Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда ДИАЛОГТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
Олимпиада нәтижесі
«Мағжан оқулары» байқауы нәтижесі — 25.11.2025
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Қараша-Желтоқсан 2025)
Байқау ережесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Абайтану олимпиадасы — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Мақала > ДИАЛОГТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ
Мақала

ДИАЛОГТІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

        Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі заман талабы.

        Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол балаға өзін-өзі өзектілендіруге, өзін толықтыруға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Рене Декарттың трактатында: «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек – ең құнды еңбек» деп көрсетілген. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығарып, оқу үрдісіне еңгізу. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде т.б мемлекеттерде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.

Ұлы неміс педагогы А. А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген.

        Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Сонда ғана жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

        Ғылым мен техниканың шарықтай дамып, адамзат баласы ғаламдану үрдісі жөніндегі пікірлерін ортаға салып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін пайдаланып жүрген тұста білім беру жүйесі де осы өзгерістерге сай жаңашылдық пен әлемдік білім кеңістігіндегі соны ізденістерге сай сабақ жүргізудің уақыт міндеттеп отырған талап екенін айқын сезінуде. Ал бұл міндеттерді жүзеге асыру – өз ісінің шебері болумен қатар өз мамандығын сүйіп, адал да аппақ жүрекпен қоғамға қызмет етуді мақсат тұтқан ұстаздың ғана еншісінде.

        Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін яғни білімді меңгерту мен меңгеру, машық дағдыны қалыптастыру,ізденіске баулу,шығармашылық пен талапты ұштап, дамытуды қажет еткен мақсат-міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы.

        Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаның жан-жақты жетілдірілуінде таным баспалдақтарына жетелер дағды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау мұғалім мақсатының бастау көздері.

        Біздің елімізде қазіргі кезде білім берудің жаңа үлгісі қалыптасуда. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі – оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысу.

        Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.

        Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылддай алатын, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Осы орайда күнделікті қазақ тілі мен әдебиетін оқыту  барысында

Қазіргі заман талабына сай білім ордаларында, оқушыларға тиімді сабақ барысын ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу — менің басты мақсатым. Сондықтан педагогтік біліктілігімді  Кембридж бағдарламасын меңгеру арқылы арттырдым. Бұл бағдарламаның басты мақсаты — мұғалімдерді оқушылардың өз бетімен ізденіп, білім алып, өзін-өзі реттеп, диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеп, елімізге өз үлесін қосатын ұлт перзентін қалыптастыру. Бағдарламадағы жеті модульдер оқушының білім сапасының артуына аса тиімді екенін түсіндім.  Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог — ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диологты оқыту арқылы білім беру үдерісін технологияландыру-білім мазмұнының жаңару ресурсы, адамдардың  бір бірімен қарым-қатынасқа түсу қабілетімен Мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы ойлауды дамыту, өзіндік пікірлерін дәлелдеуге бағыттауы оқытудың маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.Кез келген ортада ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні үшін тиімділігі    Кретивті жаңа идеялар ұсынылады,  жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытады.

Дәстүрлі сабақтардағы мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда  жұпқа берілген  тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы  сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас  жасады. Барлық  сабақтарымда диалогтық оқыту көрініс тауып жатыр. Алдағы уақытта оқушыларды ашық сұрақтар, құнды пікірлер, идеялар айтуға дағдыландырып, болашақта қиналмауына себепші боламын. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық, aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi, иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм. Мұндa шығaрмaшылық нeгiзгe құрылғaн тaпсырмa бiрнeшe шaғын тaпcырмaлaрғa бөлiндi. Жұмыcтың бұл түрi бaрлық oқyшылaрдың бeлсeндiлiкпен ic-әрeкeттe бoлуынa жaғдaй тyғызды. 

           Сабақтарымда жаңа әдіс тәсілдерді қолданып, топтастырып, қалыптастырушы бағалау түрлерін қолданып, ашық сұрақтар қоюға дағдыландырып оқушылардың қызығушылығын ояттым.

Адамдарды басқа тірі тіршілік иелерінен ерекшелеп тұратын да осы – адамдардың сөйлеу қабілеті, бір-бірімен қарым-қатынасы, бір-бірінің ойын түсінуі. Диалогтық сөйлеу екі немесе бірнеше адамның арасында  өтетін болғандықтан түрлі жағдайларға, түрлі көңіл-күй мен әңгімелесу барысында өрбуі мүмкін. Диалогтың жүргізілу   барысында  оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі.

