Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
Ұстаздарға
  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала
Оқушыларға & Студенттерге
  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Назарда ШӘКӘРІМ ШЫҢЫ
Бөлісу
Хабарлама Толығырақ
Соңғы қосылғандар
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 31.03.2026
Байқау нәтижесі
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Байқау нәтижесі
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
Байқау ережесі
Абайтану олимпиадасы — Қаңтар-Ақпан 2026
Байқау ережесі
«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 26.12.2025
Байқау нәтижесі
Aa
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
Aa
  • Басты бет
  • Олимпиада
  • Байқау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
Іздеу
  • Басты бет
  • Олимпиада
    • Олимпиада ережесі
    • Олимпиада нәтижесі
    • «Тарих ата» — Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада
  • Байқау
    • Байқау ережесі
    • Байқау нәтижесі
    • Мақатаев оқулары — жұмыс жолдау
  • Мақала
  • Сабақ жоспары
  • Байланыс
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ
  • Біз туралы
  • Сертификат алу
  • Сайттың ескі нұсқасы
  • Жарнама орнату
© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған.
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы > Сабақ жоспары > ШӘКӘРІМ ШЫҢЫ
Сабақ жоспары

ШӘКӘРІМ ШЫҢЫ

Abyroi.ART
Abyroi.ART
Бөлісу
Бөлісу

Пән оқытушысы: Сулейменова А.З.

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сілтеме: күнтізбелік- тақырыптық жоспар,«Қазақ әдебиеті» оқу- әдістемелік құралы.

Сабақтың ұраны: «Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс»                                                                       

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Проблеманы шешу

         Студенттердің Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін жинақтай отырып, ойларын дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім өлеңдерінің  үндестігін тануда студенттерді өзіндік ой қорытуға бағыттау.

Ә) Ақпараттық- талдау

         Студенттердің ақпарат көздері, әртүрлі оқыту технологиялары арқылы  білімдерін жетілдіру. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.Көркем әдеби  шығармаларын оқуға баулу.

Б) Коммуникативтік- тәрбиелік

Студенттердің сұрақ-жауап арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, патриоттыққа, ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға,  өз  бойларына асыл қасиеттерді  сіңіре  білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сипаттағы интербелсенді сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Модульдік оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу,  жеке жұмыс әдіс-тәсілдерін қолдану әңгіме сұхбат, түсіндірмелік, өзіндік жұмыс.

Пәннің интеграциялық мүмкіндігі: Қазақстан тарихы, Әдебиет, Философия, Тіл білімі, Психология

Оқыту құралдары: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, Activ-тақта (интербелсенді тақта), POWER POINT  бағдарламасы негізінде презентациялық слайдтар, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ақуал:

Амандасу, аудиторияның тазалығын тексеру, студенттерді түгендеу.

Студенттерді сабаққа дайындау есебінде  психологиялық ақуал тудыру. «Оның есесіне мен…» тренингін  жүргізу. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар қағаздар  таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

  • Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .
  • Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. .
  • Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
  • Мен шет елдерде болған жоқпын, оның есесіне …. .
  • Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ….. .
  • Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… .
  • Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. .

2.1. Шәкәрім Құдайбердіұлы жайында бейнеролик (5мин)

Бейнероликтен көргендерін талдау. Ақын жайында өздерінің білімдерімен бөлісу.

Оқытушы сөзі: Ендеше, қазақ халқының рухани, мәдени, әдеби өмірінде өзіндік із қалдырған асыл тұлға, сөз өнерінің өрен жүйрігі, даналық ойдың дара зергері, әмбебап талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.

    Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ…өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың  «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де ,ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар. Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.

Ол айтқан ақыл-кеңес, қозғаған мәселелер, жазып кеткен сан алуан салиқалы туындылары бүгінгі күн талабымен оп-оңай үндесіп, бір арнаға тоғыса қалды. Ендеше, ел боламыз десек Ш.Құдайбердіұлы қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек. Олай болса,  бүгінгі «Шәкәрім шыңы» атты сабағымызды бастайық.  

Оқытушы сөзі:

Кел,жастар,біз бір түрлі жол табалық ,

Арам айла,зорлықсыз мал табалық .

Өшпес өмір,таусылмас мал берерлік ,

Бір білімді данышпан жан табалық.

