Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда «Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында сабақ жоспары
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 31.03.2026
Байқау нәтижесі
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Байқау ережесі
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Сабақ жоспары > «Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында сабақ жоспары
Сабақ жоспары

«Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет» тақырыбында сабақ жоспары

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Мұғалiм: Абуева Райса Турлыбековна

Мектеп: Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

Сабақ №10

Тақырып: Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: үлкендерді сыйлау,әдепті болу, қамқор болу

Сынып :  2        Оқушылар саны: 19

Сабақ мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығын негізге ала отыра, оқушылардың бойында сыйластық, құрмет, адамгершілік қасиеттері туралы түсінік беру.Міндеттері:1. Оқушыларға үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты түсіндіру.2. Оқушылардың бойында сыйластық қарым-қатынас жасау іскерлігін  дамыту.3. Оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге  қамқор болуға тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)АКТ мүмкіндігі, оқулық, дәптер,суреттер,А3қағазы, маркер, тақия,таяқ,құрт,ірімшік,қыз сөмкесі, кіші,үлкен ағаштың суретінің дайын үлгілері,стикерлер.
Сабақ барысы:•         Ұйымдастыру кезеңi.1.Тыныштық сәтi. Орманға саяхат.Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді  еркін, тыныштықта сезінеміз.Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен  күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық.  Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті  көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға  тағы  көз жібереміз. Келген ізімізбен,сыныпқа  қарай аяңдаймыз. Сыныпқа келіп өз орнымызға отырайық.Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз. 2.Үй тапсырмасын тексеру:№ 9 сабақ. 35-36 беттегі мәтінді оқу. Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.Өзгеге жасаған ізетің —Өзіңе жасаған құрметің. Халық даналығы3.1.Дәйексөзді оқу.3.2. Дәйексөзді  дәптерге жатқа жазу.3.3. Дәйексөздің мағынасын ашу, қалай түсінесіңдер? 
4. Әңгімелеу  Рақмет ата!            Авторы: М.Төрежанов.Баламның амандығын біліп, немеремді иіскеп қайтайын деп үйден шықтым. Мен өтетін жолдың қиылысында төрт-бес жасар шамасындағы қыз тұрды.Қасына келіп:– Бұл жерде неғып тұрсың? – дедім.– Сізді күтіп тұрмын. Үлкен кісінің алдын кесіп өтуге болмайды ғой.– Ой, айналып кетейін, көп жаса! Атың кім?-Гүлнар.– Кімнің баласысың?– Әжемнің баласымын.Немереме алып шыққан құрт, ірімшігім бар болатын.Соларды Гүлнарға бердім.– Үйде кішкентай Сая бар. Соған беремін. Рақмет, ата! – деп жүзіме қуана қарады. Кіп-кішкентай Гүлнардың тәрбиелі, тәртіптілігіне риза болып қоштастым.Сұрақтар:1. Мәтінде кімдер туралы айтылған?2. Гүлнардың бойынан қандай қасиеттерді аңғаруға болады?3. «Үлкенге –құрмет, кішіге – ізет» дегенді қалай түсінесің?4. Өз достарыңа, туыстарыңа және жақын адамдарыңа қандай құрмет көрсетесің? 
5.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.5.1.Топқа бөлу: ата,әже,ана мен әке суреттерінің қиындылары бойынша бөлінеді.5.2. Ата тобы: Ассосация-Үлкендерге қай кездерде көмек бере аламыз.Әже тобы: Коллаж-Сурет қиындыларын жапсырмалай отыра Кімді? Не үшін?      құрметтеу керек екендігін баяндап беру.Әке мен ана тобы: Сахналау-Рақмет ата!5.3.Әр топ жұмыстарын қорғайды.5.4. Ойын — жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау:— Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет ағашы», ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.Рахмет! Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын. 
6.Үй тапсырмасы.  «Отбасы» тақырыбына сурет салу.№11-сабақ:Қандай жағдайларда кешірім жасаймыз.  Дәптерге 3 мысал жазып келу. 
7.Топпен ән айту    Ата – ананы тыңдаймыз.     Сөзі мен әнін жазған:Б.Бейсенова    1.Айтқан таңда тыңдаймызӘке мен ананыңЕңбек етіп шыңдаймызБілім мен сананы ҚайырмасыБіз бақытты баламызАйтқан тілді аламызАман  болсын әке мен анамыз  2 рет 2.Мейірім мен шапағатАнашымнан тарайдыӘділдік пен парасатӘкешімнен арайлыҚайырмасыБіз бақытты баламызАйтқан тілді аламызАман  болсын әке мен анамыз  2 рет  
•         Соңғы тыныштық сәтi.(Ақырын баяу әуен қосып қою керек)Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.    

Басқа мақалалар

Қысқа мерзімі  сабақ жоспары        Қазақ  әдебиеті

Қысқа мерзімді жоспарСабақтың тақырыбы: Ұлы дала ұлағаттары

Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Альдегидтер

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 14.08.2024
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау
Келесі материал Төменгі сөре 60 метрге жүгіру және эстафеталық жүгіру
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 31.03.2026
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?