Диалогтық сөйлеудің амал-тәсілдері оқушыларды сөйлеуге, өзара пікір алмасуға бағыттайды. Әрбір диалогтық оқыту технологиясы сөйлеу жағдаяттарын туғызып, оқушылардың ауызекі сөйлеуіне, пікірлесуіне әсер етеді. Диалог барысында оқушылар сонымен қатар мұғалімдерде келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында  да анықтай алады.

«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» әлеуметтік-сыңдарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Оқушыларды сабақтарда диалог арқылы оқытсақ, олар өз ойларын еркін жеткізуге, көпшілік ортада  өздерін еркін ұстап, өз пікірлерін шешен тілімен жеткізуге үйренеді. Мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлайды. Балалар өз құрбыларымен және мұғалімімен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады, әрі қорғайды. Ойы шыңдалады. Оқушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін, құрбыластарының пікірлерін тыңдап, саралап қажеттісін алуға үйренеді, яғни диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. Біз диалог әдісін сұрақ қою арқылы іске асатынын білеміз. Сұрақ дұрыс, нақты қойылғанда ғана сабақ берудің тиімді құралына айналады. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Біздер оқып үйреніп жатқан бағдарлама бойынша топтастырып оқыту мен диалогтық оқыту тәсілдеріне ерекше маңыз берілуде.

Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.

  Диалогтық оқыту оқушылардың ойлана жауап беруіне, білімін арттыруға, қызығушылығын оятуға үлкен септігін тигізетіні  байқалды. Бірақ сұраққа жауап бергенде тек жаттанды турде айтуына жол бермей мән мағынасын түсінуге уйрету ұстаздың басты жұмысы. Балаға сұрақты қарапайым түрде қойып, өткен сабақтағы  тапсырмаларды естеріне салып отыру, оны ортада талқылап, мысал келтіру аркылы жеткізіп  отыруды үнемі назарда ұстау керек. Осылайша сұрақ жауап  әдісі  бойынша  өткен сабақтан тек үлгерімі жоғары оқушы ғана емес, үлгерімі төмен оқушының да сабаққа   қатысып отыруына,  қызығушылығының арттыруына алып келді. Диалог барысында оқушылар пікір алмасу арқылы, ойлау қабілеттерін білімдерін дамыта алады. Топтасып, жұптасып әдістері бойынша  өтілген сабақтардан барлық оқушылардың  ашыла, көріне бастағанын байқайсын. Сондықтан да  әр баланын үлгеріміне қарай оларды мақтап отырып, еркін сөйлеуге уйрету, әр бір өткен сабақты терең түсінгендеріне көз жеткізу ұстаздың  міндеті.

Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы кезінде,олар тек дайын жауапты ғана қажет ететін «жабық» сұрақтар қоюмен шектеледі. «Ашық» сұрақтар қойған кезде өздерінің жауаптарының дұрыс, не дұрыс еместігі жөнінде көбірек ойланып, сенімсіздік танытады өз ойларын ашық айтудан мүдірген сәттері де кездеседі.  

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жұптасып, топтасып жұмыс  жасауда, бір-бірін тыңдап, ынта-жігермен талқылап  бір  қорытынды шешімге келуді  үйренеді.

Ал қазір болса жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылардың  өздеріне ой тастап, проблемалық  сұрақтар қоя отырып, қызығушылығын ояту арқылы, топтық жұмыста өздері ізденіп,  жауабын тауып дәлелдеп шығуына ықпал ету арқылы, жаңа сабаққа  мақсат қоямыз.

Диалогтік оқытудың тағы да бір маңызы рөлдік ойындар кезінде көрінді. Рөлдік ойындарда балалардың өз көзқарасын қалыптастыруға, ойлауға, пікір алмасуғы ықпал етеді екен. Выготскийдің, Мерсер мен Литлон өздерінің ғылыми зерттеуі барысында диалогтік оқыту оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім деңгейі жоғарылайтынын, балалар бір-бірімен бірлесе жұмыс істесе, олардың ойлау қабілеті, білім сапасы, конгнетивті дамуына өз әсерін тигізетінін анықтаған. Ал Мерсер сыныптағы талқылауда диалогтік әңгіменің үш түрін зерттеген.