— Тәуелсіз еліміздін дамуы ушін мәдени-рухани жетістіктерді келешек ұрпаққа қалдырудын үлесі зор. Халықтың даналық мұрасы сақтаудың негізі – тәрбиеде. Өскелең ұрпақтың туған тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, сөз мәйегін ұғындырып, рухани құндылықтарымыздың  құмарлығын арттыруда Шәкәрім шығармаларының  маңызы зор.  Қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы  меңгеру сабағы  3 бөлімнен тұрады. 

2.2.Бірінші бөлім  «Ой қозғау». Шәкәрім кім? деген сұраққа жауап аламыз.
2.3. Екінші бөлім «Сіздер білесіздер ме?».Шәкәрім шығармалары жайлы ақпараттық  мағлұматтармен жұмыс жасау.
2.4. Үшінші бөлім.  «Шәкәрім шыңы» яғни деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау.

Бағалау парақшасын беру.

Бірінші бөлім  «Ой қозғау». Шәкәрім кім?

Бүгінгі жаңа білім беру сабағын  модульдік оқыту технологиясының Кіріспе бөлімі негізінде «Визуалдық лекция» әдісімен жүргіземіз. Яғни тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде сызба, сұлба, суреттер арқылы түсіндіріледі.

Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы,терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді.

(«Визуалдық лекция» әдісін қолдану)

ШӘКӘРІМ
Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі
Ірі ағартушы
Озық ойлы демократ
Терең ойшыл
Қоғам қайраткері
Абайға ең жақын адам
тарихшы
ақын
философ
Еңсесі биік ерекше тұлға

Екінші бөлім «Сіздер білесіздер ме?». (Шығармашылығы)         

 «Сіздер білесіздер ме?» Ақын шығармашылығында Адам – Қоғам – Дін мәселелері ең өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер оның поэзиясының дүниетанымдық және идеялық күретамырлары болып табылады. Ақын мақсаты адамды жөңдеу, қоғамды түзету және Жаратушыны тану. Осы құндылықтарды поэзиялық сипаттау, талдау, түсіндіру, уағыздау арқылы ақын қазақ халқына дұрыс өмір сүруді үйретуге ұмтылады. Ақын поэзиясының осындай терең тақырыптық, идеялық маңызы оның бүгінгі күн үшін, қазіргі халық үшін қажеттілігін анықтайды.
(экранға ақынның шығармалар топтамасы шығады)

Өлең атауыЖылдарыТақырыбы
«Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!»1877жЖастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға,содан уйренуге шақырады. Жастардың болашағы.
«Жастық туралы»1879жАдамның өмір жасын жыр етеді
«Кәрілік туралы»1879жӨмірлік кезеңдерді жырлау
«Өмір»1877жБоямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алынады.  
«Сәнқойлар»1879жБоямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алынады.
«Ызақорлар»1879жБоямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алынады.
«Құмарлық»1877жБоямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алынады.
«Жолама қулар маңайға»1879жБоямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алынады.
“Насихат”1879жБілімді болуға насихаттайды.

 “Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!” өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға,содан уйренуге шақырса,”Жастық туралы”,”Кәрілік туралы” өлеңдері  Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. “Өмір”,”Сәнқойлар”,”Ызақорлар”,”Құмарлық”,”Жолама қулар маңайға”,”Адамдық борышың”сияқты дидактикалық өлең-жырларында   боямалы ажарды,жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

         Болашақтың кілті білімде екенін жақсы түсінген ақын “Насихат”деген өлеңінде білім алуды,білімді болуды насихаттайды,даналық тұжырым жасайды.

Шәкәрім эпикалық жанрда көлемді шығармалар жазған. Олардың қатарына  ақынның “Қалқаман-Мамыр”, ”Еңлік-Кебек”, ”Ләйлі-Мәжнүн” дастандары жатады.

Шәкәрім айтады:

Өмірдің басы — бала, ортасы — адам,

Қартайып шал болған соң кетті шамаң.

Мақтап жүрген өмірің осы болса,

Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тәмәм.

(Студенттер ақын өлеңдерін оқиды).

Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасы 15 ән, 2 күй, 8 әуенмен орындалатын  4 эпикалық шығармадан құралады.

     Шәкәрім әндерін алғаш нотаға түсірген голландық Альвин Бимбоэс.«Музыкалық этнография» жинағына Шәкәрім Құдайбердиевтің орыс тілінде 2 әні жарық көрді. Затаеевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек – бата» деген атпен енген.

     1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағына «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,«Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Сұраған жанға сәлем айт», «Сен ғылымға ынтық болсаң», «Байғазы» әндері бар. Шәкәрімнің әншілік мұрасын жиналып зерттелуіне көп еңбек сіңірген өз баласы Ахат Құдайбердиев еді.

