс жауап;
Марапаттау және қорытынды
Барлық конкурсанттар қатысушы сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен, орын ала алмаған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталады.
Барлық қатысушылардың ата – аналарына алғыс хаттар табысталады.
Конкурс жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиадаға 3 оқушы қатыстырған жетекшілер Алғыс хатпен марапатталады.
Олимпиадаға 10 оқушы қатыстырған жетекшілерге Құрмет грамотасы беріледі.
Реквизит:
- Kaspi қосымшасы арқылы төлем жасау (Платежи – Образование – Доп. образование – Абырой білім порталы)
- Kaspi QR немесе сілтеме арқылы төлем жасау. Сілтеме: https://abyroi.art/kaspi
- HomeBank мобилді қосымшасы арқылы аудару (Переводы – Перевод по номеру –
8 777 123 23 13)
Конкурс қорытындысы 21.10.2025 күні www.abyroi.art сайтында, Instagram, WhatsApp және
Telegram әлеуметтік желі парақшасында жарияланады.
Қосымша ақпарат
Анықтама телефондары: 8-777-123-23-13
E-mail: alga@abyroi.art
Сайт: www.abyroi.art
Instagram: @abyroi.art
WhatsApp канал: https://abyroi.art/whatsapp
Telegram: https://t.me/abyroi_edu
Жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00.
Демалыс күндер: сенбі, жексенбі.