Сыныптағы диалогтік  әңгімені  дамытуда  әңгімелесудің үш түрі  сабақ өткізуде  өзара тығыз байланыста болды. Көптеген  талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық  түсіну  мен білім беруге  қол  жеткізу аясындағы  табысты талқылауларда  әңгімелесудің зерттеушілік  түрі басымдыққа  ие  болады.\МАН 40-бет\. Осылайша зерттеушілік әңгіме барысында топара болып жарысып, бір-бірінің ойларын талқылап, өзара баға берумен  сабақ қорытындыланды.

Олар: пікірталастық әңгіме, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Осы аталған әңгіменің ішіндегі ең маңыздысы, яғни оқушының сыни тұрғысынан ойлануына оң ықпалын тигізетіні зерттеушілік әңгімесі болып саналатынын ерекше атап өткен.

Осындай сценарий бойынша оқушылар  бір-бірін  тыңдап, өз жауаптарын талдады. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың  дәлелдері  пікір  алмасудың  нәтижесі болып  шығады. Алайда,  бұл әңгіме олар  үшін  қалыптағы  дүние  емес, сол  себепті де  мұғалімдер  бірігіп  істеген  жұмыстың  құндылығын  түсінулеріне  көмектесудің нәтижесі. \МАН 41-бет\ Сондықтанда сабақ жоспарлауда оқушылардың қабілеттеріне, ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет  екен. Оқушының дамуы үшін  белсенді іс әрекеті болуы  керек Нәтижесінде бір бірінің пікірін тыңдап сабақты кең көлемде түсінуге жол ашылады деп ойлаймын. Және де бес жолды өлең құрастыруда оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілеті қалыптасты. Оқушылардың топта диалогті құра отырып сөзге шешендігі, өзін-өзі реттеп ұстай білуі, флипчартқа салынған суреттер мен жазбаларын айтып жеткізулері өте жақсы. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында топта диалогты орната отырып венн диаграммалар мен сөзжұмбақтарды шешу, кез-келген проблемалық сұрақтарды шешу, талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализдеп, синтездеп келесі топтардың жауаптарын бағалай алуы балаларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, жүйелі білім алуға жетелейді.

Мерсер  сипаттағандай, пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай аламыз. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Сабақта жиі көрініс табатын әңгімелесудің үш түрі(әңгіме-дебат,  кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме) екеніне көзіміз жетті.

Оқушылардың  сөйлеу тілдерін дамыту үшін диалогты оқу арқылы сабақ үдерісін түрлендіру, өзара қарым –қатынасқа түсіре отырып, белсенділігін дамыту  керегін дәл айта аламыз. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында диалогты оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану, оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамитынын бақыладық.  Диалогтік оқытуды жүйелі пайдалану барысында оқушы  бойында мынандай қабілеттер қалыптасады:

  • әңгімеге белсенді тартылуы,
  • тақырып түсіну көмегі болуы.

Білім сапасын арттыруда осы қабілеттер қажет екеніне көзім жетті. Зерттеуші талқылау барысында «сен не ойлайсың?», өз пікірін негіздейтін «…сондықтан, мен осылай ойлаймын» сөз тіркестерін қолдана отырып, топтық диалогтарға түсе алды. Әлеуметтік ортада осы сөз тіркестерін пайдаланып, әңгімеге түсу үшін, сабақта жиі қолдананады. Сабақ барысында оқушының жеке басының құлшынысы ең алдымен жеке тұлғаның күрделі құрылымының танымдық- шығармашылық компоненттерінің  өміршеңдігі анықталды.

Нәтижесінде мынандай міндеттер орындалды:

Көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншіліктері артуы;

Образға кіру, бар жан тебіренісімен оқуға машықтану;

Әлем балалар әдебиетімен танысу;

Көркем шығармаларды оқуда эмоциялық- эстетикалық қабілеттері дамуы  

Оқылған шығарма жайында түсінік қалыптаса отырып,өзіне деген сенімі артуы;

Қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген  қызығушылықты  зерттеу барысында мынандай

дағды игеруге болатынына көзім жетті.