Шәкәрім –сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды. Бұл ақынның керемет өзгешелігі, талант дәрежесінің биіктігі.
         «Анадан алғаш туғанда» әнінде адам өмірінің бар болмысын айқындап, қысқа ғұмырдағы пендешіліктің бет-болмысын әшкерелей отырып, кісілікке, парасаттылыққа шақырады. 
 (Ақынның «Анадан алғаш туғанда»әні)   

ІІ. Жаңа білім беру сабағын бекіту.

Үшінші бөлім.  «Шәкәрім шыңы» яғни деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау. (Деңгейлік тапсырмалар орындау  1, 2, 3, – деңгейде беріледі. 1 – деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 2 деңгейдегі тапсырма сәл күрделі. Ал 3 – деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын студенттер орындайды. Әрине, барлық студенттер 3 – деңгейді түгел орындап шығады деген артық. 1 – 2 деңгейді түгел жуық орындайды да, озат оқитындар алға кетеді)
І- ДЕҢГЕЙ . Білімнің минималдық шегі.

Сыни сұрақтар. Драйверлік тапсырма. (Иә, жоқ жауаптарын беру)

  • Шәкәрім- аудармашы, философ болған.  Ол А.С.Пушкиннің «Дубовский» шығармасын аударған. (Иә)
  • Шәкәрім Құдайбердіұлы ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет өкілі. (Жоқ)
  • Шәкәрім эпикалық жанрда көлемді шығармалар жазған. Олардың қатарына  ақынның “Қалқаман-Мамыр”, ”Еңлік-Кебек”, ”Қамар сұлу” дастандары жатады. (Жоқ)
  • Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктері 1858 ж. (Иә)
  • Шәкәрім тарихпен де айналысады. « Меккенің де, Мединенің де тарихтарын ақтардым», — дейді өзі. Бұл саладағы басты еңбегі – «Шежіре» (Иә)
  • Менi арбайтын сен емес,

 Көнетiн саған мен емес.

Ақылың сенiң – маған тұл,

      Дертiмдi жазар ем емес. Бұл өлең жолдары Абай Құнанбайұлының «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» өлеңінен алынған. (Жоқ)

  • Композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының  әндері «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,«Жиырма үш жасымда», «Жылым – қой, жұлдызым – июль», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де» (Иә)

ІІ- ДЕҢГЕЙ. Алгоритмдік саты. «Суреттер сөйлейді»

1.Бай мен кедей

Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың,

Ел билеп, топ бастаған көсем болдың.                                                                                                           

 Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын,

Бір адам қандай болсын десең, болдың.

Немене, қор да болдың, кем де болдың,

Малсыз кедей кімменен тең де болдың?

Екеуінің бірін ал өзің таңдап,

Түбінде мен не болдым, сен не болдың?

2.Бостандық таңы атты

Бостандық таңы атты, қазағым, көріңдер,

Арға ие басшының соңынан еріңдер.

Таң артынан хақиқат күн шығады,

Еріншек, жалқаулық әдеттен безіңдер.

3. Жастық туралы

Гауhардай көзі,                                    
Бұлбұлдай сөзі,
Жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі майдай,
Өзгеден артық сол жері.
Дариядай ақыл мол еді,

Жан ғашығым сол еді.

4. Жастарға

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,

Арам айла, зорлықсыз мал табалық.

Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік

Бір білімді данышпан жан табалық.

5. Баяғыда жас бала едiң сен‚

Ойың бұзылмаған, көңiл!                            

Перiштеден таза едiң сен‚

Қиянат қылмаған көңiл!


ІІІ- ДЕҢГЕЙ. Шығармашылық сатысы.        

« Мен таныған Шәкәрім» ( шағын ой толғау). Бұл деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілетті студенттерге арналған. Мұнда студенттердің сөздік қоры, ой ұшқырлығы бағаланады.

ІІІ. Қорытынды. Тәрбиелік мәнін шығару:

Ұлы Абай әйгілі «Ескендір» поэмасын «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» деген жолмен бастағаны белгілі. Біз бүгінгі сабағымыздың қортындысында осынау өлең жолын «Біз осы Шәкәрімді білеміз бе?» деп, сәл – пәл өзгерте қолдансақ… Білсек, кім деп білеміз? Бүгінгі сабақтан не алдық?

ІҮ. Үйге тапсырма:

Деңгейлік тапсырмаларды аяқтау.  Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы туралы оқу. «Еңлік -Кебек» поэмасының мазмұны.

Ү. Бағалау

Алдын-ала бағалаушы қойып отырған бағаларын  қою  арқылы сабаққа қатысқан белсенді студенттерді тиісті бағасымен бағалау.

№Студенттердің аты- жөніСабаққа қатысу «2»Сұраққа жауап беруі   «2»І бөлім «10»ІІ бөлім «10»ІІІ бөлім «20»Қорытынды «6»Жалпы ұпай    Баға
1         
2         
3         
4         
5         

45-50- «5» (өте жақсы)

35-44- «4» (жақсы)

25-34- «3» (қанағаттанарлық)

25- тен төмен- «2» (өте нашар)

Оқытушы сөзі:

Иә, Шәкәрім, ең алдымен, ақын. Ақын болғанда да, XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі тұлғалы ақын. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.

« Адам үшін – еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қалап ал,
Мұрам сол, жастар,бергенім!»  деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.  Сіздерге бейбітке толы күндерімізде кездескенше демекпіз. Сау болыңыздар!

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.Шәкәрімтану мәселелері. 2 том. Алматы. 2007 жыл.
2. «Ш. Құдайбердиев» (методикалық нұсқау). Алматы. 1989 жыл.
3. Ж. Ахметова. « Шәкәрім және фольклор»
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. № 5- 6.1998жыл. 87 – 93 бет.

4. Ағылшын тіліндегі сөздік

Сулейменова Алия Зейнулгабденовна
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы

«Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәннің оқытушысы

Загрузчик Загрузка…
Логотип EAD Слишком долго?

Перезагрузка Перезагрузить документ
| Открыть Открыть в новой вкладке

Жүктеп алу [317.76 KB]

Басқа мақалалар

Қысқа мерзімі  сабақ жоспары        Қазақ  әдебиеті

Қысқа мерзімді жоспарСабақтың тақырыбы: Ұлы дала ұлағаттары

Органикалық қосылыстар жөнінде түсінік

Альдегидтер

Жаңалықтарға жазылу

"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған шаралардан алғаш хабардар болу үшін жазылыңыз.
Республикалық ұстаздар мен оқушыларға арналған байқаулар туралы ақпаратты және науқандарды жіберіп алмас үшін жазылып қойыңыз.
Abyroi.ART 11.04.2023
Материалмен бөлісу
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Вконтакте Telegram Сілтемені көшіру Басып шығару
Автор Abyroi.ART
Парақшалар
"Абырой" білім порталы / Ұстаздар мен оқушыларға арналған республикалық байқау "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы / Ұстаздарға арналған журналға материал жариялау
Алдыңғы материал ВЛИЯНИЕ ГОТОВЫХ ПОСТРОЕК, ИХ ИЗОБРАЖЕНИЙ НА СТРОИТЕЛЬНУЮ ИГРУ
Келесі материал Collaboration of AlmaU and ASU universities-use of new teaching innovation
banner
Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиада
5-11 сынып оқушыларын 2025-2026 оқу жылының қыркүйек-қазан айларындағы Қазақ тілі пәнінен республикалық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

Біз әлеуметтік желідеміз

5.6k Оқырман Жазылу
680 Members Жазылу
- Жарнама -
Ad imageAd image

Соңғы материалдар

«Мақатаев оқулары» байқауы нәтижесі — 31.03.2026
«Абайтану» олимпиадасы нәтижесі — 26.02.2026
Мақатаев оқулары республикалық конкурсы (Ақпан-Наурыз 2026)
banner
Республикалық байқау
"Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық оқушылар мен ұстаздарға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.
Толығырақ

“Абырой” ғылыми-әдістемелік журналы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 лицензиялық куәлігімен тіркелген

Ұстаздарға

  • Республикалық байқау
  • Ашық сабақ
  • Сабақ жоспары
  • Тәрбие сағаты
  • Сценарий
  • Сабақ презентациясы
  • Ғылыми жоба
  • Мақала

Оқушы мен студенттерге

  • Республикалық байқау
  • Реферат
  • Шығарма
  • Эссе
  • Курстық жұмыс
  • Дипломдық жұмыс

Жаңалықтарға жазылу

Жаңа байқаулардан алғаш хабардар болу үшін жазылу

Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

© 2022 "Абырой" ғылыми-әдістемелік журналы. Барлық құқығы қорғалған. Сайттан көшірілген материалдарға міндетті түрде кері сілтеме қойылуы тиіс.

Оқу тізімінен жойылды

Болдырмау
Welcome Back!

Sign in to your account

Lost your password?