Оқушылардың дұрыс, жылдам оқуы;

Әдеби көркемдегіш құралдарды қолдана білуі;

Кейіпкерлердің іс- әрекетінің себептерін анықтай алуы;

Ақпаратты өз бетімен іздеуге ынталануы;

Тіл дамытуға қойылатын  талаптар қандай?

Әрбір оқушы мәдениетті сөйлеу,қарым-қатынас жасау үшін нені меңгеру керек деген сұрақ туады.

  1. Сөз мазмұнды болуға тиіс (сөйлемдегі  сөздердің мағынасын толық түсіну керек).

а) Сөз арқылы жаңа ұғымдар қабылдау (белсенді ойлау қызметі арқылы жүргізіледі).

  • Сөз жүйелі болу қажет (негізгі айтылытын сөзге назар аудару).
  • Сөз нақты, анық болу керек (сөз, сөз тіркестеріне көңіл бөлу)
  • Сөз мәнерлі болу қажет (сезімге әсер ету).
  • Сөз түсінікті болу қажет (айтылытын ойды дәл жеткізу).

Мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап технологияларды  жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әртүрлі  тіл дамыту жұмысын жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады деп ойлаймын.

        Қорыта айтарым,оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады\МАН 43-бет\. Осы  нәтижелерді  қорыта  келе мектеп  тәжірибесінде  сабақты  жоспарлауда  нені  ескеруіміз  қажет:

А. Сабақты  оқушылардың  қажеттіліктеріне  қарай  жоспарлау;

Ә. Мұғалімдерге арналған  нұсқаулыққа  сүйене  отырып  жоспарлау;

Б.  Ынтымақтастық  атмосферасын құра отырып жоспарлау;

В. Белсенділігі мен қызығушылығын   арттыруға  жағдай  жасай отырып жоспарлау;

Г. Оқушылардың  ой-пікірлерімен  келісе  отырып, оны  дәлелдеуге мүмкіндік беру;

Д. Рефлексия, кері байланысты  үнемі қолдану;

Е. Бағалаудың  түрлі  әдістерін  қолданып  отырып жоспарлау.

        Осы  жағдайларды  ескере  отырып  оқушылардың  өз бетінше ізденуіне, сабаққа  деген қызығушылығын  арттыруға, өзіндік ой-пікірін өмірмен  байланыстыруға, басқа  адамдардың  пікіріне  сыни  көзбен  қарауға,  адами   қарым-қатынас  жасай білуді  үйретуде,   білімді, жігерлі, саналы, парасатты  Қазақстан  азаматтарын  тәрбиелеу  болып   табылады. Өз ойларымды қорыта келе, диологтық оқыту жүйесін сабақта қолданғанда оқушылардың ой – пікірлерін білуге, олардың көзқарастарының алуан түрлілігі мен өзара ынтымақтасуға әкелетініне сөзсіз сенемін. Сұрақ қоя отырып, оқушылар бір-бірімен түрлі ой алмаса отырып, білімдерін тереңдете алуға мүмкіндік алады. Сабақтардың мазмұнды, сапалы  өткізілуіне  барлық күш-жігерді, білімді, біліктілікті болашақ ұрпақ үшін жұмсау ол барлық педагогтың міндеті деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық 105-109 б.  www.cpm.kz
  2. Айтбенбетова А.Қ. Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама. — А.,2007.

3 . Имангалиева Г.С.Типология диалога (на мат. казахского и русского языков. -Алматы,1999. — С.17.

4. Абдыкаримова  Д.Б. Типология реплик казахского и русского диалогов. А.,1999;. 

5.  Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап  репликаның қызметі. -А., 2006.

6.  «Ақындық өнер» (оқу жұмысының бағдарламасы).- Алматы.- 2010.

Жанбырбаева К.И.

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Түрген ауылы, Ломоносов атындағы ОМ

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [34.49 KB]

Басқа мақалалар

ОҚУ МАҚСАТЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ҚАДАМДАРЫ

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС –КҮРДЕЛІ, ӘРІ НӘТИЖЕЛІ

Белсенді оқытуда кейстерді дайындау және оларды қолдану

Жасанды интеллект-орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мен меңгертудегі заманауи құрал

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 23.01.2025
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Келесі материал Қысқа мерзімді жоспарСабақтың тақырыбы: Ұлы дала ұлағаттары
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
«Қазақ тілі» пәнінен республикалық олимпиада нәтижесі — 01.12.2025
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?